• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Мирас Асан. «Ұлы Сталин кім?» деді, «Ағзам!» деді балалар…

Мирас Асан. «Ұлы Сталин кім?» деді, «Ағзам!» деді балалар…

18.07.2025
- Поэзия
Оқу уақыты: ~ 5 минут
A A
Мирас Асан

Түркі аруы

О, Түркінің аруы, көздерің нұр төгілген,
Қара қасың Қиғаш па,
Шыршық па?
Жоқ.
Керулен?!
Алма жүзің ақ шағыл, иісің иран бақша бір,
Батып өлген шайырмын дидарыңа сенің мен!

О, Түркінің аруы, тісің маржан тізілген,
Қыпша белің – қауырсын, аққулардан үзілген!
Ерінің – Тараз шиесі, Күн сүйеді, мен сүйем,
Қара Ертіс шашыңды аймалайды қызыл жел.

О, Түркінің аруы, ханшасындай хандардың,
Сансыз әскер оттары – көздеріңде жанған Күн.
Сені сүйіп қалдым мен,
Фатимасы Мұхтардың,
Гүлбаһрамы Сәкеннің,
Зылихасы Мағжанның!

Сарыарқаның жусаны – демің жұпар аңқыған,
Жүрегіңнің отына пәруанадай шарпылам.
Жүрегімнің үстінде биле түркі аруы,
Жақындасаң тасимын, алыстасаң сарқылам.

Сенің анау бұрымың байсалды көш, керуен,
Сенің сөзің – ақ алмас, үшкір жебе, темірен.
Шабытыма дария малып құстар қанатын,
Жүрегімнен ұшады саған қарай тобымен.

Ақ маңдайың – Хан Тәңірі, керме иығың – Алатау,
Ақша бетің Өгелін бегім кірген ақ отау.
Сенің жібек мінезің, сенің жұмсақ білегің,
Желпи ұшқан жанымды қоңыр қаздың қанаты-ау.

Құс жолындай құбылып түймелерің қатары,
Саған ұқсап атқан таң, саған ұқсап батады.
Камзолыңды қынай бел, көйлегіңді қамажай,
Тырналардың тырауы тыстап бара жатады.

О, түркінің бегімі, саған жаным садаға,
Сенің отты көздерің жарқыраған самала.
Ертегіден, эпостан шыға келген перизат,
Бай-бағланға бұрылма,
Құл-құтанға қарама.

Сәкендердің сұлуын,
Мағжандардың ғашығын,
Елестетіп көзіме алдымнан шық, асылым.
Жүрегіме қон менің, құз-жартасқа құлдилап,
Жүрегімнен ұш менің, лағыл қанат лашыным!

***

Гүл толды қыраттарға,
Сені ойлап отырдым мен.
Жан бітті бұлақтарға,
Сені ойлап отырдым мен.

Сені ойлап отырдым мен,
Нөсерде нажағайлы…
Өксіткем…
Өкіндім мен…
Өкпек жел мазалайды.

Құс келді көліне айдын,
Сені ойлап отырдым мен.
Құс қайтты, қоңырайдым,
Сені ойлап отырдым мен.

Өзімді опырамын,
Өзімді жанмын жеген.
Сені ойлап отырамын,
Орындықта тағдыр деген…

***

Менің екі күнім бар,
Солардан асқақтықтың сертін көрем,
Солар деп қақтым қанат еркіндеген!
Бір Күнім – көкжиекте жарқыраған,
Бір Күнім – көк Туымда желкілдеген!

Менің екі дінім бар,
Сол екеу – сәулем болған түнегімде,
Екеуі тілегім де, тірегім де!
Біреуі – жалғыз Отан, Қазақстан,
Біреуі – жалғыз Құдай, жүрегімде.

Менің екі тілім бар,
Өткерген тағдырдың сан қар-ызғарын,
Екеуі – мендегі алау, нағыз жалын.
Біреуі – жүрек тілім, махаббатым,
Біреуі – ана тілім, ар-ұжданым.

Бар менің қос байлығым, ең ғажабым,
Солармен өмір сұлу, өңді ажарым!
Біреуі, аңсап жеткен – ол Азаттық,
Біреуі, аңғал сәби – сен Қазағым!

Ұлым кетіп барады мектебіне

Қарындашы жап-жаңа ұшталмаған,
Қаламсабы жап-жаңа ұсталмаған,
Жейдесі де дәп-дәл шыт кірлемеген,
Дәптері де су жаңа тысталмаған,

Ұлым кетіп барады мектебіне,
Биік шыңға балапан беттеді де!
Құлдыраңдап қояды құлыншақ ұл,
Қолы құлын жалына жеткені ме?

Әліппесін қолтыққа қысқан көкем,
Әріп көшін танымақ ұстам бекем!
Сондай құштар өмірге, сондай ынтық,
Өмір де оған дәл сондай құштар ма екен?

Сөмкесі үлкен өзінен арқалаған,
Тақта да үлкен білемін, парта да оған…
Бес күн жалған ой жүгін барады асып,
Бестегі ұлым ойыны тарқамаған…

Білім – бәйге, жарыста жан сал күшпен,
Тәкаппарлық көрсетпе, болсаң да үстем.
Ақ құрт шашып анашың сыртта қалды,
Ақ бор ұстап ұстазың қарсы алды іштен.

Алда сенің ақ арман, арай гүлің,
Ақыл айтар дәл бүгін орайлы күн:
Сөзін бөлме ұстаздың һәм сөзге ерме,
Сөз болғаннан жаман жоқ, абайла ұлым.

Халықшыл бол қаһарман Хақ қолдаған,
Қылықтарға ұнамсыз жат бол жаман.
Бірді бірге қосуды үйрен, дұрыс,
Бірді бірге соғудан сақ бол, балам.

Ақтап үміт арқамның босат жүгін,
Қыран – Сенсің, Тудағы шашақты Күн!
Тарихың бар Күлтегін тасқа жазған,
Сол тарихқа ешқашан тас атпа, ұлым.

Жырақ қалма қызықты жыр-ән кештен,
Шындыққа да берік бол шыған көшкен.
Алты құрлық, төрт мұхит барлығын сүй,
Алты Алашты бірақ та шығарма естен.

Кетпес білем кей сөзім бірден ұнап,
Ойыныңнан кетпегін мүлде жырақ.
Ала допты болады сәл қууға,
Ала жіпті аттама мүлде бірақ.

Қуанышпен қарсы алды бұл күнді атаң,
Құрақ ұшып қарсы алды бұл күнді апаң.
Қоңырауыңды алғашқы сенің тыңдап,
Омырауымды жас жуып тұрмын, ботам.

Күтеді алдан әлі сан сапар, сарай,
Сол жолдарда ағартқан әкең самай.
Мектепке анаң апарса қалай бүгін,
Меккеге ертең сен де оны апар солай!

Көздерімде қуаныш лағылы ойнап,
Қадамыңа қараймын бәрін ойлап…
Тарыдай боп мектепке кірген саған,
Таудай талап тіледім, тарыдай бақ.

Жаңбыр құйғанын…

Ойлаймын кейде сол жанды,
Түсірем еске дидарын.
«Жанымда жаным бол мәңгі»,
Дегенін…
Жаңбыр құйғанын.

Өпкенін ыстық жалын дем,
Кеткенін жолдар бөлініп.
«Сүйемін сені жаныммен»,
Дегенін…
Жасы төгіліп.

Қастарын сұлу кергенін,
Құстарға қорек шашқанын,
Балмұздақ алып бергенім,
Жаңбырға қолын тосқанын,

Суретке түсір дегенін,
Еркелей тұра қалғанын.
Оқыған сонда өлеңім,
Ернінен сүйіп алғаным…

Неге ерте біздер қош дедік,
Не деген шұғыл ұйғарым?
«Бұл сурет саған естелік»,
Дегенін…
Жаңбыр құйғанын.

Түсірем еске, кеш мүлде,
Еске алам тек гүл дидарын.
«Қимаймын сені ешкімге»,
Дегенін…
Бірақ қиғанын.

Жаңбыр құйғанын…

***

Ағарған әр талын самайдың,
Өмірдің жолы деп санаймын.
Мен жалпы, ең ұлы ойларға,
Баланың көзімен қараймын.

Ойменен өтуде кей күнім,
Тойменен өтуде кей күнім…
Сүрініп, жығылып кеп тұрсам,
«Менімен күресші» дейді ұлым…

Белдесер тас түйін жас ұлға,
Насихат айтамын басында:
Біреумен күресу түк емес,
Өзіңмен күрестің қасында…

Бейнесін балалық шағымның,
Ұлымнан көп іздеп сабылдым.
Содан ба, «ат болам» мен оған,
Жауырын жасырып жанымның…

Жігітті қайрайды әр қайқаң,
Сарай деу дұрыс па салмай там?..
Хайуанат бағына барса ұлым,
Жол бойы адамдық жайлы айтам.

Тығылмақ ойнасақ, төзімді
Көбіне мен жұмам көзімді.
Қызығы, ұлды іздеп шығам да,
Таба алмай қаламын өзімді…

Тәлімнің бұл мүмкін ірісі,
Тұлпардың тай күннен жүрісі.
Балама ұстазбын мен ылғи,
Балама шәкіртпін, дұрысы.

Бәрін дос санайтын аппағым,
Мұң артып тұр бірде қап-қалың.
Досым жоқ дейді ұлым күрсініп,
«Менің де…» дей жаздап, тоқтадым.

Жаңылған, жығылған жерім көп,
Өмір – мұз,
Өмір – от,
Өмір – доп.
Сырғанақ тепсе ұлым, мен тұрам,
Тағдыр да тайғанақ дегім кеп.

***

Құшағында ойлардың қалың ішік,
Отырамын оранып жаным үсіп…
Бір-бірінде адамдар сүреді өмір,
Сатып,
Сүйіп,
Жек көріп,
Сағынысып.

Бір-бірінде өледі солай тағы,
Бір-біріне бітпейді кек, айтағы.
Біреулері – шашыңды ағартады,
Біреулері – жаныңды қарайтады.

Бір-бірінен адамдар тояттайды,
Бірін-бірі іздейді, таяқтайды.
Біреу маған мысалы, жолға шығып,
Біреу менде сапарын аяқтайды.

Пыш-пыш өсек,
Мыс-мыс пұл ақшаларда,
Бір-бірінде күн кешер патшалар да.
Бір-бірінде мәңгілік сүреді өмір,
Ақылман да,
Ақын да,
Атшабар да.

Құмсағаттай төңкерген құтыдағы,
Бір-біріне адамдар жұтылады.
Бір-біріне адамдар үйренеді,
Бір-біріне адамдар тұтылады.

Дүниеге тұрлаусыз шараң бар ма,
Шамаң бар ма қарарға, алаңдарға…
Бірін-бірі жоғалтқан тағдырларға,
Бір-біріне жоғалған адамдарға.

«ҚарЛагтағы» балалар

Үй суретін көрсетті,
«Барак!» деді балалар.
Қатқан нанды көрсетті,
«Тамақ!» деді балалар.

Темір торды көрсетті,
«Шарбақ!» деді балалар.
Қара суды көрсетті,
«Шәрбат!» деді балалар.

Қызыл туды көрсетті,
«Құдай!» деді балалар.
Қанден итті көрсетті,
«Құмай!» деді балалар.

«Ұлы Сталин кім?» деді,
«Ағзам!» деді балалар.
«Халық жауы кім?» деді,
«Мағжан!» деді балалар…

Хакімнің қаламы

Ол қаламды сіз бен біз көтере алмаймыз зілмауыр,
Бір өзі – бір ғалам, бір өзі – бір дәуір.
Ол қалам – ақиқатты іздеген ақлия шырағы,
Шындықты іздеген шындауыл.

Ол қаламда Алаштың тарихы жатыр сан қилы,
Көбісі – ақтаңдақ, көбісі – қанқұйлы.
Ол қалам – оянып кеткен жанартау сияқты,
Жалыны жаныңды шарпиды.

Ол қаламда қазақтың ар-ұяты бар Құрандай,
Ол қалам – бала Ибраһим, әке – Құнанбай.
Ол қаламда «Елім-айдай» әндер бар зар төккен,
Күйлер бар – «Ақсақ құландай».

Ол қаламда ақынның жалғыздығы бар торыққан,
Біресе шаттанған, біресе зарыққан.
Ол қалам батырдың асқақ рухы сияқты айбарлы,
Жеңіспен қайтқан жорықтан!

Ол қаламда данышпанның ақыл-парасаты бар кемеңгер,
Ол қалам – біз шықпас биіктер, біз түспес тереңдер.
Ол қаламда зарлықтардың махаббаты бар мәңгілік,
Және соны жырлаған өлеңдер.

Ол қаламда ұлттың қарызы бар өтелмес,
Ердің намысы бар екі өлмес.
Ол қаламда ыза бар қамшы боп сілтенген,
Сондағы тартқан қайғы бар қара нар көтермес.

Ол қалам өмірдің бүкіл сұрақ-жауабы тиелген,
Керуен сияқты түйе соңынан түйе ерген.
Ол қалам – адамзаттың алтын қаламы сияқты мәңгілік,
Дүние-дәуіттің ернеуіне сүйенген.

***

Баяғы қалпы түр-өңім,
Орнында бәрі өмірім.
Жамау демесең жүрегім,
Қамау демесең көңілім…

Жалғанның асау, жанбағыс,
Жалына жүрміз жармаса.
Жолдастың көбі жолға алыс,
Жарамағаны болмаса…

Тұп-тұнық есім, ақылым,
Батпаймын мұңға босқа сан.
Жан-айдыныма жақыным,
Тас лақтырғанын қоспасам…

Қалдырар айқын қаламы із,
Сөзге бай жанбыз, жалпы, аңыз.
Жыртық демесең жағамыз,
Тесік демесең қалтамыз…

Біз емес ерің төмендер,
Жарқырап топта жел есем.
Жазылмай жатқан өлеңдер,
Жаныма батты демесең.

***

Көл сыңайлы көңілім – шөл сыңайлы,
Келген жерім бір тұйық жол сыңайлы.
Зілдей мұң кеп бастырып қара таспен,
Гүлдей нәзік жанымды жаншылайды.

Уақыт дию не деген жемір еді,
Сол жеңеді, жеңілем мен үнемі.
Сүйген күндер кешегі өзіме – жау,
Сүйегімді сұр ит боп кеміреді.

Жанмын ішін тастаған күйік қылып,
Салады екен ұясын биікке үміт…
Мойымаймын деп айту айтқанға оңай,
Мойыныңды тар қамыт қиып тұрып.

Өткен күндер елес дүр – гүл қармаған,
Тас тұғырға ұқсаймын мұңға орнаған.
Жолын күтіп бақыттың тұрам үнсіз,
Қолын бұлғап өтеді жылдар маған.

Аңқаулығым өзіме мәңгі дұшпан,
Сұлу өмір дегенім болды мыстан.
Жұлым-жұлым жүрекпен өлең жазып,
Қида-қида қанатпен қорлық ұшқан!

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Джек Лондон. Әйел жанының құпиясы

Келесі жазба

Гузель Яхина: Тарихи роман жазу кезінде ұлттық көзқарасты ескермей кетуге болмайды

Түркі аруы

О, Түркінің аруы, көздерің нұр төгілген,
Қара қасың Қиғаш па,
Шыршық па?
Жоқ.
Керулен?!
Алма жүзің ақ шағыл, иісің иран бақша бір,
Батып өлген шайырмын дидарыңа сенің мен!

О, Түркінің аруы, тісің маржан тізілген,
Қыпша белің – қауырсын, аққулардан үзілген!
Ерінің – Тараз шиесі, Күн сүйеді, мен сүйем,
Қара Ертіс шашыңды аймалайды қызыл жел.

О, Түркінің аруы, ханшасындай хандардың,
Сансыз әскер оттары – көздеріңде жанған Күн.
Сені сүйіп қалдым мен,
Фатимасы Мұхтардың,
Гүлбаһрамы Сәкеннің,
Зылихасы Мағжанның!

Сарыарқаның жусаны – демің жұпар аңқыған,
Жүрегіңнің отына пәруанадай шарпылам.
Жүрегімнің үстінде биле түркі аруы,
Жақындасаң тасимын, алыстасаң сарқылам.

Сенің анау бұрымың байсалды көш, керуен,
Сенің сөзің – ақ алмас, үшкір жебе, темірен.
Шабытыма дария малып құстар қанатын,
Жүрегімнен ұшады саған қарай тобымен.

Ақ маңдайың – Хан Тәңірі, керме иығың – Алатау,
Ақша бетің Өгелін бегім кірген ақ отау.
Сенің жібек мінезің, сенің жұмсақ білегің,
Желпи ұшқан жанымды қоңыр қаздың қанаты-ау.

Құс жолындай құбылып түймелерің қатары,
Саған ұқсап атқан таң, саған ұқсап батады.
Камзолыңды қынай бел, көйлегіңді қамажай,
Тырналардың тырауы тыстап бара жатады.

О, түркінің бегімі, саған жаным садаға,
Сенің отты көздерің жарқыраған самала.
Ертегіден, эпостан шыға келген перизат,
Бай-бағланға бұрылма,
Құл-құтанға қарама.

Сәкендердің сұлуын,
Мағжандардың ғашығын,
Елестетіп көзіме алдымнан шық, асылым.
Жүрегіме қон менің, құз-жартасқа құлдилап,
Жүрегімнен ұш менің, лағыл қанат лашыным!

***

Гүл толды қыраттарға,
Сені ойлап отырдым мен.
Жан бітті бұлақтарға,
Сені ойлап отырдым мен.

Сені ойлап отырдым мен,
Нөсерде нажағайлы…
Өксіткем…
Өкіндім мен…
Өкпек жел мазалайды.

Құс келді көліне айдын,
Сені ойлап отырдым мен.
Құс қайтты, қоңырайдым,
Сені ойлап отырдым мен.

Өзімді опырамын,
Өзімді жанмын жеген.
Сені ойлап отырамын,
Орындықта тағдыр деген…

***

Менің екі күнім бар,
Солардан асқақтықтың сертін көрем,
Солар деп қақтым қанат еркіндеген!
Бір Күнім – көкжиекте жарқыраған,
Бір Күнім – көк Туымда желкілдеген!

Менің екі дінім бар,
Сол екеу – сәулем болған түнегімде,
Екеуі тілегім де, тірегім де!
Біреуі – жалғыз Отан, Қазақстан,
Біреуі – жалғыз Құдай, жүрегімде.

Менің екі тілім бар,
Өткерген тағдырдың сан қар-ызғарын,
Екеуі – мендегі алау, нағыз жалын.
Біреуі – жүрек тілім, махаббатым,
Біреуі – ана тілім, ар-ұжданым.

Бар менің қос байлығым, ең ғажабым,
Солармен өмір сұлу, өңді ажарым!
Біреуі, аңсап жеткен – ол Азаттық,
Біреуі, аңғал сәби – сен Қазағым!

Ұлым кетіп барады мектебіне

Қарындашы жап-жаңа ұшталмаған,
Қаламсабы жап-жаңа ұсталмаған,
Жейдесі де дәп-дәл шыт кірлемеген,
Дәптері де су жаңа тысталмаған,

Ұлым кетіп барады мектебіне,
Биік шыңға балапан беттеді де!
Құлдыраңдап қояды құлыншақ ұл,
Қолы құлын жалына жеткені ме?

Әліппесін қолтыққа қысқан көкем,
Әріп көшін танымақ ұстам бекем!
Сондай құштар өмірге, сондай ынтық,
Өмір де оған дәл сондай құштар ма екен?

Сөмкесі үлкен өзінен арқалаған,
Тақта да үлкен білемін, парта да оған…
Бес күн жалған ой жүгін барады асып,
Бестегі ұлым ойыны тарқамаған…

Білім – бәйге, жарыста жан сал күшпен,
Тәкаппарлық көрсетпе, болсаң да үстем.
Ақ құрт шашып анашың сыртта қалды,
Ақ бор ұстап ұстазың қарсы алды іштен.

Алда сенің ақ арман, арай гүлің,
Ақыл айтар дәл бүгін орайлы күн:
Сөзін бөлме ұстаздың һәм сөзге ерме,
Сөз болғаннан жаман жоқ, абайла ұлым.

Халықшыл бол қаһарман Хақ қолдаған,
Қылықтарға ұнамсыз жат бол жаман.
Бірді бірге қосуды үйрен, дұрыс,
Бірді бірге соғудан сақ бол, балам.

Ақтап үміт арқамның босат жүгін,
Қыран – Сенсің, Тудағы шашақты Күн!
Тарихың бар Күлтегін тасқа жазған,
Сол тарихқа ешқашан тас атпа, ұлым.

Жырақ қалма қызықты жыр-ән кештен,
Шындыққа да берік бол шыған көшкен.
Алты құрлық, төрт мұхит барлығын сүй,
Алты Алашты бірақ та шығарма естен.

Кетпес білем кей сөзім бірден ұнап,
Ойыныңнан кетпегін мүлде жырақ.
Ала допты болады сәл қууға,
Ала жіпті аттама мүлде бірақ.

Қуанышпен қарсы алды бұл күнді атаң,
Құрақ ұшып қарсы алды бұл күнді апаң.
Қоңырауыңды алғашқы сенің тыңдап,
Омырауымды жас жуып тұрмын, ботам.

Күтеді алдан әлі сан сапар, сарай,
Сол жолдарда ағартқан әкең самай.
Мектепке анаң апарса қалай бүгін,
Меккеге ертең сен де оны апар солай!

Көздерімде қуаныш лағылы ойнап,
Қадамыңа қараймын бәрін ойлап…
Тарыдай боп мектепке кірген саған,
Таудай талап тіледім, тарыдай бақ.

Жаңбыр құйғанын…

Ойлаймын кейде сол жанды,
Түсірем еске дидарын.
«Жанымда жаным бол мәңгі»,
Дегенін…
Жаңбыр құйғанын.

Өпкенін ыстық жалын дем,
Кеткенін жолдар бөлініп.
«Сүйемін сені жаныммен»,
Дегенін…
Жасы төгіліп.

Қастарын сұлу кергенін,
Құстарға қорек шашқанын,
Балмұздақ алып бергенім,
Жаңбырға қолын тосқанын,

Суретке түсір дегенін,
Еркелей тұра қалғанын.
Оқыған сонда өлеңім,
Ернінен сүйіп алғаным…

Неге ерте біздер қош дедік,
Не деген шұғыл ұйғарым?
«Бұл сурет саған естелік»,
Дегенін…
Жаңбыр құйғанын.

Түсірем еске, кеш мүлде,
Еске алам тек гүл дидарын.
«Қимаймын сені ешкімге»,
Дегенін…
Бірақ қиғанын.

Жаңбыр құйғанын…

***

Ағарған әр талын самайдың,
Өмірдің жолы деп санаймын.
Мен жалпы, ең ұлы ойларға,
Баланың көзімен қараймын.

Ойменен өтуде кей күнім,
Тойменен өтуде кей күнім…
Сүрініп, жығылып кеп тұрсам,
«Менімен күресші» дейді ұлым…

Белдесер тас түйін жас ұлға,
Насихат айтамын басында:
Біреумен күресу түк емес,
Өзіңмен күрестің қасында…

Бейнесін балалық шағымның,
Ұлымнан көп іздеп сабылдым.
Содан ба, «ат болам» мен оған,
Жауырын жасырып жанымның…

Жігітті қайрайды әр қайқаң,
Сарай деу дұрыс па салмай там?..
Хайуанат бағына барса ұлым,
Жол бойы адамдық жайлы айтам.

Тығылмақ ойнасақ, төзімді
Көбіне мен жұмам көзімді.
Қызығы, ұлды іздеп шығам да,
Таба алмай қаламын өзімді…

Тәлімнің бұл мүмкін ірісі,
Тұлпардың тай күннен жүрісі.
Балама ұстазбын мен ылғи,
Балама шәкіртпін, дұрысы.

Бәрін дос санайтын аппағым,
Мұң артып тұр бірде қап-қалың.
Досым жоқ дейді ұлым күрсініп,
«Менің де…» дей жаздап, тоқтадым.

Жаңылған, жығылған жерім көп,
Өмір – мұз,
Өмір – от,
Өмір – доп.
Сырғанақ тепсе ұлым, мен тұрам,
Тағдыр да тайғанақ дегім кеп.

***

Құшағында ойлардың қалың ішік,
Отырамын оранып жаным үсіп…
Бір-бірінде адамдар сүреді өмір,
Сатып,
Сүйіп,
Жек көріп,
Сағынысып.

Бір-бірінде өледі солай тағы,
Бір-біріне бітпейді кек, айтағы.
Біреулері – шашыңды ағартады,
Біреулері – жаныңды қарайтады.

Бір-бірінен адамдар тояттайды,
Бірін-бірі іздейді, таяқтайды.
Біреу маған мысалы, жолға шығып,
Біреу менде сапарын аяқтайды.

Пыш-пыш өсек,
Мыс-мыс пұл ақшаларда,
Бір-бірінде күн кешер патшалар да.
Бір-бірінде мәңгілік сүреді өмір,
Ақылман да,
Ақын да,
Атшабар да.

Құмсағаттай төңкерген құтыдағы,
Бір-біріне адамдар жұтылады.
Бір-біріне адамдар үйренеді,
Бір-біріне адамдар тұтылады.

Дүниеге тұрлаусыз шараң бар ма,
Шамаң бар ма қарарға, алаңдарға…
Бірін-бірі жоғалтқан тағдырларға,
Бір-біріне жоғалған адамдарға.

«ҚарЛагтағы» балалар

Үй суретін көрсетті,
«Барак!» деді балалар.
Қатқан нанды көрсетті,
«Тамақ!» деді балалар.

Темір торды көрсетті,
«Шарбақ!» деді балалар.
Қара суды көрсетті,
«Шәрбат!» деді балалар.

Қызыл туды көрсетті,
«Құдай!» деді балалар.
Қанден итті көрсетті,
«Құмай!» деді балалар.

«Ұлы Сталин кім?» деді,
«Ағзам!» деді балалар.
«Халық жауы кім?» деді,
«Мағжан!» деді балалар…

Хакімнің қаламы

Ол қаламды сіз бен біз көтере алмаймыз зілмауыр,
Бір өзі – бір ғалам, бір өзі – бір дәуір.
Ол қалам – ақиқатты іздеген ақлия шырағы,
Шындықты іздеген шындауыл.

Ол қаламда Алаштың тарихы жатыр сан қилы,
Көбісі – ақтаңдақ, көбісі – қанқұйлы.
Ол қалам – оянып кеткен жанартау сияқты,
Жалыны жаныңды шарпиды.

Ол қаламда қазақтың ар-ұяты бар Құрандай,
Ол қалам – бала Ибраһим, әке – Құнанбай.
Ол қаламда «Елім-айдай» әндер бар зар төккен,
Күйлер бар – «Ақсақ құландай».

Ол қаламда ақынның жалғыздығы бар торыққан,
Біресе шаттанған, біресе зарыққан.
Ол қалам батырдың асқақ рухы сияқты айбарлы,
Жеңіспен қайтқан жорықтан!

Ол қаламда данышпанның ақыл-парасаты бар кемеңгер,
Ол қалам – біз шықпас биіктер, біз түспес тереңдер.
Ол қаламда зарлықтардың махаббаты бар мәңгілік,
Және соны жырлаған өлеңдер.

Ол қаламда ұлттың қарызы бар өтелмес,
Ердің намысы бар екі өлмес.
Ол қаламда ыза бар қамшы боп сілтенген,
Сондағы тартқан қайғы бар қара нар көтермес.

Ол қалам өмірдің бүкіл сұрақ-жауабы тиелген,
Керуен сияқты түйе соңынан түйе ерген.
Ол қалам – адамзаттың алтын қаламы сияқты мәңгілік,
Дүние-дәуіттің ернеуіне сүйенген.

***

Баяғы қалпы түр-өңім,
Орнында бәрі өмірім.
Жамау демесең жүрегім,
Қамау демесең көңілім…

Жалғанның асау, жанбағыс,
Жалына жүрміз жармаса.
Жолдастың көбі жолға алыс,
Жарамағаны болмаса…

Тұп-тұнық есім, ақылым,
Батпаймын мұңға босқа сан.
Жан-айдыныма жақыным,
Тас лақтырғанын қоспасам…

Қалдырар айқын қаламы із,
Сөзге бай жанбыз, жалпы, аңыз.
Жыртық демесең жағамыз,
Тесік демесең қалтамыз…

Біз емес ерің төмендер,
Жарқырап топта жел есем.
Жазылмай жатқан өлеңдер,
Жаныма батты демесең.

***

Көл сыңайлы көңілім – шөл сыңайлы,
Келген жерім бір тұйық жол сыңайлы.
Зілдей мұң кеп бастырып қара таспен,
Гүлдей нәзік жанымды жаншылайды.

Уақыт дию не деген жемір еді,
Сол жеңеді, жеңілем мен үнемі.
Сүйген күндер кешегі өзіме – жау,
Сүйегімді сұр ит боп кеміреді.

Жанмын ішін тастаған күйік қылып,
Салады екен ұясын биікке үміт…
Мойымаймын деп айту айтқанға оңай,
Мойыныңды тар қамыт қиып тұрып.

Өткен күндер елес дүр – гүл қармаған,
Тас тұғырға ұқсаймын мұңға орнаған.
Жолын күтіп бақыттың тұрам үнсіз,
Қолын бұлғап өтеді жылдар маған.

Аңқаулығым өзіме мәңгі дұшпан,
Сұлу өмір дегенім болды мыстан.
Жұлым-жұлым жүрекпен өлең жазып,
Қида-қида қанатпен қорлық ұшқан!

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Джек Лондон. Әйел жанының құпиясы

Келесі жазба

Гузель Яхина: Тарихи роман жазу кезінде ұлттық көзқарасты ескермей кетуге болмайды

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Мәңгілік қоңыр күз  (Қалиханды еске алу)
Әдебиет әлемі

Мәңгілік қоңыр күз (Қалиханды еске алу)

26.07.2025
«Жастар» театры әдеби-драматургиялық байқау жариялады
Әдебиет әлемі

«Жастар» театры әдеби-драматургиялық байқау жариялады

24.07.2025
Сафина Ақтай. Сүйрік
Проза

Сафина Ақтай. Сүйрік

24.07.2025
Келесі жазба
Гузель Яхина: Тарихи роман жазу кезінде ұлттық көзқарасты ескермей кетуге болмайды

Гузель Яхина: Тарихи роман жазу кезінде ұлттық көзқарасты ескермей кетуге болмайды

Танакөз Толқынқызы. «Сен сағынған кезде ғана тірімін, Басқа кезде өмір сүрген жоқпын мен»

Танакөз Толқынқызы. "Сен сағынған кезде ғана тірімін, Басқа кезде өмір сүрген жоқпын мен"

Сафина Ақтай. Сүйрік

Сафина Ақтай. Сүйрік

«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы