• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нұрғали Ораз

Жазушы Нұрғали Ораздың оқырмандарға ұсынатын үздік 5 романы

15.07.2025
- Әдебиет әлемі
Оқу уақыты: ~ 3 минут
A A
Жайна Тұрарбек

Шыңғыс Айтматов. «Боранды бекет»

Роман кеңес дәуіріндегі шалғай теміржол бекетінде қызмет ететін теміржолшы Едіге есімді кейіпкердің өмірі арқылы өрбиді. Ол – өмір бойы теміржол бойында, адам аяғы аз, иен далада адал еңбек еткен қарапайым адам. Оқиға Едігенің досы Қазанғаптың қайтыс болуынан басталады. Ол досының сүйегін ежелгі ата-бабалар дәстүрі бойынша қасиетті жер – Ана-бейітке апарып жерлемек болады. Бірақ кеңестік билік бұл дәстүрге тыйым салып, сол маңдағы әскери полигонға айналған аймаққа кіруге рұқсат бермейді.

Романда терең философиялық ойлар қамтылады. Өмірде адамзат құндылығының әлсіреуі, әкенің қазасына баланың ет жүрегінің елжіремеуі, қоғамдық сананың төменгі сатысы – рухани мәңгүрттіктің белең алуы суреттеледі. Оқырман хикаятты оқи отыра басты кейіпкердің кіршіксіз көңілін, достыққа, сертке адалдығын, ал қоғамдағы басқа адамдардың өздері сезбейтін үлкен қасіретін ұғынады. Автор шығармада рухани мәңгүрттікті, оның күнделікті өмірдегі сипаттамасын аша көрсетеді.

Шерхан Мұртаза. «Ай мен Айша»

Роман ұлтымыздың XX ғасырдағы басынан кешкен тағдыр-талайы туралы. Туынды автордың өз өмірінен сыр шертеді. Қиын заманда дүние есігін ашып, балалық шағы бұлыңғыр кезеңге тұспа-тұс келсе де, сол балаға бар мейірімін төгіп, өмірлік шамшырақ бола білген қайсар анасы жайында.

Жан жары тұтқындалғаннан кейін үш баласымен қалған Айша жоқшылықпен қоса колхоздандырудың көп құрбанының біріне айналады. Оған күш беретін қолдайтын Алла болса, сыр шертетін, мұң шағатыны –  аспандағы ай. Туындыда ана мен баланың арасындағы рухани байланыс, қоғамдағы әділетсіздік пен адамгершілік мәселелері терең қозғалады. Бұл қазақ халқының тарихындағы ауыр кезеңдерді жас баланың естеліктерімен шынайы суреттейтін, оқырманға ой салатын әсерлі дүние.

Эрих Мария Ремарк. «Қарызға алынған өмір»

Эрих Мария Ремарк. «Қарызға алынған өмір»Роман адам баласының өткінші өмірмен арпалысын, жан мен жүректің махаббат пен үмітке деген соңғы ұмтылысын терең суреттеген көркем туынды. Бас кейіпкер – кәсіби автожарысушы Клерфайт пен өкпе дертіне шалдыққан  Лилианның тағдыры суреттеледі. Екеуінің танысуы бір жағы тағдырдың берген сыйы болып көрінсе, екінші жағынан өмірдің берген үлкен сынағы деуге болады.

Санаторийдің сұрқай тіршілігінен жалыққан Лилиан шынайы өмірді аңсайды. Осындай сәтте жолықтырған жанмен  саяхаттап, өмір ләззатын сезіне бастайды. Бірақ қуаныш пен бақыттың бәрі мәңгілік емес, тағдырдың жоспары тым тереңде жатуы да мүмкін.

Шығарма – тағдырдың тәлкегімен күресіп, шынайы сезімдермен өмірді құнды еткен адамдар жайлы. Оқырман әр сәттің бағалы екенін, махаббаттың сіз қаламаған уақытта келіп, қалап тұрсаң да таптап кете баратынын түсінеді. Бұл – адам баласына өмірдің қаншалықты қымбат та қадірлі екенін түсіндіретін роман.

Сәкен Жүнісов. «Ақан сері»

Бұл – XIX ғасырдағы қазақ даласының әйгілі әнші-ақыны әрі серісі Ақан Қорамсаұлының өмір жолын көркем тілмен баяндайтын тарихи-танымдық шығарма. Роман арқылы оқырман Ақанның жеке тағдырын ғана емес, сол дәуірдегі қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, қоғамдағы өзгерістер мен рухани қайшылықтар жайлы мол мағлұмат алады. Оның сырт көзге қызық пен думанға толы ғұмыры шын мәнінде қандай трагедияларға толы екені айтылады.

Шығармада Ақан сері – тек сымбатты сері емес, өнердің шын жанашыры, еркіндікті сүйген, әділетсіздікпен күрескен тұлға ретінде суреттеледі. Өз өмірі де ән секілді еліктіріп, бірде қуантып, бірде мұңайтып отыратын аяулы жанның ғұмыр-тарихы жайлы роман.

Дулат Исабеков. «Қарғын»

Адам жүрегіндегі алапат сезімдер мен ішкі арпалыстарды тереңнен қозғайтын, нәзік психологиялық иірімдерге құрылған көркем туынды. Шығармада өмірдің өзекті мәселелері – махаббат пен ар-ұят, рухани ізденіс пен қоғамдағы жалғандық, жас адамның өмір жолын таңдаудағы күресі көркем тілмен өрнектеледі.

Романның басты кейіпкерлері – жас жазушы Жасын мен студент қыз Бағила. Екеуінің арасындағы сезім алғашқыда тұңғиық махаббатқа ұқсап көрінгенімен, уақыт өте келе сол махаббаттың көлеңкесінен күмән, сенімсіздік пен ішкі қайшылықтар бас көтереді. Жасын – шындықты айтудан қорықпайтын, әділет пен еркіндікке құштар адам. Бағила болса өмірдің ақ-қарасын енді ажыратып келе жатқан, сезімге берілген нәзік жан. Олардың арасындағы байланыс – бір-біріне деген тартылыс қана емес, екі түрлі дүниетанымның, екі түрлі өмірлік көзқарастың қақтығысы.

«Қарғын» – тек махаббат жайлы роман емес. Бұл – адамның ішкі әлемінің, рухани арпалысының, өмір жолындағы таңдау мен сын сағаттарындағы шешімдерінің көркем көрінісі. Жазушы оқырманды бір сәтке де бей-жай қалдырмай, әр сөйлеммен терең ойға жетелейді. Сонымен қатар тіршіліктегі өзімшілдік, пендешілік «саясаттарға» қарсылық танытып, ақиқат пен әділдіктің қадір-қасиетін биіктете түседі.

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Әзиз Бейшенәлиев. Менің екі әкем жайында

Келесі жазба

Бауыржан Омарұлы. Астананы аялаған ақын (қысқы элегия)

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Әзиз Бейшенәлиев. Менің екі әкем жайында

Келесі жазба

Бауыржан Омарұлы. Астананы аялаған ақын (қысқы элегия)

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Мәңгілік қоңыр күз  (Қалиханды еске алу)
Әдебиет әлемі

Мәңгілік қоңыр күз (Қалиханды еске алу)

26.07.2025
«Жастар» театры әдеби-драматургиялық байқау жариялады
Әдебиет әлемі

«Жастар» театры әдеби-драматургиялық байқау жариялады

24.07.2025
Сафина Ақтай. Сүйрік
Проза

Сафина Ақтай. Сүйрік

24.07.2025
Келесі жазба
Бауыржан Омарұлы. Астананы аялаған ақын (қысқы элегия)

Бауыржан Омарұлы. Астананы аялаған ақын (қысқы элегия)

Тынымбай Нұрмағамбетов. Ақ көңіл ұры

Тынымбай Нұрмағамбетов. Ақ көңіл ұры

«Абайдың жұмбағы» не үшін жазылды?

«Абайдың жұмбағы» не үшін жазылды?

«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы