• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
  • Дайджест
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
  • Дайджест
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»

Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»

11.06.2025
- Поэзия
Оқу уақыты: ~ 4 минут
A A
Нұрболат Жолдасбек

Жарық пен түнек арасындағы діріл. Жанның күлдей үнсіздігі. Көлеңкеден шыққан шындық шапағы. Ақылдан бұрын жылап үлгерген жүрек. Ешқашан ішілмейтін қымбат шарап. Кеш ілінген есік. Бұл ақын Нұрболат Жолдасбектің өлеңдері…Бәлки, қасіретті дұға шығар…

Тек сол түні үйіңе де бармапсың…

Талай қыздан бас тартты,
Арманы да басқа-тын.
«Алсам, егер, алам бірден қос қатын», –
дейтін Жеңіс орда бұзар жаста-тын.
…құрдастармен отырмайтын боп алды,
Құрдастары шақырмайтын боп алды.
дәл сол жылы қарындасын ұзатты,
дәл сол түні қамалды.
…рушыл ағаң басқаратын баспадай,
Құбылған-ды тас төбеңде көшкен ай.
Қызып қалдың. Онда тұрған түк те жоқ,
Тек сол түні үйіңе де бармапсың,
Тек сол түні көрші әжейді зорлапсың…
Бүлінеді, байқаймысың неше әлем,
Мың құбылып тас төбеңде көшеді ой.
(Туған қызын жезөкше еткен шешедей)
Беу, дүние-ай…
артын – алды жұтып тұрған жыландай,
сөреңізге сән беретін құрандай,
Осыншалық мәдениетті қоғамға
Ұжмағың не? Дозағың не? ұға алмай
Келем, жалғыз! «Қал» дейсің бе? Жоғал де…
Келем, жалғыз! Өз пікірі жоқ елде.
«Жеңіс қазір қамал алар жаста ғой»
деймін іштей… амал не?

Сіз құдайсыз, құлайсыз, түсініңіз…

Сіз – көркемсіз көктемдей кеше келген,
Һәм көркем есіміңіз.
Сіз ешқашан өтпейтін көшелерде,
күтіппін кешіріңіз.
Сіз – сәулесіз сезімдей түнектегі өр,
Һәм аппақ мүсініңіз.
Сіз ешқашан көрмеген жүрекпенен,
сүйіппін түсініңіз.
Сіз – өлеңсіз өлімдей өмірге тең,
Һәм нұрсыз қарашықта.
Сіз…сіз барсыз, сосын мен көңілденем,
мұңаям адасып қап.
Сіз – қиялсыз, сіз – пәксіз, сіз ұнайсыз,
қиялда мүсініңіз.
Мен пендемін… жердемін, сіз құдайсыз,
…құлайсыз түсініңіз.

Тек діншілдеу қоғам бар…

Қарғам,
байқаймысың, көрікті-ақ қала күзгі
үп еткен жел де жоқ,
адасқан ел де жоқ,
тек діншілдеу қоғам бар сәтті, сәтсіз
тәжірибесі улайтын санамызды.назы сынды сазгердің әр әні ізгі,
байқаймысың, момақан қала күзгі.
түпсіз ойлар…
сонан соң нәрсіз сөздер
бөліп тұрған секілді арамызды. Қарғам,
әзілім де сені аздап еркелетсем,
ақталмаған сенім де өкпелетсе ел.
оқып алар дініңдей неше мыңға,
сұрап алған ұлыңдай ерте кетсем… Жоғалтқандай жолдасың ең сенімді,
ортамызда ай өліп, дем сөгілді.
мен есіңе түсердей көрсең кімді,
түннен қалған шарабың шайқап ішіп
жан жарасын жазарсың…
мен секілді…Қарғам,
Түк те жоқ қой өзгерген. Қала. Күз. Түн.
Сазгер де аман тербеткен әр әні ізгі.
Сен алданған тәп-тәуір қоғам біздің,
бөліп тұрған секілді арамызды.

бір сәуле жарқ етті ғой… жалған бәрі…

Бітті бәрі…
Күні жетпей босанған келіншектей,
…жел сыпырды аулаңды еріншектеу,
Жаңбыр жауды содан соң…
Бөлмең ауыр күрсінді
Түтініне тұншығып менің шеккен
Шылымымның.
Байқаймысыз?
бір сәуле жарқ етті ғой… жалған бәрі
Беу, бейкүнә сөздер-ай ойдан да ауыр.
Ең сұрқия ойыңды-ай…
қорқынышты,
Сіз өтесіз өмірден (өкінішті-ақ)
әрі кетсе…
Үй тұрғызып болмаса ұрпаққа артып.
Көзден ұшып кетерде ізгі шағы,
Қою түнді құшаққа ап қыз құшағы.
…күнәңіздің көптігін сезінген күн,
Діннен қате іздерсіз…сіз мысалы.
Дертім-ау менің… білемісіз?
Тәңір бар…Әруақ бар…ауаны бар…
сатқындықты қосыңыз және бұған.
Бәрі бітті…
…күні жетпей босанған бойдақ қыздың,
Өмір ағып түскендей жанарынан…

Есігің бе сол түні кеш ілінген?

Жаңа өмірдің ашылып есіктері,
Қуаныштың тербедік бесіктерін.
Әр өңірдің бағы бар, бақыты бар,
Біздің баққа бір бұрым көшіп келді. Лесіп келді бір мұңы сол арудың,
Қол алуды білмейді жоба, руын.
Жаңарудың ерекше үлгісі ме?
Не мұң екен ішінде жанарының?!Қара түннің астында қанатының,
Аймақтағы таппайды бала тыным.
Сол бұрым ғой қызығы жасқа кілең,
(біледі екен білгенім ана тілін)
Менде күнде сол жаққа баратынмын.Барамында асылам шарбағына,
Мен де іліндім арудың қармағына.
Күлдіреді бәрінде сары жігіт,
Ақ қоянды шығарып қалпағынан.
Ол күледі, күлкіде толқу еді…
Толқын еді…әйтеуір жан – жағынан
Басып жүрген жалғанды жалпағынан,
Жас жігіттер қорықпа қалқа,бұдан!«Күлкісінде бір мұң бар неге бұлай?
Мұңды көрем күлкіңде әр, неге бұлай?»
Келеді ғой білгім – ақ…бірақ, бірақ
Батылдықтың жүрекке керегін – ай.Жылтырағын жаққанда жаңаша түн,
Тарап жатты Ай керім қара шашын.
Алладиндей болғым кеп кетті сонда
Айға дейін ұшатын алашасы.

Күндер өтті. Шықтымда жорыққа сан,
Гүлдерді өптім іздесем, жолықпасам.
Сезімім боп төбемде қалықташы ән,
Жігітпін ғой несі бар…алып қашам!
Деп жүргенде…
Өзге ештеңе білмеппін есіміңнен,
Есігің бе сол түні кеш ілінген?
Естігенім екен – ау қасіретім
Жесір екен…Ай..!Ұмай…!
кешіріңдер…
Жесір екен…өткенін ұмытам деп,
Кешегі өткен көктемін ұмытам деп,
Өз өмірін жек көріп ұмытам деп,
Өз өзіне кектеніп ұмытам деп,
Келген екен.
Бола бермес көңілдің әнінде ырыс,
Дегенмен де арудың жаны тыныш.
Жанындағы жараны жаңа адамға
Емдеп шығу түкте емес бәрі дұрыс.

«Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен,
Есігің ғой сол түні кеш ілінген»

Жаңа өмірдің ашылып есіктері,
Отыр әне тербетіп бесіктерін.
-Аға, аға біз жаққа бүгін ғана
Жаңа бір қыз, бір сұлу көшіп келді…

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Абзал Мақаш. «Ит асырап аламын-ау түбі мен»

Келесі жазба

Әйел жанының құпиясы

Жарық пен түнек арасындағы діріл. Жанның күлдей үнсіздігі. Көлеңкеден шыққан шындық шапағы. Ақылдан бұрын жылап үлгерген жүрек. Ешқашан ішілмейтін қымбат шарап. Кеш ілінген есік. Бұл ақын Нұрболат Жолдасбектің өлеңдері…Бәлки, қасіретті дұға шығар…

Тек сол түні үйіңе де бармапсың…

Талай қыздан бас тартты,
Арманы да басқа-тын.
«Алсам, егер, алам бірден қос қатын», –
дейтін Жеңіс орда бұзар жаста-тын.
…құрдастармен отырмайтын боп алды,
Құрдастары шақырмайтын боп алды.
дәл сол жылы қарындасын ұзатты,
дәл сол түні қамалды.
…рушыл ағаң басқаратын баспадай,
Құбылған-ды тас төбеңде көшкен ай.
Қызып қалдың. Онда тұрған түк те жоқ,
Тек сол түні үйіңе де бармапсың,
Тек сол түні көрші әжейді зорлапсың…
Бүлінеді, байқаймысың неше әлем,
Мың құбылып тас төбеңде көшеді ой.
(Туған қызын жезөкше еткен шешедей)
Беу, дүние-ай…
артын – алды жұтып тұрған жыландай,
сөреңізге сән беретін құрандай,
Осыншалық мәдениетті қоғамға
Ұжмағың не? Дозағың не? ұға алмай
Келем, жалғыз! «Қал» дейсің бе? Жоғал де…
Келем, жалғыз! Өз пікірі жоқ елде.
«Жеңіс қазір қамал алар жаста ғой»
деймін іштей… амал не?

Сіз құдайсыз, құлайсыз, түсініңіз…

Сіз – көркемсіз көктемдей кеше келген,
Һәм көркем есіміңіз.
Сіз ешқашан өтпейтін көшелерде,
күтіппін кешіріңіз.
Сіз – сәулесіз сезімдей түнектегі өр,
Һәм аппақ мүсініңіз.
Сіз ешқашан көрмеген жүрекпенен,
сүйіппін түсініңіз.
Сіз – өлеңсіз өлімдей өмірге тең,
Һәм нұрсыз қарашықта.
Сіз…сіз барсыз, сосын мен көңілденем,
мұңаям адасып қап.
Сіз – қиялсыз, сіз – пәксіз, сіз ұнайсыз,
қиялда мүсініңіз.
Мен пендемін… жердемін, сіз құдайсыз,
…құлайсыз түсініңіз.

Тек діншілдеу қоғам бар…

Қарғам,
байқаймысың, көрікті-ақ қала күзгі
үп еткен жел де жоқ,
адасқан ел де жоқ,
тек діншілдеу қоғам бар сәтті, сәтсіз
тәжірибесі улайтын санамызды.назы сынды сазгердің әр әні ізгі,
байқаймысың, момақан қала күзгі.
түпсіз ойлар…
сонан соң нәрсіз сөздер
бөліп тұрған секілді арамызды. Қарғам,
әзілім де сені аздап еркелетсем,
ақталмаған сенім де өкпелетсе ел.
оқып алар дініңдей неше мыңға,
сұрап алған ұлыңдай ерте кетсем… Жоғалтқандай жолдасың ең сенімді,
ортамызда ай өліп, дем сөгілді.
мен есіңе түсердей көрсең кімді,
түннен қалған шарабың шайқап ішіп
жан жарасын жазарсың…
мен секілді…Қарғам,
Түк те жоқ қой өзгерген. Қала. Күз. Түн.
Сазгер де аман тербеткен әр әні ізгі.
Сен алданған тәп-тәуір қоғам біздің,
бөліп тұрған секілді арамызды.

бір сәуле жарқ етті ғой… жалған бәрі…

Бітті бәрі…
Күні жетпей босанған келіншектей,
…жел сыпырды аулаңды еріншектеу,
Жаңбыр жауды содан соң…
Бөлмең ауыр күрсінді
Түтініне тұншығып менің шеккен
Шылымымның.
Байқаймысыз?
бір сәуле жарқ етті ғой… жалған бәрі
Беу, бейкүнә сөздер-ай ойдан да ауыр.
Ең сұрқия ойыңды-ай…
қорқынышты,
Сіз өтесіз өмірден (өкінішті-ақ)
әрі кетсе…
Үй тұрғызып болмаса ұрпаққа артып.
Көзден ұшып кетерде ізгі шағы,
Қою түнді құшаққа ап қыз құшағы.
…күнәңіздің көптігін сезінген күн,
Діннен қате іздерсіз…сіз мысалы.
Дертім-ау менің… білемісіз?
Тәңір бар…Әруақ бар…ауаны бар…
сатқындықты қосыңыз және бұған.
Бәрі бітті…
…күні жетпей босанған бойдақ қыздың,
Өмір ағып түскендей жанарынан…

Есігің бе сол түні кеш ілінген?

Жаңа өмірдің ашылып есіктері,
Қуаныштың тербедік бесіктерін.
Әр өңірдің бағы бар, бақыты бар,
Біздің баққа бір бұрым көшіп келді. Лесіп келді бір мұңы сол арудың,
Қол алуды білмейді жоба, руын.
Жаңарудың ерекше үлгісі ме?
Не мұң екен ішінде жанарының?!Қара түннің астында қанатының,
Аймақтағы таппайды бала тыным.
Сол бұрым ғой қызығы жасқа кілең,
(біледі екен білгенім ана тілін)
Менде күнде сол жаққа баратынмын.Барамында асылам шарбағына,
Мен де іліндім арудың қармағына.
Күлдіреді бәрінде сары жігіт,
Ақ қоянды шығарып қалпағынан.
Ол күледі, күлкіде толқу еді…
Толқын еді…әйтеуір жан – жағынан
Басып жүрген жалғанды жалпағынан,
Жас жігіттер қорықпа қалқа,бұдан!«Күлкісінде бір мұң бар неге бұлай?
Мұңды көрем күлкіңде әр, неге бұлай?»
Келеді ғой білгім – ақ…бірақ, бірақ
Батылдықтың жүрекке керегін – ай.Жылтырағын жаққанда жаңаша түн,
Тарап жатты Ай керім қара шашын.
Алладиндей болғым кеп кетті сонда
Айға дейін ұшатын алашасы.

Күндер өтті. Шықтымда жорыққа сан,
Гүлдерді өптім іздесем, жолықпасам.
Сезімім боп төбемде қалықташы ән,
Жігітпін ғой несі бар…алып қашам!
Деп жүргенде…
Өзге ештеңе білмеппін есіміңнен,
Есігің бе сол түні кеш ілінген?
Естігенім екен – ау қасіретім
Жесір екен…Ай..!Ұмай…!
кешіріңдер…
Жесір екен…өткенін ұмытам деп,
Кешегі өткен көктемін ұмытам деп,
Өз өмірін жек көріп ұмытам деп,
Өз өзіне кектеніп ұмытам деп,
Келген екен.
Бола бермес көңілдің әнінде ырыс,
Дегенмен де арудың жаны тыныш.
Жанындағы жараны жаңа адамға
Емдеп шығу түкте емес бәрі дұрыс.

«Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен,
Есігің ғой сол түні кеш ілінген»

Жаңа өмірдің ашылып есіктері,
Отыр әне тербетіп бесіктерін.
-Аға, аға біз жаққа бүгін ғана
Жаңа бір қыз, бір сұлу көшіп келді…

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Абзал Мақаш. «Ит асырап аламын-ау түбі мен»

Келесі жазба

Әйел жанының құпиясы

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Әйел жанының құпиясы
Проза

Әйел жанының құпиясы

16.06.2025
Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»
Поэзия

Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»

11.06.2025
Абзал Мақаш. «Ит асырап  аламын-ау түбі мен»
Поэзия

Абзал Мақаш. «Ит асырап аламын-ау түбі мен»

10.06.2025
Келесі жазба
Әйел жанының құпиясы

Әйел жанының құпиясы

«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы