• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Абай тойы: Қос туындының тұсауы кесілді

Абай тойы: Қос туындының тұсауы кесілді

08.08.2025
- Әдебиет әлемі
Оқу уақыты: ~ 2 минут
A A
Жайна Тұрарбек

Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Семей қаласындағы «Ес-аймақ» рухани орталығында ерекше рухани кеш өтті. Бұл күні халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Асқар Алтайдың «Абай жолы» энциклопедиясының және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, қаламгер Бағашар Тұрсынбайұлының «Абай Құнанбайұлы кім?» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Қос туынды ұлы ақын Абайдың рухани әлемін тереңнен тануға, оның мұрасына жаңаша көзқараспен үңілуге мүмкіндік беретін құнды еңбектер. Энциклопедиялық және танымдық сипаттағы бұл кітаптар әдебиетсүйер қауымға арналған маңызды рухани олжа. Іс-шараға қоғам және әдебиет қайраткерлері қатысты. Атап айтқанда, Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжанов, профессор, филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетов, ақын Асылан Тілеген, жазушы, документалист Қанат Тілеухан кештің құрметті қонақтары қатарынан табылды.

Кештің модераторы – филология ғылымдарының докторы, ақын Бауыржан Жақып болды. Ол Абай мұрасын насихаттаудағы осындай еңбектердің маңызына тоқталып, авторларға жылы лебізін білдірді. Бұл тұсаукесер ұлы Абайдың шығармашылығына арналған іс-шаралардың жарқын жалғасы ғана емес, сонымен қатар ұлт руханиятына қосылған сүбелі үлес болды. Тұсаукесерде облыс әкімі аппаратының басшысының орынбасары Ербол Алшынбай аймақ басшысы Берік Уәлидің құттықтауын жеткізді.

«Әлем әдебиетінің тарихында көркем шығармаға арналған танымдық энциклопедия некен-саяқ. Ал біздің ұлттық әдебиетімізде мұндай энциклопедия тұңғыш рет болып отыр. Сондықтан бұл абайтанудың жаңа кезеңінің бастауы деп сенеміз. Абайдың мол мұрасы, ғибратты ғұмырнамасы және рухани қазынасын өскелең ұрпақ санасына сіңірудегі маңызды еңбек», делінген құттықтау хатта.

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Дүйсенәлі Әлімақын. Кафка соты қалай аяқталды?

Келесі жазба

Нұрбек Нұржанұлы. Қашқан көлеңке

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Дүйсенәлі Әлімақын. Кафка соты қалай аяқталды?

Келесі жазба

Нұрбек Нұржанұлы. Қашқан көлеңке

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Нұрбек Нұржанұлы. Қашқан көлеңке
Проза

Нұрбек Нұржанұлы. Қашқан көлеңке

08.08.2025
Абай тойы: Қос туындының тұсауы кесілді
Әдебиет әлемі

Абай тойы: Қос туындының тұсауы кесілді

08.08.2025
Дүйсенәлі Әлімақын. Кафка соты қалай аяқталды?
Әдебиет әлемі

Дүйсенәлі Әлімақын. Кафка соты қалай аяқталды?

05.08.2025
Келесі жазба
Нұрбек Нұржанұлы. Қашқан көлеңке

Нұрбек Нұржанұлы. Қашқан көлеңке

«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы