• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
  • Дайджест
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
  • Дайджест
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Әзиз Бейшенәлиев. Менің екі әкем жайында

Сатыбалды Нарымбетов

Әзиз Бейшенәлиев. Менің екі әкем жайында

01.05.2025
- Көзқарас
Оқу уақыты: ~ 11 минут
A A
Әзиз Бейшенәлиев

Осыдан көп жыл бұрын, мен актер болуды ойламай тұрған кезде, әкемнің досы, белгілі кинорежиссер ұлттық мәдениетке (қырғыз мәдениеті емес) қатысы бар тарихи картинаға дайындығын бастаған еді және әкемді басты рөлге түсіргісі келді. Ол кісі Бішкекке келіп, асүйде отырып әкеме «Бөке, бұл образды сенен басқа ешкім алып шыға алмайды, сондықтан сен түсесің, мен солай шештім. Дайындал» дейді.

Түсірілім басталар алдында режиссердің жерлесі, танымал жергілікті актер үлкен басшылыққа хат жолдап, «Біздің еліміз үшін аса маңызды фильмге неліктен басқа елден, басқа ұлттың актері шақыртылады? Режиссер осы әрекеті арқылы біздің елімізде лайық актер жоқ дегенді айтқысы келе ме? Ұлттық мәдениетті бұлай мансұқтауға бола ма?» деп мәселе көтереді.

Хат діттеген жерге жетеді. Үлкен басшылық режиссерді кабинетіне шақырып алып, бұл фильмнің біздің мәдениетіміз туралы екенін түсіндіріп, басты рөлге басқа кандидатты таңдау керектігін айтады. Егер олай істемесең сенің орныңа басқа режиссерді қоя салу түк те қиын емес дейді. Мұндай әңгімеден соң режиссер мансап жолын тәуекелге салғысы келмей, хаттың авторын басты рөлге бекітеді. Тағы да Бішкекке келіп, тағы да сол асүйімізде отырып кешірім өтініп, жағдайды түсінуді сұрап, дәл осы фильмдегі өзге рөлді ұсынады. Әрине, әкем оған ләм деп ренішін айтқан жоқ, қанша дегенмен достар ғой. Досын қолдау үшін тіпті ұсынылып отырған қосалқы рөлге түсуге де келісті.

Әкем бұл туралы маған ешқашан айтқан емес. Тек әкем көз жұмғаннан кейін бұл оқиғаны маған оның жесірі айтып берді.

Бұл тарихты мен ешқашан жадымнан шығармадым.

2004 жылы қыркүйекте Қапшағайдың арғы жағындағы жазық далада жүріп жатқан «Көшпенділер» түсірілімінде мен абажадай көзілдірік таққан қартаң режиссермен таныстым. Ол кісі маған: «Ұлым, менің атым Сәкен Нарымбетов, мен біздің ұлы тарихи қайраткеріміз туралы фильм түсіріліміне дайындалып жүрмін. Ол туралы кеңес заманында айтуға болмайтын. Киностудиядағы «Көшпенділердің» түсіру тобының кабинетінен сенің фотографияңды кездейсоқ көріп қалдым да, міне, сонау Алматыдан өзіңмен танысу үшін арнайы келдім. Ол рөлге сені түсіремін» деді.

Менің есіме бірден әлгі оқиға түсті. Бірақ сыпайылықтан аттап кетпей «Көп рақмет, қуаныштымын» деп жауап қаттым.

«Білмеймін ағай, екеуміздің бұл әңгімеміздің түбі қайда әкеліп соғарын қайдам, егер ол расымен әйгілі тарихи қайраткер болса және соның рөлін ұсынып тұрсаңыз, онда оны сомдап шығамын деуші корифейлер сіздерде онсыз да толып жатыр емес пе. Мен деген айдаладағы біреу, мені түсірмейтініңіз бесенеден белгілі. Ал егер расымен осыны қалап тұрсаңыз (неліктен олай істегіңіз келетінін мүлде түсіне алар емеспін), онда да бәрібір істей алмайсыз. Сізге ондай мүмкіндікті беріп қойып отырмайды. Тап осындай жағдай менің әкемнің басынан өткен, ол кісі тәжірибесі толысқан, үлкен актер деңгейіне жеткен кездің өзінде осындай келеңсіздікке ұрынды. Ал оның қасында мен енді бастаған бала емеспін бе?!». Әрине, мен бұлай тіке айта алмас едім. Тәрбием бұған жібермейтін.

– Сен кинотобымен бірге Қапшағайда тұрып жатырсың ба? Алматыға, «Қазақфильмге» қашан келе аласың? Саған сценарийді берейін, оқып шық, сосын сөйлесейік, – деді Сәкен-аға.

– Осы сенбі бізде демалыс, сол күндері Алматыға барып киностудияда достарыммен кездесемін.

– Сенбі күні мен де студияда боламын. Кабинетіме кел, сөйлесеміз!

– Көп рақмет! Міндетті түрде барамын!

Бір сағаттан соң бұл әңгіменің бәрін миымнан шығарып тастадым.

Сенбі күні достарыммен «Қазақфильмнің» буфетінде (буфетті ол кезде бар деп атайтын – сенімді емеспін, бірақ солай сияқты, студияға бармағаныма да бірнеше жыл болыпты, қазір ол жерде көп нәрсе өзгеріп кетті ғой) әңгіме-дүкен құрып, котлет қосылған күріш жеп, кофе ішіп отыр едік, кенет Сәкен-аға кіріп келді:

– Ұлым! Сен осыңдасың ба? А неғып маған келмедің?

– Ой, ағай, қалайсыз? Міне, сізге өзім де барайын деп жатқанмын.

– Тамағыңды жеп ал да, кел. Мен сені күтемін.

Сөйтті де буфеттен шығып кетті. Тамағымды жеп болып, достарыммен қоштасып, кабинетіне бардым. Ол жерде темекінің көп шегілгені сонша, тіпті қабырғаға да түтін иісі әбден сіңіп қалыпты. Әрнені айтып аз тұрған соң, ол кісі маған қағазға басылған сценарийді берді. Оқып шығу үшін барға келдім. Таныстарым кетіп қалған екен, бос үстелдердің біріне жайғастым да, оқуға кірістім.

Жарты сағаттан соң, оқып бола сала асқан таңданыспен кабинетіне қарай құстай ұштым:

– Сәкен-аға, бұл рас па? Сценарийде жазылған оқиғалар – ақиқат па, әлде ойдан шығарылған ба?

– Иә, ұлым, рас. Тек бұл туралы бұрын айтуға болмайтын. Тәуелсіздік алған соң, Қазақстандағы ҰҚК архивін ақтарған соң бұл адам жайында көп деректер белгілі бола бастады. Енді ол туралы кино түсіреміз. Үкімет тапсырма беріп отыр. Сені басты рөлге алғым келеді.

Мен ол жерде де өзімнің не ойлайтыным туралы ол кісіге айта алмадым. Бірақ сценарийді оқып шыққаннан кейін, бұл рөлді ойнамайтынымды айырықша түсіндім. Оның үстіне, өзі айтып тұрғандай фильм үкімет тапсырмасымен түсірілетін болса. Іс барысы түсірілімге барып тірелгенде бұл қария маған не айтар екен? Кейін менің алдымда арлы кейпін сақтап қалуына көмектесу үшін мен ол кісіге былай деп айттым:

– Сәкен-аға, бұл қасиетті тарих! Кім ойнайтыны маңызды емес, мен бе, басқа ма, егер бұл тарихи шындық болса оны сіз қалай да түсіруіңіз керек.

– Түсіреміз ұлым, түсіреміз.

Бірер аптадан соң, «Көшпенділер» түсірілімі аяқтала салысымен мен үйге, Мәскеуге ұшып кеттім. Оның алдында Сәкен-аға маған басты кейіпкердің әйелі жазған естелік кітапты тарту етті. Мен оны кейін бірнеше рет оқып шығып, бұл адамның өмірінің ғажайыпқа толы болғаны соншалық, сценарий шегінде соның оннан бір бөлігін жазып шығудың өзі мүмкін емесін түсіндім. Тек түсінбеген бір нәрсем – неліктен бәрі бұлай болып жатыр, бұл қарияға менен не керек деген сұрақтар еді.

Жарты жылдан соң, 2005 жылы наурызда Сәкен-аға маған қоңырау шалды:

– Ұлым, біз оператормен және кастинг-директормен бірге бірер күнде Мәскеуге барамыз. Сол жерде сенің кейіпкеріңнің әйелі рөліне мәскеулік актрисаларды іздейміз, байқап көреміз. Сен сонда тұрасың ғой, көбін танисың, мүмкін кастингке қатысушыларға қатысты кеңес берерсің? Сосын бізге сенің көмегің керек, видеопроба кезінде оларды ойнату қажет болады, серік керек, көмектесе аламысың?

Міне, жарайсың дедім іштей. Жарты жыл бойы мені дайындады, сендірді, енді мен оған мәскеулік актрисаларды таңдап беру үшін көмектесуім керек екен. Оның тапқырлығы мен көрегендігіне шын жүрегіммен таңғалдым. Яғни бәрі де енді анық түсінікті болған сияқты – рөлді уәде етті, сценарийді оқытты, кітап сыйлады.

– Әрине, Сәкен-аға, – дедім мен, – Қуана-қуана көмектесемін. Өткен жолы да сізге айтып едім ғой – бұл деген аса қастерлі тарих, сондықтан сіз мұны міндетті түрде түсіруіңіз керек деп. Егер мен сол жолда аз болсын көмектесе алсам, онда тек қуанышты болар едім.

Мәскеудегі проба бірнеше күнге созылды. Әр күн сайын бірнеше кандидатты қарастырды. Орталық Азия туралы түсініктері жоқ мәскеулік қыздардың ең болмаса кадрда көздері шоқтай жайнап тұруы үшін мен әрбір түсірілімнің алдында, әрқайсысына бас кейіпкер – Мұстафа Шоқайдың ұлы һәм трагедиялық өмір тарихын айтып беріп отырдым. Шолпан Хаматова, Екатерина Гусева және Екатерина Климовамен келіссөздер жүргізілді. Хаматова және Гусевамен белгілі бір себептермен келіссөз сәтсіз болды. Ал Климова тіпті видеопробаға қатысты. Сәкен-аға әр актрисаға Хаматова туралы да, Гусева туралы да, Климова туралы да айтып берді және мені басты рөлге бекітілген актер ретінде таныстырып отырды. Онысын пробада қыздар рөлге кіре алуы үшін, мені серігі ретінде сезіне алуы үшін деп түсіндім. Шын мәнінде басты рөлге бекіту туралы мәселе көтерілген де жоқ деп білдім.

Кастингке өзім алып келген жақын дос қызым соңғы кандидаттардың бірі еді. Ол Мәскеу көркем академиялық театрынан еді және көбіне театрда ойнаған, ал кино әлемінде аты мүлде белгісіз болатын. Бәрі аяқталған күні, пробадан кейін біз екеуміз Сәкен-аға көмекшілерімен бірге тұрып жатқан Мосфильм көшесіндегі қонақүйден метроға дейін бірге серуендедік. Ол Мұстафаның өмірі туралы әңгімеден ерекше әсерленіпті. Бірақ кандидаттар тізімінде Хаматова, Гусева және Климова болса, өзінде киноға өтуге ешқандай мүмкіндік жоғын айтты. Алайда сенің сондай ірі тұлғаның рөлін ойнайтының үшін қуанып тұрмын деді.

– Юлечка, ол жерде расымен кандидаттар көп ақ, өзіңді бекітетініне қатысты күмәніңнің болуы да орынды. Бірақ маған сен, бұл жерде осы картинаға түсуге маған қарағанда сенің мүмкіндігің көбірек. Мен онда мүлде ойнамаймын, – дедім.

– Қалай ойнамайсың? Саған рөл ұнамай ма?

– Ақылыңнан ауыстың ба?! Бұл деген ойнап болған соң жатып, жәй ғана өле салатын рөл. Бұл – рөл емес, арман!

– Онда неліктен түспейсің?

– Өйткені олар басқа актерді алады. Мен оларға осында, Мәскеуде актриса таңдап беру үшін ғана керекпін. Олар актрисаның кинодағы серігін Қазақстаннан әкеліп жүрмейді ғой. Оның бәрі артық шығын емес пе?! Ал мен осындамын.

– Бірақ сен ойнайсың деп атайдың өзі айтты ғой!

– Түсінесің бе, шығысқа тән сыпайылық деген нәрсе бар. Бір нәрсені айтады, басқа нәрсені ойластырып тұрады. Бұл ойынның ережесі сондай, оны бәрі де түсінеді, қабылдайды. Мен де. Қалыпты жағдай.

– Басты рөлді ойнамайтыныңа неге соншалықты сенімді болып тұрсың?

– Себебі мен қазақ емеспін, қырғызбын. Ал Мұстафа – Қазақстанның ұлттық батыры. Жаңа идеология, тәуелсіздік, мемлекеттік тапсырыс, солай жалғасып кете береді. Атағы мен даңқы дүрілдеп тұрған актер өздерінде де вагон-вагон, тележка-тележка. Ешкім де мені бұл фильмге жақындатпайды.

– Тоқташы!

Юлька соншалықты абдырап қалды. Мосфильм бойындағы «зебраның» үстінде тоқтай салды. – Бүкіл Орта Азияны бір мемлекетке біріктіргісі келген, сендердегі барша туысқан ұлттардың бөлінбей, бірге тұруын көздеген осы сендердің Мұстафаларың ба? Мен дұрыс түсініп тұрмын ба?

– Иә, солай. Бұл революциядан кейін іле-шала болған оқиға.

– Енді қазақтар сол туралы кино түсіргісі келеді, бірақ сені рөлге алмайды, өйткені сен қазақ емессің?!

Мен айран-асыр болдым да қалдым. Орталық Азияға ешқашан табаны тиіп көрмеген, шынайы өмірімізден бейхабар сібірлік қыз біздің ахуалды дәлме-дәл сипаттап бере қойды.

– Юль, саған түсіну қиын, бірақ иә. Солай болған. Менің әкем үлкен актер еді, бірақ ол да осындай кепті киді. Ал мен тіпті де ешкім емеспін.

Үш айдан соң Сәкен-аға маған тағы хабарласты.

– Ұлым, – деді ол, – Бізде проблема туындап жатыр.

Атай дипломатиялық тәсілмен кері шегініс жасай бастады деймін – демек, жақын арада рөл туралы мәлімдеме айтылады, ренжіп қалмауым үшін мені қазірден дайындай бастауы керек. Бірақ түкті де түсінбей тұрған түр жасаймын.

– Не болып қалды? – деймін мен. Бәрін ол кісінің өзі айтқанын қалап тұрмын.

– Рөлге қырғызды алып жатқаным бәріне бірдей ұнамауы мүмкін. Әрі өзі Ресейден болса. Бірақ ештеңе етпес, күресеміз.

Сол кезде қойшы, бұл ойынды тап осы жерден аяқтай салайыншы деген ойға бекідім.

– Сәкен-аға, – деймін, – Есіңізде ме, сценарийді оқып бола сала сізге айтып едім ғой, бұл жерде кімнің ойнайтыны маңызды емес – мен бе, басқа ма, маңыздысы – сіз мұны түсіруіңіз керек деп? Мен бәрін де түсінемін және әу бастан ақ түсініп қойғанмын. Менің алдымда ыңғайсызданбаңыз, мен де бұл рөлге түсемін деп өзімді сендірген жоқпын. Бастысы – бұл фильмді түсіріңіз.

– Ештеңе етпес, – дейді ол, – Қазір біз фотопроба кезеңін бастап жатырмыз, мен рөлге кандидат бес актердің фотографиясын көркемдік кеңеске өткіздім. Сенің суретіңнің артына қазақшалап аты-жөніңнің Ғазиз Бейсенәлиев екенін жазып қойдым. Сені Өскемен театрында істейтін, көпшілікке беймәлім жас актеріміз деп айттым.

Менің күлкім келді.

– Сәкен-аға, кешіріңіз, бұл деген Полишинель құпиясы ғой. Қайдағы Өскемен театры? Менің әкем өмірінің жартысын «Қазақфильмде» өткізді. Ол жерде оны бәрі біледі. Мен де сол жерде екі жыл бойы америкалықтармен бірге «Көшпенділерге» түстім. Мені де танып қалды. Енді Бейсенәлиевпін дегенге кім сенеді? Студиядағы екі буын ұрпақ менің фамилиямды біледі, сіз кімді алдайсыз?

– Ештеңе етпейді, ұлым, біз күресеміз!

Мейлі деймін, ол кісі бәрін дипломатично аяқтауға тырысты. Жаныма жара салғысы келмеді, сол үшін де оған рақмет. Менің де осыған дайын екенімді өзі де білді ғой.

Тағы біршама уақыт өтті. Біздің кездесуімізден кейін бір жылдан соң, 2005 жылы қыркүйекте Сәкен-аға маған тағы да қоңырау шалды. Мұстафаның әйелі рөлін ойнайтын актрисаны әлі бекіте алмапты, енді осы жолы Мария Горина-Шоқай рөлі үшін ауқымды кинопроба өткізбек екен.

– Кинопробаны декорациямен, костюммен тура «Қазақфильмнің» өзінде өткізуіміз керек. Бірнеше күнге ұшып келіп, ойнап кет, – деді.

Жақсы, барайын. Өзім айттым емес пе, бұл аса қастерлі тарих, қалай болса да көмектесемін деп – ендеше көмектен аянып қалар жөнім жоқ.

Проба үшін ең қиын сахналардың бірі алынды. Онда Мария Яковлевна Мұстафаға оның отбасы әлдеқашан атылып тасталғанын хабарлайтын. Студент кезімде мастерім Виктор Александрович Вержбицкий бізге былай – персонаждардың ұсынылған мән-жайы болмайды, тек сендердің жеке ұсынылған жағдайларың ғана болады деп ұғындырушы еді. Менің қолымда «Мұстафа, сенің ағаң Нұртаза Реввоенсоветтің үштігі шешімімен атылды» деген мәтін жазылған реквизиттік телеграмма тұр. Нұртаза деген кім? Мен ол жайында не дей аламын? Ол кезде ұлым енді ғана үш жасқа толған, ол менің өмірімнің мәні, бүкіл жан-жүрегімнің дүрсілі. Осы сахнаны түсірген кезде мен телеграмманы қолыма ондағы мәтінді көрмейтіндей етіп ұстап тұрдым және мүлде басқа нәрсені ойладым: «Әзиз, сен түсірілімде жүрген кезде Сейтекті көлік қағып кетті. Сені күтпей жер қойнына тапсырдық».

Анамның кіші інісі, менің көкем, бала кездегі ең сүйікті адамым еді. Жас айырмамыз он жас ғана болатын. Ол маған әрі аға, әрі бауыр. Бүкіл балалығымды оның мойнында өткіздім – басқа телеграмманы былай «оқыдым»: «Фуркат инсульт алды, құтқара алмадық. Қырқына кел».

Біз бұл сахнаны әртүрлі актрисалармен бірге бес күн түсірдік. Бұл мен үшін сұмдық қорқынышты күндер еді. Бесінші смена басталған кезде режиссерге айттым:

– Сәкен-аға, бүгін де сіздің келесі актрисаңызға қолдау көрсетуге тырысамын. Бірақ, кешіріңіз, тек техникамен жұмыс істеуге мәжбүрмін. Төрт күн қатарынан мен бүкіл отбасымды жерлеп шықтым. Мен тап қазір өртеніп кеткен үй секілдімін – қалқайып қабырғалары көрінеді, алайда іші түгел жанып кеткен, қап-қара және үңірейіп ғана тұр. Кешіріңіз.

– Жақсы, ұлым, керек емес, бүгін серігіңе мәтінді кадр сыртынан айтып тұр, сені түсірмейміз. Осы күндер ішінде көп материалыңды түсіріп алдық. Сенің репликаңды монтаж арқылы солардың ішінен суырып аламыз.

Мен Мәскеуге құлазып қайттым. Сосын шешім қабылдадым – болды, жетер осы. Барынша көмектестім. Әрі қарай өзі көрсін. Кино киносымен, бірақ адамдарда ұят деген де болуы керек қой.

Апта өткен соң Сәкен-аға маған тағы да қоңыраулатты. Бұл уақытта мендегі сыпайылықтан да түк қалмаған еді.

– Не, – деймін мен, – Тағы да проба ма? Бұл туралы не ойлайтыным хақында бәрін де айтып тастамақшымын.

– Жоқ, – деп жауап береді ол, – Ұлым, біз бәрінен өттік, түсірілімді бір аптадан соң бастаймыз.

– Ендеше құттықтаймын, сіз бұл үшін ұзақ уақыт еңбек еттіңіз.

– Сондықтан қәне, дайын бол, бес күннен соң тағы да ұшып келесің!

– Түсінбедім. Неге? Сіз бүкіл пробаны аяқтап қойған жоқсыз ба?

– Негесі несі? Мен саған айтып тұрған жоқпын ба – түсірілімді бастаймыз, сен түсесің!

Сценарийде менің жасыма, типажыма кімнің сәйкес келетінін едел-жедел ойлана бастадым. Мұстафаның айналасындағы бүкіл персонажды есіме түсіріп шықтым. Жоқ, ешбірі де сай келіп тұрған жоқ. Әрине, эпизодтағыларды есепке алмағанда. Бірақ Мәскеуден Алматыға эпизод үшін актер әкелу – қымбат, сол себепті түкті де түсіне алар емеспін.

– Кешіріңіз… Ал мен онда кімді ойнаймын?

– Әй, саған не болған?! Ақымақсың ба немене?! Кімді ойнаймын дегенің не?! Мұстафаны ойнайсың да! Мен саған қанша уақыт бойы соны айтып жүрген жоқпын ба!

Сол кезде барып өте баяу түрде менің миыма жете бастады – ол маған әу бастан ақ өтірік айтпаған екен ғой. Ол мені пайдаланбаған екен ғой. Оның маған деген ниеті адал болған екен ғой, ал мен оны көрмеппін де, түсінбеппін де.

Әкемнің басынан кешкен жағдайды есіме түсіріп тұрып ойландым, сонда ол менің кандидатурамды қорғап, мені өткізу үшін қаншалықты қажыр көрсеткен десеңізші.

– Сәкен-аға!!! Рақмет!!! Үлкен рақмет!!! Мен келемін!.. Рақмет!

… Бұл оқиғадан соң көп кейінірек, 2005 жылдың қазанынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін созылған түсірілім процесі кезінде мен рөлге бекітудің кейбір жай-жапсарын біртіндеп біле бастадым. Соның бәрі жиыла келе жалпы картинаны қалыптастырды – бәлкім, дәлме-дәл емес шығар, бірақ ақиқаттан алыс кете қоймайтын.

Фотопроба кезеңінде рөлге бекітуді шешетін адамдардың ешбірі мені басқаларға тіпті де бәсекелес деп санамаған. Сол себепті өткізе салған, яғни режиссер қалап тұр, өтсе өтсін, одан кейін де реттеп үлгереміз деген пиғыл. Кинопробаға бірнеше кандидат жіберілген. Менен басқасының бәрі – кәсіби шеберлер, өңкей мықтылар. Сондықтан кинопробада (иә, ол шын мәнінде тек актрисалар үшін емес, мен үшін, тіпті негізінен тек мен үшін ұйымдастырылыпты) Сәкен-аға маған ең ауыр сахнаны берген, басқа кандидаттарға – басқа сахна, жеңілірек, бәріне бірдей сюжет ұсынылған. Сосын көркемдік кеңесте «міне сіздерге кинопроба материалдары, өздеріңіз қараңыздар, ертеңгі күні өз адамын тықпалап жатыр деп айтпас үшін менсіз таңдаңыздар» деп айтқан. Солай дейді де, егер басқаша шешім қабылдап жатса көркемдік кеңес мүшелері өздерінің біржақтылығын мойындайтынын аңдап, дәлізге темекі шегуге шығып кетеді.

Көркемдік кеңес барлық кандидаттың кинопробасын қарап шыққаннан кейін Мұстафаның рөліне мені бекітеді. Бес үлкен актер «не болып жатыр?» деп Үлкен Бастыққа шағымданады. Неге ол, неге біз емес? Үлкен Бастық өзіне Сәкен-ағаны шақырып алады. «Мен бәрін де түсінемін, сен осы жобаның режиссерісің, сен суретшісің, өзіңе қолайлы актер іздейсің, бұл картинаның сен үшін маңызды екенін түсінемін. Бірақ мына бес мықтының біреуі ойнауы тиіс деген де пікір бар» дейді. Бұған Сәкен-аға өте қарапайым жауап береді: «Мен олардың бәрін де білемін. Бәрі де тамаша актер. Олардың кез келгенін сен өзің ақ таңдай аласың. Мен оған бір де бір сөз айтпаймын. Тек ол кезде менде бір ғана өтініш туындайды. Ондай жағдайда басқа режиссерді де өздерің таңдап алыңдар».

Бастық қысым жасауды жөн көрмейді және бес мықты актер (шын көңіліммен қайталап айтамын, сарказмсыз және өкпесіз – шынында да мықты актерлер) Ең Үлкен Бастыққа хат жазуы керек деп шешіледі. Жоқ, жоқ, Назарбаев туралы айтып отырған жоқпын. Бірақ ол да Астанада екен.

Сәкен-ағаны Астанаға шақырады. Сондай кабинетте оған тағы да сондай сөздер айтылады – сіз біздің мэтрсіз, бірақ мынадай пікір бар, солай да солай…

Сәкен-аға да өзінің әдеттегі жауабын қайталайды – әрине, сіз менің Ең Үлкен Бастығымсыз, сіздің пікіріңізді құрметтеймін, қандай жағдай болмасын сізбен дауласпаймын. Осы бес тамаша актердің кез келгенін таңдап алуыңызға болады. Бірақ ондай жағдайда басқа режиссерді де таңдап алуыңызды өтінемін.

Ол Бастық та қысым көрсетуді қажет деп таппайды.

Ол кісі мені қорғаймын деп өз өмірінің маңызды фильмін түсіру мүмкіндігін тәуекелге тігіп ғана қойған жоқ – егер өзіне қажет адамын алуға мүмкіндік бермесе онда бұл фильмде жұмыс істеуден бас тартатынын да ашық айтты.

Ол ең басынан бастап маған адал болды. Мен өзімнің ақымақтығымның кесірінен оны бір жылдан кейін ғана түсініппін. Түсірілім кезінде де маған адалдық танытты, сол үшін мен оған өзінің табандылығынан кем емес деңгейде алғысымды айтып өтемін.

Ол маған түсірілім кезінде қарапайым және әділ сөзін айтты: «Мен сені бес тамаша актерден мықты болғаның үшін алған жоқпын – сен олардан мықты емессің! Олардың қай-қайсы да бұл рөлді тамаша деңгейде алып шығар еді. Саған қарағанда оларда тәжірибе де, шеберлік те басым. Олар біздің кейіпкерге ұқсайды, ал сен ұқсамайсың. Бірақ олардың актерлік биографиясын қарайтын болсақ, әрқайсының артында үлкен рөл шлейфі бар және көрермен экранда Мұстафаны емес, соның рөліндегі белгілі актерді ғана көрер еді. Ал мен ондай ассоциацияны қаламаймын. Маған белгісіз бейне керек. Мен көрерменнің актер мен оның осыған дейінгі рөлдерін емес, Мұстафа мен оның өмірін көргенін қалаймын. Мен сенің көзқарасыңнан өзіме керек нәрсені байқадым. Сол себепті, мені ұятқа қалдырмау үшін сен тырысуың керек.

Мен бар күшімді сарп етім тырыстым, ол үшін және Мұстафаны есте ұстау үшін. Бірақ бір нәрсені ескерттім:

– Сәкен-аға, фильм шыққан кезде дайын болыңыз, біз бен сізге екі стволдан оқ қарша борайды: Мұстафаны сатқын деп санайтындар тарапынан – олар Мұстафа туралы кино түсірдіңдер, мақтап жатырсыңдар дейді. Сосын екінші тарап – оны ұлы адам емес, ұлы қазақ деп санайтындардан – «рөлге қазақ емес адамды алдыңдар, ұлтты саттыңдар» деушілерден. Маған келіп-кетері бола қоймас, мен баламын, жоғалтатын да ештеңем жоқ, ал сіз туралы әңгіме басқа.

Ол күлді.

– Ее, ұлым, мен кинода қанша жыл терімді төгіп келе жатырмын, менің терім тері емес, менікі панцирь болып кеткен!

Маған кейде «Әзиз, сіз белсенді азаматтық позициядасыз!» деп айтып жатады. Жоқ, белсенді емес, өйткені мен үшін осының құнын төлейтін адамдар бар. Бірақ менің көзқарасым сол жылдары – Мария Яковлевнаның Мұстафа туралы кітабын оқыған кезде, ол туралы басқа материалдарды іздеген кезде қалыптасты. Және осы үшін мен Сәкен-ағаға ерекше ризамын. Мен сол кісінің арқасында тұлға ретінде қалыптастым.

Содан соң, әрине, менің осы мамандық шегінде Қазақстандағы, жалпы Орталық Азиядағы танымалдылығымның ауқымы қандай болсын мейлі, бірінші кезекте мен оның өзіне және оның фильміне қарыздармын.

12 күн бұрын, 25 маусым, менің әкем Болот Бейшенәлиевтің туған күні болды. Ал бүгін, 8 шілде – осыдан үш жыл бұрын біздің арамыздан өзімнің екінші әкем деп санаған кішкентай әрі қарапайым адам мәңгілікке аттанып кетті. Сатыбалды Нарымбетов – жазушы, эссеист, кинодраматург, кинорежиссер, педагог, өз халқының даңқты ұлы және қазақтың ұлттық мәдениетінің қорғаушыларының бірі.

1946 жыл 8 наурыз – 2021 жыл 8 маусым.

Жатқан жері жайлы болсын!

Әмин.

Орыс тілінен аударған Абай Аймағамбет

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Гузель Яхина: Тарихи роман жазу кезінде ұлттық көзқарасты ескермей кетуге болмайды

Келесі жазба

Жадыра Шамұратова. Ергежейлі (новелла)

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Гузель Яхина: Тарихи роман жазу кезінде ұлттық көзқарасты ескермей кетуге болмайды

Келесі жазба

Жадыра Шамұратова. Ергежейлі (новелла)

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Әйел жанының құпиясы
Проза

Әйел жанының құпиясы

16.06.2025
Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»
Поэзия

11.06.2025
Абзал Мақаш. «Ит асырап  аламын-ау түбі мен»
Поэзия

Абзал Мақаш. «Ит асырап аламын-ау түбі мен»

10.06.2025
Келесі жазба
Жадыра Шамұратова. Ергежейлі (новелла)

Жадыра Шамұратова. Ергежейлі (новелла)

Жазушы Нұрғали Ораздың оқырмандарға ұсынатын үздік 5 романы

Балалардың жазғы демалыста оқуына арналған әңгімелер

Балалардың жазғы демалыста оқуына арналған әңгімелер

«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы