• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жастар» театры әдеби-драматургиялық байқау жариялады

24.07.2025
- Әдебиет әлемі
Оқу уақыты: ~ 3 минут
A A
Жайна Тұрарбек

Астана қаласындағы «Жастар» театрында «Әдебиет пен театр тоғысы» тақырыбында жиын өтті. Дөңгелек үстелге қатысқан театр өкілдері, жас жазушылар мен драматургтер көркем туындылардың сахналануы төңірегіндегі мәселелерді талқыға салды.

«Жастар» театры директорының орынбасары Мақпал Мысаның айтуынша, жыл санап театрға ықыласы артып келе жатқан талғампаз көрерменге лайықты дүние ұсыну – уақыттың қатаң талабына айналып отыр.

«Бүгінде театрға деген көрерменнің ықыласы ерекше. Оның үстіне, тек Астана емес, Алматыда, басқа да қалаларға жекеменшік театрлар да көбейе бастады. Қазір Астанада Қалибек Қуанышбаев театры, «Жастар» театры, Әзірбайжан Мәмбетов театры, Қуыршақ театры, «Астана Мюзикл», Музыкалық жас көрермен театры бар. Әрқайсысы өзінше жаңалық жасап, көрерменді қызықтырып жатыр. Байқайтыным режиссер қауымы әркез тың шығарма іздеп жүреді. Жаңа авторларға зәру. «Драматургия кенжелеп қалды» деген әңгіме де бекерге айтылмаса керек. Осының бәрін таразыға тарта келе осындай отырысты ұйымдастырдық», деді Мақпал Мыса.

«Жастар» театры директорының орынбасары Ақберген Жұмабаевтың сөзінше, қазір театрлар арасында көрермен үшін үлкен күрес жүріп жатыр.

«Дәл қазірг бізді көрерменді қалай қызықтырамыз, сахнаға қандай туынды алып шығамыз, тұрақты көрерменді қалыптастыру үшін не істейміз деген сұрақтар мазалайды. Әрине, «Жастар» театрының өзіндік көрермені бар. Дегенмен сапаға келгенде алаңдайтынымыз рас. Себебі есті көрермен табу өте қиын», дейді ол.

«Алқа» әдеби клубының жетекшісі Шерхан Талап театр мен әдебиетті бір-біріне жақындатып, бітеқайнастыру үшін осындай ой-талқы форматындағы жиындарды жиі өткізіп тұру керек деген пікірде.

«Мұндай мәселелер ашық айтылып, талқылануы керек. Уақыт өте келе аясы кеңейеді деп ойлаймын. Көркем шығармаларды талдауға, талқылауға әдебиетшілерді де қатыстырған жөн болады. Мүмкін алдағы уақытта өңірлердегі көркемдік жетекшілерді де шақырып, Астанада ауқымды жиын өткізген де дұрыс болатын шығар. Осы ойларымыз аймақтарға да жетсе дейміз. Өйткені олар көп жағдайда сырт қалып жатады ғой. Сонымен қатар шығармашылық лаборатория форматында жастардың кеңесі тұрақты жұмыс істесе деген де тілегіміз бар», деді.

Жиын барысында Мақпал Мыса «Жаңа толқын – жаңа драма» атты ашық байқау жарияланатынын мәлімдеді. Үміткерлер байқауға пьеса, монодрама, проза, сахналық новелла жанрындағы туындыларын ұсына алады.

«Бұл – «Жастар» театрының ұсынып отырған байқауы. Біз шығармаларды іріктеп алғаннан кейін тек театрдың көркемдік кеңесіне ғана жүгініп қоймай, сарапшыларды да шақырамыз деп отырмыз. Солардың сынынан өткен үш шығарма сахналанады. Арнайы сыйлықтар да тағайындауымыз мүмкін. Сонымен бірге, келген туындыларды енгізіп, арнайы жинақ шығарамыз. Ол жинақ бүкіл театрларға азық болады деп ойлаймын. Авторлар да қаламақысыз қалмайды», деді.

Байқау 3 бағыт бойынша өткізіледі.

Поэтикалық драматургия (ақындарға арналған)

Тақырып: (таңдау бойынша): Күту. Уақыт. Өліара

Жанр: поэтикалық монолог, диалог, сахналық өлеңдер топтамасы

Көлемі: 1-2 бет

Шарт: жинақылық, бейнелілік, авторлық стиль

Қысқа проза (жазушылар үшін)

Тақырып: Адасу. Іздеу. Жол

Көлемі: 4-7 бет

Жанр: еркін (реализм, магиялық реализм, психологиялық проза, әлеуметтік новелла т.б)

Талап: қазіргі адамның уақыт алдындағы бейнесін, ішкі дағдарысын, үмітін не қоғаммен қарым-қатынасын ашатын қысқа проза. Әдеби көркем деңгейі жоғары, кейіпкердің ішкі дауысын сезінуге мүмкіндік беретін динамикалы проза.

Драмалық шығарма пьеса (жас драматургтерге арналған)

Тақырып: Табу. Сенім. Үміт.

Көлемі: 10-20 бет

Пішін: 1 актілі пьеса немесе сахналық диалог

Мазмұндық бағдар: Автор қазіргі қоғамдағы рухани және әлеуметтік ахуалды көркемдікпен бейнелей отырып, адамның ішкі сенімі, болашаққа үміті, адами құндылықтармен арпалысы мен қайта табысуы жайлы заманауи пьесалар ұсынады. Шығармада үміт пен сенімді жандандыратын, сахналық серпіні бар жаңа драмалық бағытта жазылған туындыларға басымдық беріледі.

Байқауға 18-45 жас аралығындағы авторлар қатыса алады. Әр қатысушы тек бір бағыт бойынша бір ғана шығарма жолдай алады. Шығармалар бұрын жарияланбаған және сахналанбаған болуы керек. Шығарма Word форматта тапсырылуы керек. Туындылар 25 қазанға дейін қабылданады. Жіберу мекенжайы: janadrama.lab@gmail.com. Байқау туралы толыққанды ақпаратты «Жастар» театрының ресми сайтынан да оқуға болады.

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Сафина Ақтай. Сүйрік

Келесі жазба

Мәңгілік қоңыр күз (Қалиханды еске алу)

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Сафина Ақтай. Сүйрік

Келесі жазба

Мәңгілік қоңыр күз (Қалиханды еске алу)

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Мәңгілік қоңыр күз  (Қалиханды еске алу)
Әдебиет әлемі

Мәңгілік қоңыр күз (Қалиханды еске алу)

26.07.2025
«Жастар» театры әдеби-драматургиялық байқау жариялады
Әдебиет әлемі

«Жастар» театры әдеби-драматургиялық байқау жариялады

24.07.2025
Сафина Ақтай. Сүйрік
Проза

Сафина Ақтай. Сүйрік

24.07.2025
Келесі жазба
Мәңгілік қоңыр күз  (Қалиханды еске алу)

Мәңгілік қоңыр күз (Қалиханды еске алу)

«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы