• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
  • Дайджест
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
  • Дайджест
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Абайдың жұмбағы» не үшін жазылды?

«Абайдың жұмбағы» не үшін жазылды?

29.05.2025
- Әдебиет әлемі, Көзқарас
Оқу уақыты: ~ 6 минут
A A
Рамазан Тоқтаров
Рамазан Тоқтаров

– Мен ұлы Абай туралы роман жазып бітірдім…

– Сен не, жүрек жұтқансың ба? Әуезовтен кейін қалай батып барасың оған?..

(Ауызекі әңгімеден)

Ақиқатпен арсыз ғана таласады, көкірек көзің жетіп тұрған нәрсеге бір сөзбен жауап беру де қиын екен. Хақтығы – бұл киелі ойымды жүзеге асыруға мен өмір бойы әзірленіп, соңғы он бес-жиырма жыл ішінде тынымсыз ізденумен болдым. Бұған дейін жазып келген бар шығармамда (жиыны – тоғыз роман) сол іздену іздері, Абай тілінің өрнегі мен оның өлеңдерінен үзінділер үнемі орын алып келді. Естімесем де үні, дауысы құлағымнан, көрмесем де бет-ажары көз алдымнан кетпей тұрып алатын еді. Қазақта «түйе жүріп өткен жерден жылқы, жылқы жүріп өткен жерден қой өтеді» деген сөз бар, яғни әр түліктің өзінің сүйіп жейтін шөбі, пешенесіне жазған арнайы несібесі болғаны. Мұхтар Әуезов – біздің ұғымымызда ғұламалығына қоса, жазушы деген жалпы түсініктен анағұрлым биігірек тұрған тұлға. Оның өзінен Абай дәстүрінің жалғасын, дариялар тоғысын көрдік. Сонысымен де әр сөзінде, тағылымында судай тұнық өмір сәулесі, ғибрат көзi мөлдір қағады.

Бірақ уақыт, заман бір орнында тұрмайды. Осыдан бір ғасыр бұрынғы түгіл, артта қалған жарты ғұмыр тірлігіңнің бедері көмескі тарта бастамай ма? Ұйқысынан жаңа оянған марғау қазақ даласында Ибраһим Құнанбайұлындай теңдесі жоқ кемеңгердің дүниеге келуі кездейсоқтық па, әлде заңдылық па? Табиғат сүтін сан ғасыр бойы арда емiп, бұлықсып ерке өскен қазақ халқы ноқталы басына ауыздықты темір жүген түсіп, басқа-көзге ұрса да тырп етпей көне беретін құлдыққа мойынсұнып қалды. Адам тағдыры мен тіршілік-болмыс тағдыры шешілерде ол еріксіз Тәңір назарына ілігеді. Сол тұста тарих сахнасына жаужүрек Спартактар, ел қамын жеген Едігелер шығады. Бұлар халық қаһармандары болса, олардың соңын ала аузын ашса дүр шашылатын ірі дарын иелері дүниеге келеді. Ұлы Данте, Рабле, Шекспир, Мольер, Жәлелиден Ұрыми, Сервантес, Стендаль, Гюго – баршасы ұлт тағдырының алдында «болу немесе бордай тозу» мәселесі кесе-көлденең тұрған кезде жасанып шығып отырған. Біздің қазақ топырағында Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау сықылды біртуар ақылгөйлер де ол кезеңде жапанда төбелерімен көк тіреп өтті.

Қазақ халқы XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейге бодан болып екіайырық жол үстінде тұрғанда, дәл іргеден атылған Везувий жаңартауы құсап қарағайға қарсы біткен бұтақ Кенесары шықты. Оның жанқиярлық ісінде халық қасіреті, күресуге дәрменсіздіктің ішке түскен шер-шемені тұр еді. Ел бастайтын көмесі мен сөз бастайтын шешеніне «не бүге, не шіге» деген сындарлы уақыт тап келді. Екінің бірі. Халық үшін тусаң – ол жолда ғазиз басың құрбан, алдыңнан күні бұрын қазулы ор шығады. Қара басыңды күйттесең, арамнан жиналатын мол олжаға килігесің. Бұл екі жолдың алғашқысын ойланбастан таңдаған жалғыз жампоз ер – Кенесары Қасымұлы. Көпке жалғыз өзі топырақ шашты. Ол тегін кетуі керек пе еді? Тегін кеткен жоқ. Кемеңгерлік, даналық бар замандарда ат тізесінен қан кешкен, ерлері өлімге бас тіккен зор құрбандықтардан соң түзіледі.

Енді қараңыз: жарық дүниеге Абай келген күні Сарыарқадан зар илеп Кенесары ауып бара жатты. Уақыт толғағы мен ана толғағы маң далаға бір күнде, бір сәтте қатар келгендей. Дала толғағы тап бүйірден қысып, Кенесарыға Алатау бөктерінде ажал сағатын соқтырса, ана толғағы әлемге Абайдай хас дананы әкелді. Кенесары мен Абай — бір қасиеттің екі басы. Ұлт тағдырын кескілескен айқаста құрбандық айқындаса, тіршілік майданында жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ мейірбандық шешеді. Құрбандық туын Кенесарыдай етіп көтерген ер, мейірбандық мүсінін Абайдай етіп сомдаған дана қазақта бұрын-соңды болған емес. Ұлы Мұхаң, Мұхтар Әуезов мұны ескермесе, Абайға барар ұзақ жолының алғашқы қадамын «Хан Кенеден» бастар ма еді? Одан соң зар-заман әлегі оны: «Бір басқа бір көз де жетеді» деген тар қалыпқа салып, Абайдың жеке-дара өзін ғана көрсетуге еріксіз мәжбүр етті.

Енді әңгімемізді сәл таратыңқырап айтайық.

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында ақын өмір сүрген дәуір мен оның айналасына, сөз жоқ, күн көзіндей күшті жарық түсірді. Ол жарық сәуленің қуаты әлі талай ғасыр белесінен асып, үздіксіз шұғыла шашып тұрары хақ. Бірақ «елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан» деген сөз бар, енді қайта айналып келмейтін Абайдың қатпары мол дәуірі санада ол роман бойынша өзгермей сақталғанымен, Абайдың өзі заман озған сайын сан түрге еніп, әр жайда құбылып көрініп, көп сөздеріне уақыт ыңғайымен басқа түсініктер енеді. Кейінгі бір әулетке оның өз айналасымен ғана алысып, надандық үшін күні-түні зарланып, күңіреніп өткені тым жайдақ, әсіреқызыл қабылдануы да ғажап емес. Өмірде нақты жасап өткен сан-саралы үнді Абайдай дана түгіл, ұлы суреткер Сервантес қаламынан жаралған әдеби кейіпкер Дон Кихоттың өзі әр ғасырда жаңа бейнемен шалынып, түрлі-түрлі өзгерістерге түсіп келе жатыр. Сервантес өз заманындағы жастарға қисық тәрбие беретін рыцарълық романдарды күлкі еткісі келсе, бүгінгі оқушы оның жындықиял қаһарманының кіршіксіз таза жанына көбірек бас иеді. Идеология өзгергенде оның құбыжық көріністері өзінің шын бетпердесін ашып, даналық айнасына мезгілінен бұрын қарамық дақтар түсіріп жататыны да болады. Маркстік-лениндік «измдер» тұсында оған тырнақ көлеміндей кір жолатып, мін келтірдік пе? Оны шамамызша ақыл-санамен парасаттап, сезімге, шынайы құдайшылыққа мүлде жол бермедік. Данышпан Абай:

«Ақылмен ойлап білген сөз,

Бойына жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырды қуалар», –

деп осыған дейін алдын ала ескертіп, ойландырып кеткен секілді.

«Жалғыз ағаш орман емес» деп жатады, Абай өз заманынан басы асып туса да жалғыз ба еді? Дүниежүзінде әдебиет пен мәдениет күрт өркендеген, босағасы алтын, сергек ғасырда жасады. Бірге жүрмесе де, кіндігі бірге жаралған Шоқанды, Достоевскийді көрді ол. Көрмеген күнде ықпалын, бойына жұғысты әсерін сезінді. Екі оқу жүйесін (Омбының Кадет корпусы мен Мәскеудің әскери училищесін) бітірген Халилолла да ол үшін таусылмас кеннің көзі, ағып жатқан қазына-бұлақ еді. Абай өмір сүрген дәуірге Гете, Бальзак, Стендаль, Флобер, Шиллер, Пушкин, Лермонтов, Толстой, Тургенев, Некрасов, Салтыков-Щедрин, Белинский, Добролюбов, Чехов – баршасы бір табан жақын тұрды. Өкпесі солармен бірге тыныстады. Бәйгеге қосылған осы үздік топтың қай-қайсысымен болсын Абай мәреге үзеңгі қағыстырып, кейде мойны озық шығып, алға түсіп кетіп те отырды.

Рамазан Тоқтаров
Рамазан Тоқтаров

Ирландық Джеймс Джойс «Улисс» атты қиын оқылатын көлемді еңбегінде Еуропа мәдениетінің панорамалық мүсінін жасауға күш салып бағады. Роман оқиғасы небәрі бір тәулік ішінде өтсе де, оған сонау Гомердің «Одиссеясынан» бастап, өзіне дейінгі бүкіл зиялы тірлік, саналы тағдыр жүйесінің бәрі еніп кеткен. Абай туралы жазылған бұл роман-хамсаға, негізінен, ақын жасап өткен алпыс жылға жуық ғұмыр бойына сыятын басты-басты оқиғалар, интеллект тынысы арқау болды. Оның әр бөлімі – «Толғақ», «Жұлдыз құрбандық», «Қызғаныш», «Хақиқат мекені», «Нұрсипат» деп аталып, олардың жеке-жеке кітап хақында дербес қабылдануы көзделді.

Идея ауада өмір сүреді. Ендеше, Абай қырда отырып сол ауамен еркін тыныстап өтті. Романда, мүмкіндігіне қарай, оның осы заман кислородына толы зор көкірегін көрсету керек болды. Іліктесі әлгілер болғанда, өз айналасында қатарласы, тұстасы әйгілі Саққұлақ шешен, полковник Мұса Шорманов, майталман күйші Тәттімбет, Шоқанның әкесі Шыңғыс сұлтан, медресе ұстаған Ахмет-Риза хазірет, данагөй Мәшһүр Жүсіп, тікелей ұстазы Михаэлис, зиялы пікірлестері Долгополов пен Северин Гросс, оқымысты, ақын туысы Шәкерім, дарынды шәкірт інілері Көкбай, Әріп, балалары Ақылбай, Әбіш, Мағауия, Кәкітай мен Әубәкір ақын, өзін өмірінің соңында күтіп-баққан сүйікті келіні Кәмәш, бұларға жалғас ізгі тілеулі Әлімхан, Айтқазы мен Әлихан Бөкейханов бітімдес замандастары, ғұлама оқығандар тобы бас құрайды. Әуезовтің даңғыл зердесінде бұлардың бәрі сайрап тұрғанымен, олардың бейнесін толық шығару былай тұрсын, есімдерінің өзін қаламына іліктірді ме?

Орыс патшаларының ішінде қазақ қауымының тіршілігіне жауыздықпен араласқан екі Николай болды. Оның аяғы 1916 жылғы зобалаңға, қалың аштық пен жаппай үркініс-босқынға ұласқаны тарихтан аян. Абайды қара жүректі қайғылы еткен жайлар осылар емей, ел ішінің дау-шары ғана емес қой. Кеңестік идеология оның жауын жалғыз Оразбай, досын жарлы-жақыбай, кедей табы етуді құп көрді. Абай «қалың елі, қазағын» өйтіп алаламаған. Бір кереметі – Абай өмірінің соңында өзіне қастық ойлаған жауларының барлығын досы етіп кеткен. Абайға бала кезінде жолықтырған бір Дулат ақын үшін абзал қаламгер қаншалық қанқұсты жапа шегіп еді?

Екінші түбегейлі сөз ететін мәселе: Әуезовтен кейін Абай туралы роман жазу қажет пе? Оның нұрсипатты тұлғасын қайтадан жасауға әрекеттеніп көру артық етпей ме? Мұхаң қолдан, ойдан екінші Абайды тудырған жоқ (ол мүмкін де емес), Абайдың әрі салса дәуірін, бері салса бір қабат өмірін көркемдікпен шебер бейнелеп берді. Бірақ Абайдың поэтикасының қуатты көзі, өзінің жұмбақтығы «толық ашылып-шешілді» деп ешкім де тұжырып айта алмас. Бір Абайда сан кісінің саралы өмірі тұр. Абайдың не бергені – біздің қолымызда. Өзінің өмірден не алғаны, қалай алғаны жұмбақ. Ол жұрт көрмегенді көрді, жұрт сезбегенді сезінді. Қалай көрді, қалай сезінді, түсінік-түйсігі қай дәрежеде қалыптасты? Не нәрселерге көбірек әсерленді? Абайдың достығы, мейірбанды жүрегі, махаббаты, сүйініш-күйініші – бәрі өзгеше. Жасығанда, жаны күйзелгенде ғана өлең жазады.

Хош, Абайдың өз басы жөнінде талас-пікір жоқ. Аты-жөндері кезінде аталмай қалған немесе тоталитарлық саясат желеуімен бұрмаланған, өмірде болған адамдардың обал-сауабы кімге жүктеледі? Дүниеде Бальзак туралы (Шекспирді айтпағанда) 200 роман жарық көрген екен. Біздің өзіміздің қолымызға Стефан Цвейгтің, Андре Моруа мен Натан Рыбактың тайқардай үш бірдей көркем туындысы тиді. Жарайды, ол Еуропа қаламгерлерінің еркелігі дейік, бізге де алтын шыққан жерді белден қазу терістік етер ме еді? Абай – жекеленген таланттың емес, ғасырлардың, мәңгіліктің меншігі. Әр дәуір, заман талабы оның ғарышты кезген өз уақытының мерейі үстем Абайын сомдай береріне шүбә келтіріп болмас.

Ең соңында, маған ұлы Абайдың өмірі мен заманына өз көзіммен үңілуге тұңғыш түрткі болған – Буниннің осыдан отыз үш жыл бұрын тоғыз томдығына еніп қайта жарық көрген «Толстойдың арылуы» («Освобождение Толстого») атты көлемді туындысы еді. Буниннің өзі ол кітабын Алдановтың «Толстойдың жұмбағы» атты пәлсапалық сыни еңбегімен айтыса отырып жазады. Алданов Толстойдың қаламынан шыққан бар сөзінің тура мағынасына, Бунин астарына көбірек зер салады. Абай да Толстой құсап бүкіл өмірін бойындағы пендешілігінен арылуға жұмсаған. Толстой өлімді көп жазса, Абай да оны өлеңіне жиі арқау етті. Ол алтын басты Кенесарының ғана емес, бақыр басты Қодардың да пешенесіне жазған қанды драмаға сол тұстағы әлеумет тағдырының тікелей қатысы барын бек жақсы түсінді. Осы түсінік Абайдың бойынан бұрын-соңды еш ақында болмаған поэтикалық жаңа қуат көзін ашты. Сол арқылы болашақ ұрпаққа өз даналығының пәлсапалық түйінін, ғасырдан-ғасырға ауысқан Абай жұмбағын ұсынды.

Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы»

роман-хамсасының кіріспесінен

Дайындаған: Фархад Қайратұлы

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Жақсылық Сәмитұлының 7 томдық жинағы жарыққа шықты

Келесі жазба

Қосшыдағы рухани орда: Жаңа кітапхананың ерекшелігі қандай?

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Жақсылық Сәмитұлының 7 томдық жинағы жарыққа шықты

Келесі жазба

Қосшыдағы рухани орда: Жаңа кітапхананың ерекшелігі қандай?

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Лев Толстой. «Күнә жасамау – мүмкін емес»
Әдебиет әлемі

Лев Толстой. «Күнә жасамау – мүмкін емес»

17.06.2025
Әйел жанының құпиясы
Проза

Әйел жанының құпиясы

16.06.2025
Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»
Поэзия

11.06.2025
Келесі жазба
Қосшыдағы рухани орда: Жаңа кітапхананың ерекшелігі қандай?

Қосшыдағы рухани орда: Жаңа кітапхананың ерекшелігі қандай?

Абзал Мақаш. «Ит асырап  аламын-ау түбі мен»

Абзал Мақаш. «Ит асырап аламын-ау түбі мен»

Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»

Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»

«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы