• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Әбіш Кекілбаевтың жеке мұрағаты Президент архивіне тапсырылды

07.07.2025
- Әдебиет әлемі
Оқу уақыты: ~ 2 минут
A A
Абай Аймағамбет

Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбаевтың жеке мұрағаты Президент Архивіне тапсырылды. Салтанатты шарада жазушының отбасы мүшелері, мемлекет және қоғам қайраткерлері құттықтау лебіздерін білдіріп, Әбіш Кекілбайұлының рухани-мәдени мұрасының ел тарихындағы орнын атап өтті.

Құжаттарды тапсыру туралы келісімшартқа қол қойылып, көпшілік назарына жазушының құнды құжаттары, жеке хаттары, Парламент пен Үкіметтегі баяндамалары, сирек фотосуреттері, жеке заттары мен тарихи бейнежазбалары ұсынылды. Жалпы, архивке 22 мыңнан астам парақтан тұратын 300-ден астам құжат жинағы берілді.

«Осы құжаттарды реттеу және рәсімдеу жұмыстары 2 жылдан астам уақыт алды. Тәуелсіздік алған кезде жазылған, сөйлеген сөздері мен баспада басылған мақалалардың түпнұсқалары да осы жерде сақтаулы. Атамыздың 99-жылдан бастап әлі көз көрмеген, ешқайда жарияланбаған өлең кітаптарын тапқанбыз. Ол өлең кітабы былтыр 85 жылдығына табысталған», дейді жазушының немересі Абыл Кекілбаев.

Архивтік құжаттарды тапсыру жөніндегі ресми келісімшартқа жазушының немересі Абыл Кекілбаев пен Президент Архивінің директоры Әлия Мұстафина қол қойды.

Президент Архивіне тапсырылған  22 мыңнан астам парақ және 308 сақтау бірлігінен тұратын мұрағатта жазушының көркем туындыларының түпнұсқалары, жеке қолжазбалары, саяси баяндамалары, ресми қызмет кезіндегі жазбалары, тіпті іссапарлық естеліктеріне дейін түгел қамтылған. Көпшілік біле бермейтін бір ерекшелік – Әбіш Кекілбайұлы барлық еңбегін қолмен жазған.

Президент Архиві бүгінде 1,5 миллионнан астам сақтау бірлігін қамтиды. Оның ішінде ғылым, мәдениет, саясат саласында елге еңбегі сіңген тұлғалардың жеке қорлары бар. Енді сол тізімге Әбіш Кекілбайұлының архиві де қосылды.

«Әбіш Кекілбайұлы – терең ойлы, мемлекетпен елге адал қызмет еткен қайраткер. Ол Жоғарғы Кеңестің төрағасы, Мемлекеттік хатшы сияқты!жауапты қызметтерде болып, тәуелсіз елдің даму бағытына үлкен үлес қосты. Оның жеке архиві – егемен Қазақстанның қалыптасу кезеңіндегі саяси шешімдер мен тарихи оқиғаларды терең зерделеуге мүмкіндік беретін құнды дереккөз», деді Президент Архивінің директоры Әлия Мұстафина.

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Қасірет жылнамасы

Келесі жазба

Абзал Мақаш. «Ит асырап аламын-ау түбі мен»

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Қасірет жылнамасы

Келесі жазба

Абзал Мақаш. «Ит асырап аламын-ау түбі мен»

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Дүйсенәлі Әлімақын. Кафка соты қалай аяқталды?
Әдебиет әлемі

05.08.2025
Айқын Нұрқатов. Абайдың ақындық дәстүрі
Әдебиет әлемі

Айқын Нұрқатов. Абайдың ақындық дәстүрі

04.08.2025
Ақылбек Шаяхмет. «Толстой бар, Чехов пенен Пушкин бар, Елубай жоқ, Қапан менен Серке жоқ…»
Поэзия

Ақылбек Шаяхмет. «Толстой бар, Чехов пенен Пушкин бар, Елубай жоқ, Қапан менен Серке жоқ…»

04.08.2025
Келесі жазба
Абзал Мақаш. «Ит асырап  аламын-ау түбі мен»

Абзал Мақаш. «Ит асырап аламын-ау түбі мен»

Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»

Лев Толстой. «Күнә жасамау – мүмкін емес»

Лев Толстой. «Күнә жасамау – мүмкін емес»

«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы