• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
  • Дайджест
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
  • Дайджест
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қосшыдағы рухани орда: Жаңа кітапхананың ерекшелігі қандай?

03.06.2025
- Сұхбат
Оқу уақыты: ~ 4 минут
A A
Жайна Тұрарбек

Қосшы «қала» мәртебесін иеленгеннен кейін 8,5 мың шаршы метр аумақты алып жатқан қоғамдық мәдени-спорт кешені бой түзеген болатын. Ғимарат жеке инвестиция көмегімен салынып, мемлекет меншігіне берілген. Кешен ашыла салып, ғимарат ішіндегі заманауи жабдықталған кітапхана ел көзіне бірден ілікті. Айырықша дизайны мен ғажайып атмосферасы бірден көзге түсті. Таяуда киелі шаңыраққа арнайы барып, кітапхана басшысы Сымбат Бауыржанқызымен әңгімелесудің сәті түсті.

Жастар да, зейнеткерлер де көп келеді

– Сымбат Бауыржанқызы, кітапхана қанша адамға лайықталып салынған?  

– Кітапхананы бір уақытта 40-50 адам пайдалана алады. Отырып дәріс оқитын парталардан бөлек, жастықша орындар бар, балаларға ыңғайлы жерлер де қарастырылған. Оқырмандар бірі келіп, бірі кетіп жататындықтан кітапхананы бір күнде бас-аяғы 100-ге тарта адам пайдаланады десек болады. Оның үстіне, қазір біздің кітапханамыз әлеуметтік желіде танымал болып жатқындықтан оқырмандар үзілмей келіп жатыр. Тек Қосшы тұрғындары емес, басқа қалалардан да ат басын бұрушылар көп. Көбіне оқырмандар саны түс ауа көбейіп, жабылатын уақытқа дейін азаймайды.

– Оқырмандардың басым көпшілігі қай жастағы азаматтар?

– Көпшілікке арналған кітапхана болғандықтан жас шектеуі жоқ. Әріп танитын балалардан бастап, зейнет жасындағы қарияларға дейін келіп кітап оқиды. Алайда оқырмандардың басым бөлігі жастар екенін айта аламыз. Сабақтан шыққан оқушылар мен студенттер осында келіп тапсырмаларын орындайды, емтихандарына дайындалады. Зейнеткерлер де жиі келе бастады. Бұл үрдіс әрине, бізді қуантады. Жұмыскер топ болғандықтан орта жас өкілдерінің қатары сирек.

– Кітапханада қандай жанрдағы кітаптарға басымдық берілген?

– Біздегі кітаптар түрлі жанрда. Балалар әдебиеті де жеткілікті. Көркем әдебиеттен бастап сала бойынша түрлі кітаптарды таба аласыз. Әрине, сұраныста көбіне көркем әдебиет жүреді. Соның ішінде балалар көбіне комикстарды, фантастиканы, non-fiction жанрын жақсы көрсе, орта жастағы оқырмандар шетел әдебиеті аудармаларын, өзіміздің классиканы сүйіп оқиды. Фантастика, детектив жанрын оқитын оқырмандар да аз емес. Сондықтан кітапхана барлық жанрды қамтуға тырысады.

Дәулеткерей Кәпұлы 500, Нұрлан Сәрсенбекұлы 1000 кітап сыйға тартты

– Қазір кітап қоры қанша? Кітаптарды қайдан толықтырасыздар?

– Кітаптар жергілікті бюджет есебінен толықтырылады. Осыған дейін облыстық бюджеттен қаражат бөлінген болатын. Биыл жаңа ғимараттың ашылуына орай жергілікті бюджеттен 15 миллион теңге арнайы кітап қорына бөлінді. Сонымен қатар қонаққа келген авторлар да өздерінің кітаптарын сыйға тартып жатады. Мысалы, олимпиада чемпионы Александр Винокуров өзінің кітабын сыйлады. Ашылған бойда Дәулеткерей Кәпұлы өзінің жеке кітапханасынан кітаптарды сыйға тартты. Ол кісінің сыйлаған кітаптарының бас аяғы 500-ге жуықтайды. «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Сәрсенбекұлы мыңға жуық кітап сыйлады. Жақында ғана «Медицина жастарының» жетекшісі Абылайхан мырза Мұхтар Мағауиннің жиырма алты томдық жинағын тарту етті. Жалпы, қазір кітапханадағы кітап саны 20 мыңға жуықтап тұр.

– Кітапхананың оқырмандарға арналған қандай ережелері бар?

– Ең бірінші кітапханаға жаңадан келген адам міндетті түрде оқырман ретінде тіркелуі тиіс. Ол үшін әр оқырман өзінің жеке басын куәландыратын құжатпен келуі керек. Осыдан кейін ғана ол кісі оқу залында кітап оқи алады. Ал Тайтөбе ауылының немесе Қосшы қаласының тұрғыны болса бастапқыда бір кітапты 15 күнге үйіне алып кетіп оқуына болады. Оқып бітірмеген жағдайда уақытылы мерзімін создырып отыруы тиіс. Егер оқырман кітаптарды өз уақытымен әкеліп тұрса, кейін үш кітапқа дейін ала алады. Басқа қалалардан келетін оқырмандар тек оқу залында оқи алады.

Кей оқырмандарымыз фото, видео түсіруге құмар. Осы жерде reels түсіріп, контент жасағымыз келеді дейді. Алайда бұл жер – түсірілім алаңы емес. Олар кітап оқып, ғылыми тұрғыдан ізденіп жатқан басқа азаматтарға кедергі келтірмеуі керек қой. Осыны түсіндіріп, ортақ ережеге бағынуға шақырамыз. Кітапхана мәдениетін сақтай білу де үлкен жауапкершілікті талап етеді.

«Жылжымалы кітапхана» жобасы кімдерге арналған?

– Түрлі әдеби, мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастырылып жатқан шығар?

– Әлбетте. Әр жыл сайын мерейтой иелеріне арналған іс-шаралар мен кездесулер өтеді. Ақын-жазушылармен әрдайым байланыста болуға тырысамыз. Орталық ашылғаннан кейін сәуір айында Санжар Керімбай келіп дәріс оқып кетті. Өткен жұмада алаштанушы ғалым Қайырбек Кемеңгер оқырмандармен жүздесті. Оның алдында Шоқан Уәлихановтың 100 жылдығына арналған конференцияны да абыроймен өткіздік. Сол конференция аясында Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, академик Серік Негимов пен белгілі журналист, шоқантанушы Жарылқап Бейсенбай ағаларымыз келіп,  баяндама жасады. Қаншама тағылымды ойлар айты.

Айына 4-5 толымды іс-шара ұйымдастырып, Қосшыдағы рухани ортаның жандануына, жастардың білім көкжиегінің кеңеюіне мейлінше үлес қосуға тырысып жатқан жайымыз бар. Оқырмандар арасында «Сіз білесіз бе?» деген сұрақ-жауап ойынын өткізуді жоспарлап отырмыз.

– Осы ретте кітапхана тікелей мұрындық болып ұйымдастырып жатқан жеке жобалар туралы айтып өтсеңіз?

– «Жылжымалы кітапхана» атты жобамыз бар. Яғни біз кітапханаға келуге қолдары тимейтін маман иелеріне өзіміз барып, кітапталқы жасап, кездесу ұйымдастырып тұрамыз. Тағы бір жобамыз «Кітап оқы» деп аталады. Мерейтойлар қарсаңында, тоқсанына бір рет байқау жариялаймыз. Таңдалған шығарманың желісі бойынша жастар арасында байқау өткіземіз. Кітапты оқып, дайындалып келген қатысушыларға біз кезең-кезеңімен тапсырма дайындаймыз. Соңында жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен, кітаптармен марапаттаймыз.

«Әдеби қонақжай» деген жобада ақын-жазушылар қонаққа келіп, оқырмандар сауалына жауап береді. Өлең оқылып, ән айтылады. Қысқаша айтқанда, сырлы сұхбат кеші ұйымдастырылады. Сонымен бірге, «мобильді кітапхана» дейтін жобамыз бар. Аялдамаларға онлайн кітаптардың QR-кодын жабыстырдық. Бұл сәл де болса тұрғындарымыздың рухани сауатын арттыруға сеп.

Тағы бір айта кетерлік жаңалық – сәуір айында кітапхана жанына «Жан азық» оқырман клубы құрылды. Клуб мүшелері айына екі рет жиналып кітап талқы өткізеді. Клуб жетекшісі – кітапханашы Ұлбибі Бердіқұлқызы.

– Кітапхананың жұмыс режимі қандай?

– Дүйсенбі-жұма күндері аралығында таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Сенбі күні 9-дан кешкі 6-ға дейін есігіміз ашық.

– Кітапханада қанша қызметкер жұмыс істейді?

– Қызмет көрсету бөлімінде оқырмандармен жұмыс істейтін төрт кітапханашымыз бар. Олардың екеуі таңғы ауысымда болса, екеуі кешкі ауысымда жұмыс істейді.

– Рақмет! Жұмыстарыңыз жемісті болсын!

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

«Абайдың жұмбағы» не үшін жазылды?

Келесі жазба

Абзал Мақаш. «Ит асырап аламын-ау түбі мен»

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

«Абайдың жұмбағы» не үшін жазылды?

Келесі жазба

Абзал Мақаш. «Ит асырап аламын-ау түбі мен»

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Лев Толстой. «Күнә жасамау – мүмкін емес»
Әдебиет әлемі

Лев Толстой. «Күнә жасамау – мүмкін емес»

17.06.2025
Әйел жанының құпиясы
Проза

Әйел жанының құпиясы

16.06.2025
Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»
Поэзия

11.06.2025
Келесі жазба
Абзал Мақаш. «Ит асырап  аламын-ау түбі мен»

Абзал Мақаш. «Ит асырап аламын-ау түбі мен»

Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»

Нұрболат Жолдасбек. «Өзге ештеңе білмеймін есіміңнен, Есігің ғой сол түні кеш ілінген»

Әйел жанының құпиясы

Әйел жанының құпиясы

«Жазушы» әдеби порталы

© Жазушы порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы
  • Әдебиет әлемі
    • Сын
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Сұхбат
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
  • Дайджест

© Жазушы порталы