• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
  • Дайджест
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
  • Дайджест
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Гузель Яхина: Тарихи роман жазу кезінде ұлттық көзқарасты ескермей кетуге болмайды

Гузель Яхина

Гузель Яхина: Тарихи роман жазу кезінде ұлттық көзқарасты ескермей кетуге болмайды

01.05.2025
- Сұхбат
Оқу уақыты: ~ 6 минут
A A

– Алғашқы романдарыңызда кеңес заманындағы қатаң тоталитарлық режимді, қуғын-сүргін мен аштық зобалаңын ашық жаздыңыз, ашық айыптадыңыз. Мұны Ресейдегі әдеби орта қалай қабылдады? Сыни көзқарас басым болды ма, әлде тарихтың ащы тұстарын әділ қабылдай алды ма?

– Менің барлық төрт романымда да авторлық позиция мейлінше айқын көрініс тапқан. Романдарым қызу талқыланды, тіпті саяси тұрғыдан да бағаланды. Олар тек әдеби қауымдастықтар ғана емес, жекелеген оқырмандар да және олардың берген бағасы қарама-қайшы шығып жатты. Біреулер менің романымнан расымен кеңестік режимді айыптауды, кеңес билігі жасаған кәмпескелеу, Сібірге айдау, аштық, қуғын-сүргінге ұшыраған Поволжье немістерінің тағдырына қатысты қылмыстарды сипаттауды көрді. Ал енді бір адамдар бұл романдарды кеңес заманындағы шынайылықты әлсіз суреттеген деп бағалады. Репрессияны беллетризациялады, репрессияны жеңіл-желпі әңгімеге айналдырды деген ойлар айтып жатты. Яғни әр алуан пікір мен көзқарасты естідім және бұл тек әдеби қауымдастықтың емес, жалпы оқырманның білдірген реакциясы.

Сонымен қатар қарама-қарсы пікірлер басқа жағдайларға да қатысты туындады, мысалы, ұлттық мәселеге байланысты. Біреу менің «Зүлейханың оянуы» атты романымды «татар әйелдерінің гимні» деп атапты. Ал енді біреу бұл татар әйелдерін қаралау, өйткені бас кейіпкер өзінің мұсылман күйеуін ұмытып кетеді және орыс жігітке ғашық болып қалады, бұл жақсы нәрсе емес депті. «Дети мои» романы Волгаға деген махабатты түсіндіру дегенді де естідім. Бұл романды «неміс халқына жасалған сыйлық» дегендер де болды. Империялық роман, колониалды роман деп баға бергендер де болды. Жалпы, айтылып жатқан пікірлер мен көзқарастар авторлық позицияға қарағанда, көбіне пікір айтып отырған адамның өз қорқынышын, өз сұрағын, өз үмітін көрсетеді. Сол себепті, пікірлердің қарама-қарсы болуы таңқаларлық емес.

– Ресейде әдеби сын қаншалықты дамыған? Романдарыңыз бірнеше әдеби жүлдені жеңіп алды және бірнеше тілге аударылды. Ал сіздің шығармаларды сынаған және сол тұжырымына объективті дәлел негіздеген сыншы болды ма?

– Меніңше, Ресейде әдеби сынның қаншалықты дамығанын Ресейдегі немесе әлемдегі әдеби процес ауқымын әлдеқайда тереңірек түсінетін маманнан сұраған дұрыс болмақ. Мен өзім сын тақырыбына терең бойламаймын. Әдеби сыншылармен де араластығым жоқ. Ал менің романдарыма келер болсақ, біршама рецензиялар жарияланды. Оның саны өте көп – мақтағаннан бастап сынағанға дейінгі аралықта. Қалай болса да мұндай пікір авторға оңынан әсер етуі тиіс деп есептеймін.

– Жалпы, әдеби кәсіби орта деген ұғым бар және оқырмандар бар. Сіз үшін қай тараптың пікірі маңыздырақ?

– Әрине, оқырман пікірі маңызды. Тіпті бұл екі нәрсені салыстыруға да келмейді. Мен оқырмандар үшін жазамын. Тиісінше, мен үшін ең құнды пікір – қарапайым адамдардың Фейсбук арқылы жолдайтын пікірлері не болмаса кездесулерде айтатын көзқарастары. Олардың кітапты өмірлерінің қандай да бір қиын кезеңде оқығанын, соның әсерімен әлденеге қызығушылығы оянғанын, кейбір ойларын қайта байыптағанын, жақын-жуықтарын еске алғанын, ата-аналарына қоңырау шалғанын білу мен үшін өте құнды, баға жетпес құрмет. Өйткені кітап оқырман үшін жазылады және ол оқырманға көмектесуі тиіс.

Мен ешқашан өзіме ауқымды міндет жүктемеймін. Пафосқа ешқашан жол бермеймін. Керісінше, кітап көмектесе алуы мүмкін кішкентай ғана психологиялық сәттердің туындауы – мен үшін айырықша маңызды. Мысалы, кішкентай сәбидің анасы кітапты оқыды және одан кейін екі-үш сағат жан тыныштығымен демалса, бұл тамаша емес пе?! Не болмаса, біреу кітапты оқиды да, одан кейін баласын айналып-толғанып, сүйіп, махаббаты еселене түссе, бұл тамаша емес пе?! Сондықтан мен оқырман бағасын, оқырман пікірін, оқырман көңіл-күйін әркез биік қоямын және солар үшін жазамын.

– Жазушы ретінде өзімді де қызықтыратын сұрақ бар, ол – көркем шығармаға материал жинау және оны жазу кезінде пайдалана білу мәселесі. Бұрынғы деректерді, оқиғаларды, естеліктерді қалай жинақтайсыз және романды жазу кезінде оларды қалай пайдаланасыз? Романды жазып шыққаннан кейін қарап, пікір айтатын эксперттеріңіз бар ма?

– Жалпы, материал жинау өте ұзаққа созылады. Бұл айлап жүретін жұмыс. Менде төрт романның төртеуі де тарихи, сондықтан жинаған материалдарымды бір емес, бірнеше рет оқимын.

Бұл процестерді бірнеше көзқарастарға бөліп қарастырған дұрыс болатын секілді. Біріншісі – жоғарыдан қарау көзқарасы. Бұл – ғалымдардың, кәсіби тарихшылардың көзқарасы. Яғни тарихи ғылыммен қатысы бар кез келген еңбек – диисертация, ғылыми мақала, ғылым жарияланымдар, тарихшылардың кітаптары, архив құжаттары. Осыларды мейлінше түгел қарап, сүзіп шығуға тырысамын. Екінші бір көзқарас бар, ол – процеске ішінен қарау. Мұнда эмоция ғана бар, ешқандай объективтілік жоқ, тек субъективті көзқарас қана бар. Бұл – бәлкім, біреудің жазып кеткен хаты, мемуары, қандай да бір суреттер мен фотографиялар, біреудің ауызша әңгімесі. Біреу роман жазады. Иә, ол беллетристика болуы мүмкін, алайда ол жерде автордың бастан кешкен оқиғасы бар, ол да қажет болады. Сол жылдарда шыққан газеттер де көп көмегін тигізеді.

Сонымен қатар оқиға болған орындарға барудың да маңызы орасан. Режиссер Сергей Эйзенштейн туралы «Эйзен» романымды жазу кезінде өзіме оның табаны тиген бүкіл мекенге барамын деген міндет жүктедім. Барған жерлері соншалықты көп те емес, алайда мейлінше алыс өлкелер де бар еді. Мысалы, Мексика. Мен Эйзенштейннің жолымен жүріп өту үшін Мексикаға бардым және ол жерде 2 апта уақыт өткіздім. Ел астанасы Мехикодан бастап Юкатан түбегіне дейін араладым. Сөйтіп, Эйзенштейн болған көптеген ел мен жерді өз көзіммен көріп қайттым. Сондықтан болар романның Мексикаға қатысты тарауын өте жеңіл, еш қиналмай жазып шықтым. Сонымен бірге, Алматы да мен үшін алыс аймақтың бірі еді. Өйткені мен Мәскеуде тұрдым. Енді романға байланысты Алматыға да сапар шегуім керек болды. Бір қызығы, мен Алматыға жәй ғана сапарлап келген жоқпын, осында көшіп келдім және романның басым бөлігін Алматыда жаздым.

Эксперттерге келсек, әрине, романыңды қарап, сырт көз болып пікір айта алатын кәсіби мамандардың болғаны өте тамаша. Алғашқы үш романымды жазу кезінде мен сондай сарапшыларды расымен іздедім. «Дети мои» романымды Саратов университетінің профессоры, неміс ұлтының өкілі – Повольже немістері тағдырын зерттеген маман оқып шықты. «Самарқандқа бағыт алған эшелон» романымды Волгоград университетінің профессоры, аштық тақырыбын жете білетін маман оқыды. Ал «Эйзен» романымды кино маманына оқытуға бердім. Эксперттер көзқарасынан бөлек, роман ішіндегі жағдаяттарға, көріністерге байланысты кәсіби маманның пікірі қажет болады. Мысалы, «Самарқандқа бағыт алған эшелонда» оқиғаның басым бөлігі пойыз ішінде өтеді. Сондықтан локомотив жұмысына қатысты детальдер көп. Мен тіпті кей тұстарында қателескен де шығармын деп қауіптендім. Соған байланысты ескі пойыздар маманын тауып, ақылдастым. Переславль-Залесский қаласында ескі теміржол транспорты музейінің директоры ескі локомотивтер бойынша маман екен, сол кісі менің романымдағы локомотив жұмысына қатысты абзацтарды оқып шығып, кеңесін берді. Сол үшін ол кісіге айырықша алғыс айтамын.

Ескермей кетуге болмайтын ұлттық көзқарас деген де бар. «Дети мои» романымның қолжазбасын Германияда тұратын, орыс тілін жақсы білетін неміс құрбыма оқуға бердім. Тиісінше немістердің көзқарасы тұрғысынан бағалауын сұрадым. Өйткені романның немістердің ұлттық сезіміне қаншалықты ауыр тиетінін, тимейтінін білу маңызды еді. Сондай-ақ «Самарқандқа бағыт алған эшелон» романын қазақ құрбыма ұсынып, оқып шығуын өтіндім. Өйткені романдағы оқиғалардың көбі қазіргі Қазақстанның аумағында өтеді. Нәтижесінде романдағы ұсақ-түйек сәттерге өзгеріс еніп, бірқатар сөйлемдер ауыстырылды.

– «Зүлейха» романын 3 жыл жазған екенсіз. 3 жылдың барлығы бірдей жазуға кетті ме, әлде деректер жинау да осы 3 жылға тиесілі ме?

– 3 жыл – романды жазу туралы шешім қабылдағаннан бастап жазып бітіргенге дейінгі уақыт.

– Сіз Москва кино мектебінде сценарлық факультетті тәмамдадыңыз. Бұл оқуға жазушылықпен кәсіби айналысу үшін мақсатты түрде түстіңіз бе, әлде расымен киносценарист болуды қаладыңыз ба?

– Жалпы, әртүрлі ойлар болды. Мен жасөспірім шағымнан киноға қатты қызықтым, алайда бұл салада жұмыс істеп көрмедім. Сол себепті, Мәскеу кино мектебіне оқуға түстім және мені бұрыннан тербеп, толқытып жүрген Зүлейха туралы романды жазғым келді. Сөйтіп, жаза бастадым, бастапқыда киносценарий ретінде жаздым да, кейін біржола роман форматына ауыстым. Өйткені кино бағыты бойынша жұмыс істегім келмеді.

– Жақында «Зүлейханы» Алматы театры сахналады. Премьераны көрдіңіз бе? Сізге ұнады ма?

– Осындай спектакльдің сахналанғаны үшін өте қуаныштымын. Әрине, көп жұмыс істелгені көрініп тұр. Өзіндік ерекшелігімен қойылды. Көптеген ойлар бар. Бірақ роман сюжетінен әлдеқайда алшақ жатыр. Актерлердің ойыны өте қатты ұнады. Әсіресе, актриса Салтанат Бақаеваның ойынына тәнті болдым. Ол өз рөлін өте терең, өте күшті алып шыға білді. Спектакльде тың шешімдер баршылық. Енді бұл қойылым осы 2 көрсетіліммен шектеліп қалмайды, өз көрерменін, өз сахнасын табады деп үміттенемін.

– Жалпы, туындыларыңыздың спектакльге айналуын қалай бағалайсыз?

– Мен мұны өте дұрыс деп қабылдаймын. Тек режиссерге айтатын жалғыз өтінішім және шартым – романдағы ойды басқа қырына ойыстырып жібермеу. Мәтіндегі басты ой, басты мағына сахналанған кезде қарама-қайшы көзқарасқа ауысып кетпеуі керек. Мысалы, «Зүлейханың оянуы» романынан жәй ғана махаббат оқиғасына құрылған қойылым жасап шығу үлкен қателік болар еді. Қалғанын режиссер өз көзқарасына, өз қиялына байланысты құра береді. Сонымен қатар Алматыда менің «Дети мои» романымның желісі бойынша «Дети Волги» атты қойылым жүріп жатыр. «Дети мои» неміс тіліне «Дети Волги» деп аударылды, сол себепті неміс театры осы атауды алыпты. Қойылым неміс тілінде жүреді. Мұнда да өзіндік шешімдер мен ерекшеліктер бар. Оларға да айырықша ризашылығымды білдіремін.

– Келешекте драматургиямен айналысу жоспарыңызда бар ма?

– Мен пьеса жаза алмаймын, сондықтан әзірге бұл салада бағымды сынап көру туралы ойланбадым. Одан да өзім жақсы білетін роман жазғанды құп көремін.

– Алматыда сізге не нәрсе ұнады? Қандай жағдайларға көңіліңіз толмай жүр?

– Мен тек жақсы жақтарын айтқым келеді. Мұнда қазақша сөйлемдерді есту, оны ішінара түсіну сондай жағымды. Өйткені қазақ және татар тілдері бір-біріне өте ұқсас. Қазақстан мен Татарстанның тілдік мәдениеті бір-біріне өте жақын. Бұл өте тамаша жағдай. Оның үстіне, Алматыға кеңес тарихының иісі сіңген деп айтар едім. Архитектурасының өзі көп нәрсені айтып тұр. Сталин кезеңіндегі үйлер бар, саяси репрессия құрбандарына арналған музейлерге де кіріп шықтым, жергілікті адамдармен сөйлесемін, оқырмандармен кездесу кезінде де кеңестік уақыттағы жағдайлар туралы кеңінен әңгімелесеміз. Көбіне кәмпескелеу, Қазақстанға жер аудару, ұжымдастыру науқандарын сөз етеміз. Бұл тақырыптармен кәсіби тұрғыда айналысып жүргендіктен осы төңіректе сөйлесу, пікір алмасу мен үшін өте маңызды.

Жайлылық сыйлайтын келесі фактор – Алматының үлкен, халықаралық деңгейдегі қала екендігі. Мұнда шетелдіктер көп, туристер ағылып жатады. Атап айтарлық төртінші фактор – Алматы еуропалық шаһар.

– Қазақ тарихы да өте астарлы, қат-қабат. Кеңестік, сталиндік режимнен аса аяусыз зардап шеккен елдің біріміз. Алдағы уақытта қазақ тарихымен, тарихи тұлғаларымен байланыстырып көркем дүние жазуыңыз мүмкін бе?

– Меніңше, бұл ретте алдын ала айту және уәде беру дұрыс емес. Жазушы тек істеген жұмысы туралы айтқаны дұрыс. Сондықтан бұл сұраққа әзірге жауап бере алмас едім.

– Бала кезіңізде, жасөспірім шағыңызда қандай жазушыларды сүйіп оқыдыңыз? Пір тұтып, айырықша құрметтеген жазушыңыз болды ма?

– Пір тұтқан жазушы жоқ шығар, бірақ бала кезімде Гогольді, Булгаковты сүйіп оқыдым.

– Әр жазушының машығы, жазу дағдысы әртүрлі. Сіз қай кезде жазасыз?

– Стандартты режим жағдайында таңертең ерте тұрып, түске дейін жұмыс істеймін. Бос уақытты әрине, отбасыма арнаймын. Театрға барамын. Күшігімді қыдыртамын. Алматыға келгелі демалыс графигіме қаланы аралау және табиғатқа шығу қосылды. Алматының айналасына саяхаттау өте керемет әсер береді, себебі қаланың және қала маңайының сұлулығы таңғалдырарлық.

– Басқа елдерді қайдам, бізде жазушылықпен табыс табу қиындау. Сіз бұл мәселені қалай шештіңіз?

– Менде мұндай қиындық алғашқы романымды жазу кезінде болды. Романды жазу және өзіңнің жұмыстарыңды бір арнаға тоғыстыра алу үлкен қиындық тудырады. Сол себепті, мен осы мәтінмен жұмыс істеу үшін жұмыстан шығып кеттім. Одан кейін тағы үш романым шықты. Бірнеше тілге аударылды. Қазіргі уақытта осы еңбектерім менің алаңсыз жұмыс істеуіме мүмкіндік береді

– Рақмет!

Сұхбаттасқан Абай Аймағамбет

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Иесіз қалған раушан гүл мен жапон жаулығы

Келесі жазба

Мирас Асан. «Ұлы Сталин кім?» деді, «Ағзам!» деді балалар…

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Иесіз қалған раушан гүл мен жапон жаулығы

Келесі жазба

Мирас Асан. «Ұлы Сталин кім?» деді, «Ағзам!» деді балалар…

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Әйел жанының құпиясы
Проза

Әйел жанының құпиясы

16.06.2025
Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»
Поэзия

11.06.2025
Абзал Мақаш. «Ит асырап  аламын-ау түбі мен»
Поэзия

Абзал Мақаш. «Ит асырап аламын-ау түбі мен»

10.06.2025
Келесі жазба
Мирас Асан. «Ұлы Сталин кім?» деді, «Ағзам!» деді балалар…

Мирас Асан. «Ұлы Сталин кім?» деді, «Ағзам!» деді балалар...

Әзиз Бейшенәлиев. Менің екі әкем жайында

Жазушы Нұрғали Ораздың оқырмандарға ұсынатын үздік 5 романы

«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы