• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
  • Дайджест
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
  • Дайджест
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Нұрдәулет Ақыш

Нұрдәулет Ақыш

Жазушы Нұрдәулет Ақыш қандай кітаптарды оқуға кеңес береді?

27.05.2025
- Проза
Оқу уақыты: ~ 2 минут
A A
Жайна Тұрарбек

Жәлел Кеттебеков. «Түйсік»

Кітап кеңес үкіметі құлап, жекешелендіру жүріп жатқан кезеңді сипаттайды. Совхоздың малын қалай пайдалану қажеттілігін ешкім білмей жатқан тұста совхоз басшысы қойшы кісіге қойларды басқа жаққа айдап баруды тапсырады. Әңгіме желісі қойшының осы бір ұзақ сапары жайында. Жаңа кезеңнің жаңадан пайда болған жайсыз заңдары, жолдағы аш қасқырдай кездескен қарақшылар, иесіз малды иемденбек болған көлденең көк аттылар бәрі-бәрі адал қойшының осы бір сапарының салмағын ауырлата түседі. Осындай жемқорлық, тәртіпсіздік жайлаған, анархия орнаған шақта қойшының ішкі сезімі, оның шешімдері, адамдық қасиеті мен ар алдындағы айқасы суреттеледі.

Шығарма тілінде мүкістік жоқ, көркем тілмен қарапайым суреттелген. Арасында автордың өзі тапқан соны тіркестер, соны сөздер кездеседі. Бұл оқырманға психологиялық терең мән сыйлайтын, оқиғасы да шымыр қызықты хикаят. 

Нұрдәулет Ақыш. «Алтынсарин алауы»

Роман Ыбырай Алтынсаринның өмір жолын суреттейді. Оның балалық шағынан бастап, есейіп ел мен жерге алаңдап, ұлт үшін қызмет еткен уақытын көркем тілде баяндайтын тарихи роман.

Кітапта кейіпкер жайлы бұрын еш жерде айтылмаған, жазылмаған тың деректер бар. Сондықтан оқырман кітапты оқи отыра Ыбырай Алтынсаринның ел жадынан тыс қырларына қанық болады. Роман тек кейіпкер ғұмырынан ғана сырт шертпей, сол заманғы саяси өзгерістер мен тарихи оқиғаларды қатарынан өре баяндайды.

Нағашыбек Қапалбекұлы. «Күн бетінде секпіл бар»

Бұл кітаптағы әңгіме де қой айдау туралы. Повестегі  бас кейіпкер – мектепті жаңа бітірген жас бала. Жайлауға мал айдауға қасына бір жігітті ертіп жолға шығады. Бірақ жолдасы сәл жауапсыз болып, анда-мұнда шапқылап кете береді де, бала малға жалғыз ие болуға мәжбүр болады. Оқиға желісі орталықта қосылатын жаңа кейіпкерлермен толыға түседі. Жауапсыз махаббат, қызба мінездің қырсығы, тұрақтылық пен сабырдың берері сияқты өмір сабақтарына, күтпеген сюжеттік бұрылыстарға толы шығарма.

Әр кейіпкердің өзіндік болмысы өмірдің реалистік қырын аша түседі. Тосын оқиғалар, көркем суреттеу және өмірлік жағдаяттар шығарманың шырайын келтіреді.

Өмір Кәріпұлы. «Саятшы»

Әңгіме Сәкен Сейфуллиннің әкесі Сейфолла жайында. Оның саятшылық кәсібін шебер суреттеумен басталатын оқиға сол дәуірдегі қазақ даласының тұрмыс тіршілігінен толық сыр шертеді. Қыран салу өнерін ермек ете жүріп, алыстағы баласына деген сағыныш пен алаңдаушылық, қала бере басына қара бұлт үйірілген ұлтына деген жанашырлық сезімі қарапайым саятшының образын аша түседі .

Автор оқырманға ұлы Сәкен Сейфуллиннің өмір жолына емес, оның қырдағы әкесінің жай-күйі арқылы тұтас қоғамға баға бергізеді. Сол заманғы ахуалды ел басқарып жүрген бала мен тау басында ешкімге қиянаты жоқ қарт әкенің жазықсыз жапасы арқылы суреттейді. Әңгімеде оқыған адамның жүрегін елжіретерлік, терең ой қалдыратын символикалық детальдар көп кездеседі.

Сәкен Сыбанбай. «Ғаламтордағы махаббат»

Шығармада жастайынан төрт қабырғаға қамалып, теледидар алдында өскен бала туралы баяндалады. Оның мектеп бітіріп, азамат болып өссе де әлі әлжуаз, тым жуас мінезі анасын қатты алаңдатады. Ол баласының дәл осылай ержетуін өзінің тәрбие берудегі селқостығынан деп түсінеді. Бірақ бір күні анасы жұмыстан келсе, баласы жоқ. Әншейінде компьютер алдынан сүйреп шығара алмайтын баласы қайда кетуі мүмкін?

Әңгіме қазіргі қоғамдағы мәселенің бір көрінісін сипаттайды. Шығарма оқиғасын қарапайым сөздермен шебер суреттеу, кейіпкердің психикасына терең бойлау арқылы оқырманға ой тастары анық.

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Қасірет жылнамасы

Келесі жазба

Мехриддин Өтегенов. «Мен торғаймын, Қанатын суға малған, отқа малған»

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Қасірет жылнамасы

Келесі жазба

Мехриддин Өтегенов. «Мен торғаймын, Қанатын суға малған, отқа малған»

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Лев Толстой. «Күнә жасамау – мүмкін емес»
Әдебиет әлемі

Лев Толстой. «Күнә жасамау – мүмкін емес»

17.06.2025
Әйел жанының құпиясы
Проза

Әйел жанының құпиясы

16.06.2025
Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»
Поэзия

11.06.2025
Келесі жазба
Мехриддин Өтегенов. «Мен торғаймын, Қанатын суға малған, отқа малған»

Мехриддин Өтегенов. "Мен торғаймын, Қанатын суға малған, отқа малған"

«Аз и Я» кітабының жарық көргеніне 50 жыл толды

Жақсылық Сәмитұлының 7 томдық жинағы жарыққа шықты

Жақсылық Сәмитұлының 7 томдық жинағы жарыққа шықты

«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы