• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Төлен Тілеубай: Бала жүрегіне жететін шығармалар керек

01.08.2025
- Әдебиет әлемі
Оқу уақыты: ~ 4 минут
A A
Редакция

«Қазір интернетте жағымсыз әрі керексіз ақпарат көп. Өркениетті елдер осындай ақпарат тасқынында баланың ой-санасын былғамауға ерекше көңіл бөледі. Мектепке баратын оқушының қолына әдеби кітап ұстатады. Олардың балалары біздегідей кез-келген уақытта интернетке кіріп, әлеуметтік желілердегі өзіне керексіз ақпаратты тұтынбайды. Бізге де керегі – осы», дейді Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, әлеуметтік ғылымдар магистрі, медиа зерттеуші, журналист-публицист Төлен Тілеубай.

Осы орайда Т. Тілеубайдың «Шалқар» радиосындағы «Нысана» бағдарламасына берген сұхбатының ықшамдалған нұсқасын «Жазушы» порталы оқырмандарының назарына ұсынамыз. Сұхбатта қаламгер балалар әдебиетінің бүгінгі жай-күйі, оны дамыту жолдары, осы саладағы түйткілді мәселелер, кітап оқу мәдениетін өркендету сияқты тақырыптарда орамды ойларымен бөліседі.

 – «Түлкілітаудың аспаны» атты алғашқы повесіңіз бен бірнеше әңгімелеріңіз енген еңбегіңізді оқып шықтым. Шығармада ауыл өмірі, адамгершілік құндылықтар, табиғат пен үйлесім тақырыптары көркем суреттеледі. Жинақ атауын «Түлкілітаудың аспаны» деп алуыңыздың мәні неде?

– Түлкілітау – Сарыарқаның кіндігіндегі тау. Баурайында Ақши деген ауыл бар. Биыл 50 жылдығын атап өтеді. 1975 жылы іргесін көтерген ауылға 1979 жылы көшіп бардық. Қазіргі атауы – Кежек. Оның айналасында Аюлышат, Ақкемер, Қызылжал, Алмалы, Түлкілі, Арқарқамалған, Қарашоқы, Оралбай, Қайдауыл-Шеруке деп аталатын таулар бар. «Түлкілітаудың аспаны» деп аталған себебі – бала күнімде осы тауда қол орақпен шөп ордық, бүлдіргені мен тау жуасын тердік. Құр ауладық. Түлкіге тұзақ құрдық. Мөп-мөлдір бұлақтарынан су іштік. Алғаш еңбектің дәмін таттық. Бала күнімдегі осы таудың сай-саласын шарлап, тал-шіліктерін аралап жүргенде арманның тұлпарына мініп, қиялыммен шартарапты шарлайтын едім. Бала күнімде даладағы қоста шөп күзетіп жатып, Түлкілітау аспанының сұлулығына таң қалатынмын. Құс жолы ерекше әдемі болып, ап-анық көрінетін. Қиялыма қанат байлаған да осы таудың мөлдір аспаны.

– Балалар әдебиетінде ұлттық құндылықтар мен заманауи трендтер арасында баланыс қалай сақталуы керек?

– Қазіргі балалар көлемі үлкен кітаптарды оқымақ түгілі, бірнеше бет мәтінді де оқуға құлықсыз. Сол себепті, қызықты комикстер көбірек жазылса, баспалардан көптеген таралыммен шықса деп ойлаймын. Комикс жанры бізде баяу дамып келеді. Мысалы, «Балдырғандағы» басына бөрік киген Балдырғанның комикстері балаларға өте қызықты, тез оқылады. Содан соң шытырман оқиғаларға құрылған комикстер де тартымды, себебі ондағы оқиғалар сериялық тәсілмен, яғни журналдың әр санында жалғасып отырады. Бір назар аударатын жайт, көптеген комикстер шет тілдерден қазақшаға аударылады. Бұл да құптарлық іс. Алайда бізге ұлттық комикстер өндірісін қалыптастыру қажет. Ертеңгі күнімізді ойласақ, балалар әдебиетінің бір бөлек саласы ретінде осыған жіті көңіл бөлуіміз керек. Бұл жерде жапондардың Мангасынан үлгі алуға болады. Жапондар көлемі 300 беттік Мангаларды бас көтермей оқиды. Неге? Себебі, өте қызықты. Суретпен берілген хикаялар әр жапон баласының жүрегінен орын алады. Ұлттық комикс дегеніміз осы.

– Балаларға қызықты әдебиет жасау үшін авторлар қандай бағытқа назар аударуы тиіс?

– Әлеуметтік желілер күн сайын жарқ-жұрқ еткен дүниелермен баланың назарын өзіне аударып жатқан заманда қандай қызықты шығарма жазылуы керек? Шағын әңгімелер. Шағын әртегілер. Қызықты өлең-жырлар. Заманауи комикстер. Ұлттық комикстер туралы ойымды жоғарыда айттым. Комикстердің аудармасы деген де мәселе бар. Ол аудармаларды белгілі бір сүзгіден өткізетін көркемдік кеңес, құзырлы комиссия жоқ. Әркім өз шамасына қарай аударып, шығарып жүр. Меніңше, осы бағыттарға Үкімет те, балалар жазушылары да дұрыстап көңіл бөлетін уақыт келді. «Аруна» баспасы шығарған кітаптардың мазмұны шағын, қағазы қалың, бағасы қымбат. Әр үйдің балалары сатып алып, оқи алмайды. Иллюстрациялық кітаптарға Бэтмэн, Өрмекші адамды емес, заманауи ұлттық қаһармандарымызды бейнелесек, ұтамыз. Қазақ балалар әдебиетінде тақырып жетерлік. Тек сол тақырыпты баланың талғамына сай ұсынуға келгенде дағдарыс бар сияқты. «Balapan»-дағы «Тоқты мен Серке», «Жібек», «Ертемір», «Айдар», «Аралар отбасы» сияқты мультфильмдерді, «Расулдың хикаялары», «Тентек», «Теңбіл доп» сияқты телехикаяларды қазақ балалары қызығып көріп жүргені рас. Бірақ, олардан өзге өнімдер болмаған соң, қайталап қояды. Кішкентай көрермендер де қайталап көре береді. Біраз уақыттан кейін, одан жалығып, басқа тілдегі телеарналарға ауысады. Мысалы, шетел тілінен аударылған «Элвин және алақоржындар» деген мульттоптама балаға да, үлкенге де әрқашан қызықты. Себебі, баланың психикасына қарай жалықтырмайтын, өзіне тартып алатын оқиғалардан құралған. Яғни, балалар аудиториясының сұранысына нағыз келетін дүниені әлемдік нарыққа шығарған. Сөздің шындығына келсек, бүгінгі балалар тек кітап оқып, теледидар көріп өсіп келе жатқан ұрпақ емес. Интернет біздің өмірімізге дендеп енгеннен бері соның игіліктерін толық пайдалана алатын буын өсіп келеді. Қазір кез келген жастағы баланың қолына смартфон берсең, суда жүзген балықтай тетіктерін басып, өзіне қызықты дүниелерді тауып алады. Өкініштісі сол, интернетте мемлекеттік тілдегі туындылар аз. Сол себептен ата-аналар балаларының қолына смартфон ұстатқанда «Маша и медведь», «Щенячий патруль», «Барбоскины», «Приключения Лунтика и его друзей» сияқты ең танымал мультфильмдерді қосып береді. Мысалы, YouTube-та «Маша и медведь»-ті 2,2 миллиард адам көреді екен. Әлем халқының 20 пайызы осы туындыны тамашалайды. Әзірше, қазақ тіліндегі мұндай өнім жоқ. Телеарналарда да, интернетте де қазақ тіліндегі балалар контенті жұтаң деп отырғанымыз осыдан. Интернеттегі контентпен тілі шыққан балалар көркем шығарма оқыса түсінбейді. Сөзімнің басында дағдарыс дегенді осыған негіздеп айттым.

– Жорналшыдан көркем шығарма жазуға бет бұрдыңыз. Оның ішінде, балалар әдебиетіне таңдау жасапсыз. Мұндағы мақсатыңыз қандай?

– Мақсатым біреу ғана, ол – қазақ баласы тұшынып, қызығып оқитындай дүниелер жазып, ұсыну. Бала қандай кітап оқыса, қандай мультфильм немесе кино көрсе, ақыл-ойы, сана-сезімі сол арқылы жетіледі. Олар отаншыл, патриот, адал, мейірімді болып өсуі үшін, жастайынан кітап оқыса, соның ішінде ұлттық намыс, ұлттық арман туралы жазылған шығармаларды оқыса, рухани әлемі бай болады.

– Мемлекет пен қоғам балалар әдебиетін дамыту үшін қандай нақты қадамдар жасауы керек?

– Әрине, мынаны жасау керек, ананы жасау керек деп ақыл айтуға да, біреуге кеңес беруге де дайын тұрамыз. Ал өзіміз не істей аламыз? Әрбіріміз осыны тереңірек ойлансақ дұрыс болар еді. Балалар әдебиетіне жас қаламгерлердің келуі қуантады. Мәселе олардың жасында емес. Баланың тілінде, баланың жүрегіне жететіндей деңгейде жаза алуында жатыр. Өркениетті елдердегі озық үрдістер бізге де келсе деп ойлаймын. Мысалы, жазда балалар қандай кітап оқиды, қалай оқиды, қайда оқиды дегенге де немқұрайлы қараймыз. Жаз – балалар үшін де демалыс мезгілі. Бірақ ала жаздай ойынның қызығымен жүріп, үш айда бірде бір кітаптың бетін ашпаған бала күзде сабақ басталғанда бар білгенін ұмытып қалуы мүмкін. Олай болмас үшін кітаппен дос болғаны абзал. Күн сайын тым болмаса 1 сағат уақытын кітап оқуға бөліп, үйдегі үлкендермен кітап туралы ойын ортаға салып отырса, қандай керемет. Кітап оқыған баланың қиялы сергек болады, оқу дағдысы дамиды, сөйлеу шеберлігі мен есте сақтау қабілеті арта түседі. «Қазір қазақ тіліндегі балаларға арналған кітаптарды табу қиын», «Шет тілдерінен аударылған кітаптардың мазмұны балаға қабылдауға ауыр», «Баланың талғамы мен сұранысына сай келетін шығармаларды қайдан сатып алуға болады?», «Тілі жеңіл, баланы жалықтырмайтын оқиғалары бар қызықты кітапты кім біледі?» деген сауалдарды әлеуметтік желілерден оқып, көріп жүрмін. Осындай сұрақтар мазалаған жандардың бәріне «Түлкілітаудың аспаны» атты көркем шығармалар жинағымды оқуға ұсынамын.

– Рақмет!

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Сағадат Ордашева. Жүрдектегі жұбату

Келесі жазба

Ретбек Мағаз. Мегежін және қызыл бұрыш

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Сағадат Ордашева. Жүрдектегі жұбату

Келесі жазба

Ретбек Мағаз. Мегежін және қызыл бұрыш

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Дүйсенәлі Әлімақын. Кафка соты қалай аяқталды?
Әдебиет әлемі

05.08.2025
Айқын Нұрқатов. Абайдың ақындық дәстүрі
Әдебиет әлемі

Айқын Нұрқатов. Абайдың ақындық дәстүрі

04.08.2025
Ақылбек Шаяхмет. «Толстой бар, Чехов пенен Пушкин бар, Елубай жоқ, Қапан менен Серке жоқ…»
Поэзия

Ақылбек Шаяхмет. «Толстой бар, Чехов пенен Пушкин бар, Елубай жоқ, Қапан менен Серке жоқ…»

04.08.2025
Келесі жазба
Ретбек Мағаз. Мегежін және қызыл бұрыш

Ретбек Мағаз. Мегежін және қызыл бұрыш

Ақылбек Шаяхмет. «Толстой бар, Чехов пенен Пушкин бар, Елубай жоқ, Қапан менен Серке жоқ…»

Ақылбек Шаяхмет. "Толстой бар, Чехов пенен Пушкин бар, Елубай жоқ, Қапан менен Серке жоқ..."

Айқын Нұрқатов. Абайдың ақындық дәстүрі

Айқын Нұрқатов. Абайдың ақындық дәстүрі

«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы