• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Абзал Мақаш. «Ит асырап  аламын-ау түбі мен»

Абзал Мақаш. «Ит асырап аламын-ау түбі мен»

08.07.2025
- Поэзия
Оқу уақыты: ~ 3 минут
A A
Абзал Мақаш

Нағыз аудармада сөз ғана емес, сезім де, сағыныш та, үнсіздік те аударылады. Түпнұсқа мен тәржіме арасында тек тіл емес, тұтас бір рух көпірі тұрады. Сол өткелде ақын Абзал Мақаштың өзіндік ізі бар. Сезініп көріңіздер.

Иван Бунин. Жалғыздық

Но для женщины прошлого нет…

Кемпір сынды келбетіне із түскен,
Жылайды жер тонаттырып бәз қалпын.
Жапырақпен кебінделіп күз пішкен,
Жел-табытпен кетті аттанып Жаз марқұм!
Ал мен қалдым… Емін таппай жан дерттің,
Тасасында тығыламын мольберттің…

Кеудемдегі үп еткенмен ескі үміт,
Жалмамапты сезім деген жаныңды өрт.
Кеше ғана (кешсін құдай) кешкілік,
Саған қарай бастап едім жарым деп.
Хош… Қойнымда жатпаса да енді ешкім,
Өлмеспін!

Жанарыңдай жасқа бөккен ең жәудір,
Мұң тамшылап бұлт көзінен бірде ептеп.
Кетті жуып іздеріңді сол жаңбыр,
Дертті жігіт қала берді дірдектеп.
Қала бердім «қайта ғойшы, қайт» деумен,
Маған ауыр жалғыз қалу әйткенмен…

Қайрылмадың! (Бар да шығар өзімнен)
Айрылғаным – менің мәңгі шер-налам!
Елес те жоқ екеуара сезімнен,
Бөтенмін мен енді оған!
Құрсын бәрі! Бүгін ішем түнімен!
Ит асырап аламын-ау түбі мен…

 

 

Евгений Евтушенко. Сені сүйем мен артық табиғаттан

Я люблю тебя больше счастья.
Я люблю тебя больше любви.

Сені сүйем мен артық табиғаттан,
Табиғаттың жоқ әлде өзімісің.
Сенсіз еркіндігім де – фәни қақпан,
Қағидаттан ада сол сезім үшін.

Сені сүйем күйсем де отқа қанша.
Бұйырғаны о, мейлі маған сол ма?
Сені сүйем жүрегім тоқтағанша!
Жо-жоқ,
сүйіп жатамын одан соң да!

Шексіз, шетсіз сүйемін.
Шартсыз және,
Жаннан қымбат көретін жарық нұрым.
Тақсыретін сезімнің тартқыз қане,
Жалыныңа кетейін жанып бүгін.

Сені сүйем Шекспирден бір аунымай,
Күллі әуеннен алмайтын өзге әсерсің!
Сені мәңгі сүйемін бұдан былай,
Сөз де сенсің мен үшін,
Саз да сенсің!

Сені сүйем!
Адыра қалсын қалсын шенім,
Келешекке бастайық келші, ботам.
Сенен ғана сусаған қансын шөлім,
Сенсің баһар көктемім.
Сенсің Отан.

Мұңайсаң да жанардан тамшы құлап,
Сұрай берме сен үлес шапағаттан.
СЕНІ СҮЙЕМ БАҚЫТТАН АРТЫҒЫРАҚ,
СЕНІ СҮЙЕМ ҚАТТЫРАҚ МАХАББАТТАН!

 

 

Уильям Шекспир. 153-сонет
Но мне не помогло, себя я излечу…
Көкжиекке күн шөккенде күрсініп,
Қыркүйекте. Сол бір дала. Солғын бақ.
Пері қыздар – көңілі ызғар, тым суық,
Купидонның шам шырағын алды ұрлап!
Салды суға, кетті қайнап шыны көл,
Ыстығынан ытқыды қыз, шыңды асып.
«Ғашықтықтың қазанынан» бүгін ел,
Су ішуге асығады бір қасық.
Ал, Купидон, оттық іздеп талыққан,
Жанарынан жалын алды жарымның.
Сол жалынмен жалғыздықтан жабыққан,
Жартасына жарық құйды жанымның!
Ол жарықты өшірер тек, жан жолдас,
Ғашығымның жанарынан тамған жас!

Евгений Евтушенко. Бер, Тәңірім!

Дай бог ну хоть немного Бога!

Соқырға көз,
Пақырға бөз
бер, тәуір,
Көрден бұрын һәр бүкірдің жаз белін.
Мүмкін болса, болайыншы мен Тәңір,
Крестте өлуге зауқым бірақ аз менің.

Басшылықтан сақта құдай қажыған,
Батырсынған қатынына тек үйде.
Бер бақуат! Артсын байлық, қазынам
Ел тонамай… (шама келсе, әрине)

Қуырдықтың етін алар қу бастан,
Әккі қылма.
Әпенді де қылма рас.
Сұм да қылма суға бал деп у қосқан,
Құл да қылма көзінен жас құрғамас.

Жыртылғаннан сақтай құдай жағаның,
Төбелесте басынуға төзбес дым.
Тисін өзге думанды елге табаным,
Тиіспесе туған жерге өзге ешкім.

Ел нәсіп ет азаматтың талабын
Ұлықтайтын!
Жуытпайтын арға сын!
Жар нәсіп ет! Суық үйде қабағын
Суытпайтын!
Ұмытпайтын тәубасын!

Атсын сәби іңгәсімен абат таң,
Суайттардың өшір құдай сұңқылын.
Жамалыңды жария қыл Жаратқан,
Жанарымды жапқанынша кірпігім!

Болмаған соң жан рәсуа, бас құрбан,
Сайтан мінді сен шығатын тағыңа.
Адам айуан…
арам айлам асқынған,
Адал ойдан арай түсір арыма.

Не тілесек барлығын бер қалайда,
Обалына қалмай жарлы-жалпының.
Бер Тәңірім!
Бергеніңмен алайда
Қайырын бер,
қайырын бер артының!

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Әбіш Кекілбаевтың жеке мұрағаты Президент архивіне тапсырылды

Келесі жазба

Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»

Нағыз аудармада сөз ғана емес, сезім де, сағыныш та, үнсіздік те аударылады. Түпнұсқа мен тәржіме арасында тек тіл емес, тұтас бір рух көпірі тұрады. Сол өткелде ақын Абзал Мақаштың өзіндік ізі бар. Сезініп көріңіздер.

Иван Бунин. Жалғыздық

Но для женщины прошлого нет…

Кемпір сынды келбетіне із түскен,
Жылайды жер тонаттырып бәз қалпын.
Жапырақпен кебінделіп күз пішкен,
Жел-табытпен кетті аттанып Жаз марқұм!
Ал мен қалдым… Емін таппай жан дерттің,
Тасасында тығыламын мольберттің…

Кеудемдегі үп еткенмен ескі үміт,
Жалмамапты сезім деген жаныңды өрт.
Кеше ғана (кешсін құдай) кешкілік,
Саған қарай бастап едім жарым деп.
Хош… Қойнымда жатпаса да енді ешкім,
Өлмеспін!

Жанарыңдай жасқа бөккен ең жәудір,
Мұң тамшылап бұлт көзінен бірде ептеп.
Кетті жуып іздеріңді сол жаңбыр,
Дертті жігіт қала берді дірдектеп.
Қала бердім «қайта ғойшы, қайт» деумен,
Маған ауыр жалғыз қалу әйткенмен…

Қайрылмадың! (Бар да шығар өзімнен)
Айрылғаным – менің мәңгі шер-налам!
Елес те жоқ екеуара сезімнен,
Бөтенмін мен енді оған!
Құрсын бәрі! Бүгін ішем түнімен!
Ит асырап аламын-ау түбі мен…

 

 

Евгений Евтушенко. Сені сүйем мен артық табиғаттан

Я люблю тебя больше счастья.
Я люблю тебя больше любви.

Сені сүйем мен артық табиғаттан,
Табиғаттың жоқ әлде өзімісің.
Сенсіз еркіндігім де – фәни қақпан,
Қағидаттан ада сол сезім үшін.

Сені сүйем күйсем де отқа қанша.
Бұйырғаны о, мейлі маған сол ма?
Сені сүйем жүрегім тоқтағанша!
Жо-жоқ,
сүйіп жатамын одан соң да!

Шексіз, шетсіз сүйемін.
Шартсыз және,
Жаннан қымбат көретін жарық нұрым.
Тақсыретін сезімнің тартқыз қане,
Жалыныңа кетейін жанып бүгін.

Сені сүйем Шекспирден бір аунымай,
Күллі әуеннен алмайтын өзге әсерсің!
Сені мәңгі сүйемін бұдан былай,
Сөз де сенсің мен үшін,
Саз да сенсің!

Сені сүйем!
Адыра қалсын қалсын шенім,
Келешекке бастайық келші, ботам.
Сенен ғана сусаған қансын шөлім,
Сенсің баһар көктемім.
Сенсің Отан.

Мұңайсаң да жанардан тамшы құлап,
Сұрай берме сен үлес шапағаттан.
СЕНІ СҮЙЕМ БАҚЫТТАН АРТЫҒЫРАҚ,
СЕНІ СҮЙЕМ ҚАТТЫРАҚ МАХАББАТТАН!

 

 

Уильям Шекспир. 153-сонет
Но мне не помогло, себя я излечу…
Көкжиекке күн шөккенде күрсініп,
Қыркүйекте. Сол бір дала. Солғын бақ.
Пері қыздар – көңілі ызғар, тым суық,
Купидонның шам шырағын алды ұрлап!
Салды суға, кетті қайнап шыны көл,
Ыстығынан ытқыды қыз, шыңды асып.
«Ғашықтықтың қазанынан» бүгін ел,
Су ішуге асығады бір қасық.
Ал, Купидон, оттық іздеп талыққан,
Жанарынан жалын алды жарымның.
Сол жалынмен жалғыздықтан жабыққан,
Жартасына жарық құйды жанымның!
Ол жарықты өшірер тек, жан жолдас,
Ғашығымның жанарынан тамған жас!

Евгений Евтушенко. Бер, Тәңірім!

Дай бог ну хоть немного Бога!

Соқырға көз,
Пақырға бөз
бер, тәуір,
Көрден бұрын һәр бүкірдің жаз белін.
Мүмкін болса, болайыншы мен Тәңір,
Крестте өлуге зауқым бірақ аз менің.

Басшылықтан сақта құдай қажыған,
Батырсынған қатынына тек үйде.
Бер бақуат! Артсын байлық, қазынам
Ел тонамай… (шама келсе, әрине)

Қуырдықтың етін алар қу бастан,
Әккі қылма.
Әпенді де қылма рас.
Сұм да қылма суға бал деп у қосқан,
Құл да қылма көзінен жас құрғамас.

Жыртылғаннан сақтай құдай жағаның,
Төбелесте басынуға төзбес дым.
Тисін өзге думанды елге табаным,
Тиіспесе туған жерге өзге ешкім.

Ел нәсіп ет азаматтың талабын
Ұлықтайтын!
Жуытпайтын арға сын!
Жар нәсіп ет! Суық үйде қабағын
Суытпайтын!
Ұмытпайтын тәубасын!

Атсын сәби іңгәсімен абат таң,
Суайттардың өшір құдай сұңқылын.
Жамалыңды жария қыл Жаратқан,
Жанарымды жапқанынша кірпігім!

Болмаған соң жан рәсуа, бас құрбан,
Сайтан мінді сен шығатын тағыңа.
Адам айуан…
арам айлам асқынған,
Адал ойдан арай түсір арыма.

Не тілесек барлығын бер қалайда,
Обалына қалмай жарлы-жалпының.
Бер Тәңірім!
Бергеніңмен алайда
Қайырын бер,
қайырын бер артының!

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Әбіш Кекілбаевтың жеке мұрағаты Президент архивіне тапсырылды

Келесі жазба

Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Дүйсенәлі Әлімақын. Кафка соты қалай аяқталды?
Әдебиет әлемі

Дүйсенәлі Әлімақын. Кафка соты қалай аяқталды?

05.08.2025
Айқын Нұрқатов. Абайдың ақындық дәстүрі
Әдебиет әлемі

Айқын Нұрқатов. Абайдың ақындық дәстүрі

04.08.2025
Ақылбек Шаяхмет. «Толстой бар, Чехов пенен Пушкин бар, Елубай жоқ, Қапан менен Серке жоқ…»
Поэзия

Ақылбек Шаяхмет. «Толстой бар, Чехов пенен Пушкин бар, Елубай жоқ, Қапан менен Серке жоқ…»

04.08.2025
Келесі жазба
Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»

Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»

Лев Толстой. «Күнә жасамау – мүмкін емес»

Лев Толстой. «Күнә жасамау – мүмкін емес»

Иесіз қалған раушан гүл мен жапон жаулығы

Иесіз қалған раушан гүл мен жапон жаулығы

«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы