• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Танакөз Толқынқызы. «Сен сағынған кезде ғана тірімін, Басқа кезде өмір сүрген жоқпын мен»

Танакөз Толқынқызы. «Сен сағынған кезде ғана тірімін, Басқа кезде өмір сүрген жоқпын мен»

23.07.2025
- Поэзия
Оқу уақыты: ~ 7 минут
A A
Танакөз Толқынқызы
Бір сәтке бәрі үнсіз қалғандай… Терезенің сыртында баяу жаңбыр, іште тыныштық. Осындай мезетте Танакөз Толқынқызының өлеңдері ойға оралады. Жан-дүниеңнің түкпіріне еніп, сенің де іштей айтып жүрген сөздеріңе айналады. Кейде оның өлеңі ескі иіссудай. Естисің де, бір таныс сезім шарпып өтеді. Кейде ескі бір заманда жүріп өткен жол сынды. Қайта соқпасың анық, бірақ ұмыта да алмайсың…
Құдай-ай, мен өзіңді сүймегенде
Білмес ем бұл кеудеде жүрек барын.
Селт етер ештеңе жоқ…
Жауыр бәрі…
Мендегі мимырт күнді тағы ұрлады.
Құдай-ай, мен сенімен ауырғалы
Әр секунд қорғасындай ауырлады.
Мен көрдім сағыныштың Айды алғанын.
Мен көрдім жүрек дертін ойдан қалың.
Мен көрдім жанның жанға байланғанын,
Және оның қалың өртке айналғанын…
Сен айттың бұл ғаламда түнек барын.
Мен айттым Тәңір барын, тірек барын.
Құдай-ай, мен өзіңді сүймегенде
Білмес ем бұл кеудеде жүрек барын.
Сыздатпай, солқылдатпай, қарымай мұң,
Жалқысы болғым келген жарық Айдың.
Құдай-ай, ең жақыным ғаламдағы,
Мен кейде сені мүлде танымаймын…
***
Сен сағынған кезде ғана тірімін
Басқа кезде өмір сүрген жоқпын мен.
Мен о бастан сүйген жүрек дірілі ем.
Ұйқысыздың бірі – сағыныш, бірі – мен.
Мен есіңе түскен сәтте сен әнтек
Жымиятын ғазиз шақта тірілем.
Өз-өзіңнен өртенгенде балаша,
Хәл кешкенде түсініксіз… жаңаша…
Ойламауға мені күшің жетпеген
Ойларыңда өмір сүрем оңаша.
Не күтесің үркек нәзік еліктен?
Албырт шақ бұл жан дүниеңді еріткен.
Сен булығып аласұрған сәттерде
Мен кеңінен тыныстаймын неліктен?
Бір кеудеде жүрек болып соқтым мен
Бірақ ол да сүйгенімді жоқ білген.
Сен сағынған кезде ғана тірімін
Басқа кезде өмір сүрген жоқпын мен.            
***
Қайтейін, бірақ сенсіз қиын маған…
Сен мені жан дертіңнен құрастырдың,
Мен сені жанды өртімнен құрастырдым.
Жүректің әр соғысы атыңды айтты,
Тән емес, ар соғысы атымды айтты.
Жасадың мені жалбыз иісінен,
Мен сені шын ғашықтың сүйісінен.
Құрадым сені ынтық сағыныштан,
Жұлдызға дем салдың сен жанып ұшқан.
Өшпейтін өз отыңды маған бердің,
Өшпейтін әз атымды саған бердім.
Жаңбырдан жасалған соң жауа берем.
Мен сені егіз еттім ауаменен.
О, мені күзден енді құрастырма!
Желден де, құстардан да сұрастырма!
Тәңір ол – тумаған да, туылмаған!
Қайтейін, бірақ сенсіз қиын маған…
***
Жоғыңды бер! Барыңды бер!
Сезімді бер мен кешкен!
Жүрегімді ұрлап алған
Қылмыскерсің! Ұрысың!
Ой түрмесін шырмап алған
Тастап шықшы! Құрысын!
Түсініктер зынданынан
Атылып шық оқ болып!
Құтқар мені жынданудан
Не жанып кет жоқ болып!
Қолыңды бер! Жаныңды бер!
Бер өзіңді бөлместен!
Жоғыңды бер! Барыңды бер!
Сезімді бер мен кешкен!
Тентірейік, қашып, жүдеп
Кезейікші әлемді.
Осы емес пе ғашық жүрек?
Неге тұрсың ал енді?

***

Өмір өтіп кеткендігін білдім шын…
Ішімде ылғи күледі бір бүлдіршін.
Ішімде өмір сүреді бір бүлдіршін.
Ақ мұнтаздай тілегі оның бүлдіршін.
Дақ түспеген жүрегі оның бүлдіршін.
Сықылықтап күлсе сол бір бүлдіршін.
Шықылықтап күлсе сол бір бүлдіршін.
Лықсып ағар көзімнен жас бұрқ етіп,
Өмір өтіп кеткендігін білдім шын.
Тонның ішкі бауындай боп үлбір шын
Ішкі әлемнің шамындай бір күн жүрсін.
Балалықты өлтірмеңдер іштегі
Бақыт сонда жүрген шығар, кім білсін.                 
***
Қатты жауып кеткенмін есігіңді…
Неге ұмытып қалмаймын есіміңді?
Неге ұмытып қалмаймын есімімді?
Неге қарғыс атпайды дүниедегі
Барлық телефондарды өшірулі?
Қатты жауып кеткенмін есігіңді.
Қатты жауып кеткенсің есігімді.
Көктеміңді қайтып ал кешігулі
Күзіңді де қайтарам өшігулі.
Сенің содыр жүрегің басып алған
Мендік сорлы жүректе басы қалған.
Бұл жынды хал қаңғып жүр кеңістікте
Тақтайшасын мойнына асып алған.
Тұтқын болып сезімге ұсталғандар!
Өлтіруге және оны құштар жандар!
Аясында өліңдер махаббаттың
Аясынан байланыс тыс қалғандар!

***
Үнсізсің…
Бәрін де білесің!
Сендікпін!
Ізі де қалмады өрліктің.
Үш күнде көрге де үйренер,
Мен тіпті өзіме көндіктім.
Көндіктім жаумайтын жаңбырға,
Көндіктім көнбейтін тағдырға.
Өлімге көндіктім қаңғырған
Көндіктім айналса жан нұрға.
Осыдан өледі өлсе адам,
Үнсізсің…
Таусылды дем, шарам…
Не деген тәкаппар үнсіздік
Көндіге алмадым мен соған…

***
Теріс кетіп барамыз теріс келіп…
Тұншығатын түндерді бөліспедік.
Күн шығатын күндерді бөліспедік.
Ынтығатын кездерді бөліспедік,
Ұмтылатын сөздерді бөліспедік.
Өрт пен уды қақ бөліп, тең ішпедік,
Сүйдік және жек көрдік…
Беріспедік…
Көріспедік!
Өбісіп өліспедік!
Теріс кетіп барамыз теріс келіп.
Ештеңеге ешқашан келіспедік.
Сүю қаһ қой. Сонда да сеніспедік.
Жараса алмау – жолы ма ібілістің?
Жара салмау – емес ол періштелік!
Жанарымда қанша күн боталадың?
Мен сонша рет кештім ғой от алаңын.
Сен ішіме сыймадың, от адамы,
Мен сонда да атыңды атамадым.
Ақыл менен жүректің мәрт егесі –
Маған таныс бұл өрттің әр төбесі.
Екеумізге бұйырған бақ шығар бұл –
Сүймеу, жанбау, сағынбау мәртебесі.
***
Ажалға да шыңыраудан үңілген
Бердім сенің атыңды.
Барлық естен адасатын сәттерге,
Жан отымен жанасатын сәттерге,
Жүрек пен ми таласатын сәттерге,
Қасіретіңнен әрі асатын сәттерге
Бердім сенің атыңды.
Сағынышқа буындырған қос қолмен,
Құштарлыққа сені ғана хош көрген,
Азабыма сені ғана дос көрген,
Үмітіме әр күн сайын бос келген
Бердім сенің атыңды.
Барлық уға өзің сұрап сімірген,
Барлық отқа тұтанатын іңірден,
Барлық оққа қарауылға шын ілген,
Ажалға да шыңыраудан үңілген
Бердім сенің атыңды.
Жүрегіндей жауға шапқан ер түмен
Сүйіп өту үшін берген сертіме,
Өзегіме өзің қойғаң өртіңе,
Ұйқысыздық, ұмыта алмау дертіне
Бердім сенің атыңды!

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Гузель Яхина: Тарихи роман жазу кезінде ұлттық көзқарасты ескермей кетуге болмайды

Келесі жазба

Сафина Ақтай. Сүйрік

Бір сәтке бәрі үнсіз қалғандай… Терезенің сыртында баяу жаңбыр, іште тыныштық. Осындай мезетте Танакөз Толқынқызының өлеңдері ойға оралады. Жан-дүниеңнің түкпіріне еніп, сенің де іштей айтып жүрген сөздеріңе айналады. Кейде оның өлеңі ескі иіссудай. Естисің де, бір таныс сезім шарпып өтеді. Кейде ескі бір заманда жүріп өткен жол сынды. Қайта соқпасың анық, бірақ ұмыта да алмайсың…
Құдай-ай, мен өзіңді сүймегенде
Білмес ем бұл кеудеде жүрек барын.
Селт етер ештеңе жоқ…
Жауыр бәрі…
Мендегі мимырт күнді тағы ұрлады.
Құдай-ай, мен сенімен ауырғалы
Әр секунд қорғасындай ауырлады.
Мен көрдім сағыныштың Айды алғанын.
Мен көрдім жүрек дертін ойдан қалың.
Мен көрдім жанның жанға байланғанын,
Және оның қалың өртке айналғанын…
Сен айттың бұл ғаламда түнек барын.
Мен айттым Тәңір барын, тірек барын.
Құдай-ай, мен өзіңді сүймегенде
Білмес ем бұл кеудеде жүрек барын.
Сыздатпай, солқылдатпай, қарымай мұң,
Жалқысы болғым келген жарық Айдың.
Құдай-ай, ең жақыным ғаламдағы,
Мен кейде сені мүлде танымаймын…
***
Сен сағынған кезде ғана тірімін
Басқа кезде өмір сүрген жоқпын мен.
Мен о бастан сүйген жүрек дірілі ем.
Ұйқысыздың бірі – сағыныш, бірі – мен.
Мен есіңе түскен сәтте сен әнтек
Жымиятын ғазиз шақта тірілем.
Өз-өзіңнен өртенгенде балаша,
Хәл кешкенде түсініксіз… жаңаша…
Ойламауға мені күшің жетпеген
Ойларыңда өмір сүрем оңаша.
Не күтесің үркек нәзік еліктен?
Албырт шақ бұл жан дүниеңді еріткен.
Сен булығып аласұрған сәттерде
Мен кеңінен тыныстаймын неліктен?
Бір кеудеде жүрек болып соқтым мен
Бірақ ол да сүйгенімді жоқ білген.
Сен сағынған кезде ғана тірімін
Басқа кезде өмір сүрген жоқпын мен.            
***
Қайтейін, бірақ сенсіз қиын маған…
Сен мені жан дертіңнен құрастырдың,
Мен сені жанды өртімнен құрастырдым.
Жүректің әр соғысы атыңды айтты,
Тән емес, ар соғысы атымды айтты.
Жасадың мені жалбыз иісінен,
Мен сені шын ғашықтың сүйісінен.
Құрадым сені ынтық сағыныштан,
Жұлдызға дем салдың сен жанып ұшқан.
Өшпейтін өз отыңды маған бердің,
Өшпейтін әз атымды саған бердім.
Жаңбырдан жасалған соң жауа берем.
Мен сені егіз еттім ауаменен.
О, мені күзден енді құрастырма!
Желден де, құстардан да сұрастырма!
Тәңір ол – тумаған да, туылмаған!
Қайтейін, бірақ сенсіз қиын маған…
***
Жоғыңды бер! Барыңды бер!
Сезімді бер мен кешкен!
Жүрегімді ұрлап алған
Қылмыскерсің! Ұрысың!
Ой түрмесін шырмап алған
Тастап шықшы! Құрысын!
Түсініктер зынданынан
Атылып шық оқ болып!
Құтқар мені жынданудан
Не жанып кет жоқ болып!
Қолыңды бер! Жаныңды бер!
Бер өзіңді бөлместен!
Жоғыңды бер! Барыңды бер!
Сезімді бер мен кешкен!
Тентірейік, қашып, жүдеп
Кезейікші әлемді.
Осы емес пе ғашық жүрек?
Неге тұрсың ал енді?

***

Өмір өтіп кеткендігін білдім шын…
Ішімде ылғи күледі бір бүлдіршін.
Ішімде өмір сүреді бір бүлдіршін.
Ақ мұнтаздай тілегі оның бүлдіршін.
Дақ түспеген жүрегі оның бүлдіршін.
Сықылықтап күлсе сол бір бүлдіршін.
Шықылықтап күлсе сол бір бүлдіршін.
Лықсып ағар көзімнен жас бұрқ етіп,
Өмір өтіп кеткендігін білдім шын.
Тонның ішкі бауындай боп үлбір шын
Ішкі әлемнің шамындай бір күн жүрсін.
Балалықты өлтірмеңдер іштегі
Бақыт сонда жүрген шығар, кім білсін.                 
***
Қатты жауып кеткенмін есігіңді…
Неге ұмытып қалмаймын есіміңді?
Неге ұмытып қалмаймын есімімді?
Неге қарғыс атпайды дүниедегі
Барлық телефондарды өшірулі?
Қатты жауып кеткенмін есігіңді.
Қатты жауып кеткенсің есігімді.
Көктеміңді қайтып ал кешігулі
Күзіңді де қайтарам өшігулі.
Сенің содыр жүрегің басып алған
Мендік сорлы жүректе басы қалған.
Бұл жынды хал қаңғып жүр кеңістікте
Тақтайшасын мойнына асып алған.
Тұтқын болып сезімге ұсталғандар!
Өлтіруге және оны құштар жандар!
Аясында өліңдер махаббаттың
Аясынан байланыс тыс қалғандар!

***
Үнсізсің…
Бәрін де білесің!
Сендікпін!
Ізі де қалмады өрліктің.
Үш күнде көрге де үйренер,
Мен тіпті өзіме көндіктім.
Көндіктім жаумайтын жаңбырға,
Көндіктім көнбейтін тағдырға.
Өлімге көндіктім қаңғырған
Көндіктім айналса жан нұрға.
Осыдан өледі өлсе адам,
Үнсізсің…
Таусылды дем, шарам…
Не деген тәкаппар үнсіздік
Көндіге алмадым мен соған…

***
Теріс кетіп барамыз теріс келіп…
Тұншығатын түндерді бөліспедік.
Күн шығатын күндерді бөліспедік.
Ынтығатын кездерді бөліспедік,
Ұмтылатын сөздерді бөліспедік.
Өрт пен уды қақ бөліп, тең ішпедік,
Сүйдік және жек көрдік…
Беріспедік…
Көріспедік!
Өбісіп өліспедік!
Теріс кетіп барамыз теріс келіп.
Ештеңеге ешқашан келіспедік.
Сүю қаһ қой. Сонда да сеніспедік.
Жараса алмау – жолы ма ібілістің?
Жара салмау – емес ол періштелік!
Жанарымда қанша күн боталадың?
Мен сонша рет кештім ғой от алаңын.
Сен ішіме сыймадың, от адамы,
Мен сонда да атыңды атамадым.
Ақыл менен жүректің мәрт егесі –
Маған таныс бұл өрттің әр төбесі.
Екеумізге бұйырған бақ шығар бұл –
Сүймеу, жанбау, сағынбау мәртебесі.
***
Ажалға да шыңыраудан үңілген
Бердім сенің атыңды.
Барлық естен адасатын сәттерге,
Жан отымен жанасатын сәттерге,
Жүрек пен ми таласатын сәттерге,
Қасіретіңнен әрі асатын сәттерге
Бердім сенің атыңды.
Сағынышқа буындырған қос қолмен,
Құштарлыққа сені ғана хош көрген,
Азабыма сені ғана дос көрген,
Үмітіме әр күн сайын бос келген
Бердім сенің атыңды.
Барлық уға өзің сұрап сімірген,
Барлық отқа тұтанатын іңірден,
Барлық оққа қарауылға шын ілген,
Ажалға да шыңыраудан үңілген
Бердім сенің атыңды.
Жүрегіндей жауға шапқан ер түмен
Сүйіп өту үшін берген сертіме,
Өзегіме өзің қойғаң өртіңе,
Ұйқысыздық, ұмыта алмау дертіне
Бердім сенің атыңды!

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Гузель Яхина: Тарихи роман жазу кезінде ұлттық көзқарасты ескермей кетуге болмайды

Келесі жазба

Сафина Ақтай. Сүйрік

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Мәңгілік қоңыр күз  (Қалиханды еске алу)
Әдебиет әлемі

Мәңгілік қоңыр күз (Қалиханды еске алу)

26.07.2025
«Жастар» театры әдеби-драматургиялық байқау жариялады
Әдебиет әлемі

«Жастар» театры әдеби-драматургиялық байқау жариялады

24.07.2025
Сафина Ақтай. Сүйрік
Проза

Сафина Ақтай. Сүйрік

24.07.2025
Келесі жазба
Сафина Ақтай. Сүйрік

Сафина Ақтай. Сүйрік

«Жастар» театры әдеби-драматургиялық байқау жариялады

«Жастар» театры әдеби-драматургиялық байқау жариялады

Мәңгілік қоңыр күз  (Қалиханды еске алу)

Мәңгілік қоңыр күз (Қалиханды еске алу)

«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы