• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Дүйсенәлі Әлімақын. Кафка соты қалай аяқталды?

05.08.2025
- Әдебиет әлемі
Оқу уақыты: ~ 3 минут
A A
Дүйсенәлі Әлімақын

2016 жылдың 7 тамызында Израиль Жоғарғы соты Кафка қолжазбаларына қатысты ұзаққа созылған сот ісін біржола аяқтады.

Жазушы қайтыс болған соң арада сан жылдар өтсе де, оның әдеби мұралары туралы дау толастамай келген еді.

Франц Кафканың көзі тірісінде жазған шығармаларының мәлім бөлігі ғана жарияланды. «Метаморфоз» 1915 жылы жарық көрді, кейін тағы бірнеше әңгімелері басылып шықты. Даңқты Кафка өз қолжазбаларын досы Макс Бродқа мұраға қалдырады. Кафка секілді, Брод та Прагадағы неміс тілді еврейлер қауымының мүшесі еді. Кафка өз шығармаларын өзі жойып жібере алмағаны белгілі. Әйтеуір белгілі себептермен өмірден өтер алдында досына өтініш айтып күнделіктерін, қолжазбаларын, хаттарын, сызбалар мен басқа да барлық заттарын өртеп жіберуді өтінеді.

Getty Images

Алайда Макс Брод досының өсиетіне құлақ аспады. Ол Кафка қолжазбаларының бір бөлігін сүйіктісі Дора Диамантқа қалдырады.

Брод Кафка шығармаларын тез арада баспаға дайындап, жариялай бастайды. Соның нәтижесінде «Процесс» романы 1925 жылы жарық көрді. Бұл кітапта қандай да бір түсініксіз қылмыс үшін айыпталған Йозеф К. атты кейіпкердің әділетсіз жүйемен күресі баяндалады. 1926 жылы «Қамал» жарық көрді. Онда да аты-жөні жоқ, түсініксіз, үстемдік жүргізетін бюрократия сипатталатын.

ХХ ғасыр адамзатқа осындай абсурдқа толы жүйелерді жаппай ұсына бастағанда, Кафканың шығармалары көпшілікке өте таныс әрі оқылымды болды. Егер Брод болмағанда, тіпті ол досының аманатына қиянат етпей Кафка қолжазбаларын өртеп жібергенде, онда біз бәлкім мына әлемді сипаттайтын тамаша шығармаларды білмей өтер ме едік.

Сонымен, Кафканың шығармаларының бір бөлігі жарияланды, ал кейбір қолжазбалары қайда кетті деген заңды сұрақ туады. Бұл жоқтың да табылар күні бар екен. Тель-Авивтегі жүздеген мысық мекендеген пәтерде, Швейцариядағы банк сейфінде немесе гестапоның қолында жатпасына кім кепіл?

Getty Images

Енді әңгіменің ауанын Макс Бродтың чемоданына бұрайық. Брод 1939 жылы нацистер Праганы басып алмай тұрып, бір түн бұрын қаладан қашып шығады. Ол чемоданға Кафканың қолжазбаларын салып, шекара жабылардан бұрын Чехиядан өтіп кетеді. Қолжазба көтерген Кафканың досы ақырында қазіргі Израиль аумағына қоныстанады.

1968 жылы Брод қайтыс боларда ол Кафканың қолжазбаларын өзінің хатшысы әрі көңілдесі Ілсе Эстер Хоффеге мұра етіп қалдырады. 2007 жылы Хоффе қайтыс болған соң, бұл жәдігер жөнінде заңдық текетірес басталды. Хоффе кейбір қолжазбаларды сатып жіберген, ал қалғанын қыздары Ева мен Рут бөліп алыпты. Ева мен Рут оларды өздерінің жеке меншігі деп санаған.

Ал Израиль Ұлттық кітапханасы бұл құжаттар мемлекеттікі деп қарсы шағым түсіреді. Осы аралықта Германиядағы Марабахтағы Әдеби мұрағат мекемесі 1988 жылы «Процесс» романының түпнұсқасын 1,98 млн долларға сатып алған болатын. Олар енді қалған мұрағатты да сатып алуға құқықымыз бар деп мәлімдеді. (Кафка шығармаларын неміс тілінде жазғандықтан, бұл негізсіз өтініш емес еді.)

2010 жылы Тель-Авив соты Хоффе отбасына қолжазбаларды каталог жасау үшін мекемеге тапсыруды бұйырды. Шын мәнінде, Ева мен Рут оларды килограмдап сатпақ болған. Олардың адвокаты Ури Цфат: «Егер келісімге келсек, Кафка қолжазбалары бүтін зат ретінде сатылады. Қаппен, тіпті килограммен сатылады. Мысалы: «Міне, бір килограмм Кафка қолжазбасы, кім көп төлейді – сол қолжазбада не жазылғанын біле де, көре де алады» деген мәлімдеме жасайды.

Израиль ұлттық кітапханасы сайтынан алынды

Осы мәлімдемеден кейін қоғамда ұлы жазушының мұрасын килограммен сату дұрыс па деген сұрақ туындайды.

Сондай-ақ, кейбіреулер Ева Тель-Авивтегі мысықтар мекендеген пәтеріне Кафканың баға жетпес қолжазбаларын жасырған деген сөз таратады. Тіпті қолжазбалардың кейбірі сол жерде екені белгілі болғанымен, Ева ешкімді пәтеріне аттап бастырмаған. Ал жазушының кейбір мұралары Тель-Авивтегі банк сейфтерінде, төрт қолжазбасы Цюрихтегі UBS банкінде сақталғаны анықталды.

1956 жылғы Суэц дағдарысы кезінде, Брод ең құнды қолжазбаларды Швейцарияға жіберген екен. 2010 жылғы сот шешімінен кейін бұл жәшіктер ашылды. Ішінде бұрын беймәлім болған әңгімелер де бар делінді, бірақ жазушының нақты қай туындысы екені ашық айтылған емес. Өйткені Ева мен Рут мазмұнын жария етпеу туралы сот шешімін қабылдатқан.

Осылай сот процесі жалғаса берді.

2015 жылы Тель-Авив аймақтық соты Макс Бродтың мұрасын Иерусалимдегі Ұлттық кітапханаға беру туралы шешім шығарды. Шешімге Бродтың өз қолымен жазған өсиеті негіз болды: ол Хоффеге қолжазбаларды өмір бойы сақтау үшін берген, бірақ өзі қайтыс болғанша оларды қоғамдық мекемеге тапсыруын талап еткен. Ол мекемелердің ішінде бірінші орында – Израиль Ұлттық кітапханасы айтылған. Осылайша, Израиль Жоғарғы соты Франц Кафканың қолжазбаларын Ұлттық кітапханаға беру туралы шешім шығарды. 2016 жылы, ақыры, бұл үлкен дауға нүкте қойылды.

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Айқын Нұрқатов. Абайдың ақындық дәстүрі

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Айқын Нұрқатов. Абайдың ақындық дәстүрі

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Дүйсенәлі Әлімақын. Кафка соты қалай аяқталды?
Әдебиет әлемі

Дүйсенәлі Әлімақын. Кафка соты қалай аяқталды?

05.08.2025
Айқын Нұрқатов. Абайдың ақындық дәстүрі
Әдебиет әлемі

Айқын Нұрқатов. Абайдың ақындық дәстүрі

04.08.2025
Ақылбек Шаяхмет. «Толстой бар, Чехов пенен Пушкин бар, Елубай жоқ, Қапан менен Серке жоқ…»
Поэзия

Ақылбек Шаяхмет. «Толстой бар, Чехов пенен Пушкин бар, Елубай жоқ, Қапан менен Серке жоқ…»

04.08.2025
«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы