• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді

17.04.2026
- Әдебиет әлемі, Проза
Оқу уақыты: ~ 6 минут
A A
Абай Аймағамбет

Қырғыз Республикасының Халық жазушысы, Тоқтағұл атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев бүгінде әлем жұртшылығына аты мәлім қаламгер. Оның «Жанжаза» және «Топон» романдары көпшілік оқырманның ыстық ықыласына ие болды. Жазушының адамзаттық биік тақырыптарды қозғауы және шиеленіске жұмбақ ішінен иненің жасуындай шешім іздеген жанталасы бүгінгі уақыт бедерімен сәтті сабақтасты. Сұлтан Раев, әсіресе, қазақ оқырмандарына жақсы таныс. Оқырмандар оның жоғарыда атап өткен туындыларынан бөлек, әңгімелерін де, пьесаларын да біледі.

Жазушы таяуда ERNIS KYIAZ PODCAST хабарында жазушылыққа келуі, әдебиет жолындағы мұраты мен міндеттері туралы, «Жанжаза» романының жазылуы және басқа да мәселелер жөнінде сөз қозғады. Біз сұхбатты ықшамдап, мәтін күйінде ұсынып отырмыз.

Шукшинді басыма жастанып оқыдым

Жазушылық жолда әркімнің басып өткен әртүрлі жолы бар, өзінің шығармашылық тағдыры бар. Мені жазушылыққа жетелеген басты себеп – кітапқа деген махаббатым деп айтар едім. Бала кезімде айылда кітапхана болды. Оған менен басқа ешкім бармайтын. Сол кітапхананың 35 пайызы Ленин мен Карль Маркстің еңбектері еді. Қалғандарының арасынан әртүрлі әдебиет табылатын. Менде таңдау болған жоқ, қолыма не түссе, соны оқыдым. Әдебиет әлеміне айылдағы кітапхана арқылы келдім десем артық айтқандық емес. Бұл – бір. Екінші мәселе – атам өмір бойы пошташы болып істеді. Жалғыз аты бар еді. Қысы-жазы қар демей, жауын демей, қоржынын асынып алып, ел-жұртқа газет тарқатып жүретін. Сонда байқағаным – біздің айылдарда «Иностранная литература», «Новый мир», «Молодая гвардия» дейтін журналдарды да оқитын адамдар болды. Сонымен қатар «Алатоо» журналына да көп жазылатын. Бұл да маған әсер етті. Газеттегі мақалаларды оқитынмын. 9-класта оқып жүргенде кішкентай бір мақала жаздым. Ал сол кішкентай хабарым газетке шыққан соң, елдің бәрі мені төбесіне көтеріп, әп-сәтте мектептің Айтматовына айналып шыға келдім. Содан ұялып, одан кейін жазбай қойдым. Түйіндей айтсам, менің жазушылыққа келуіме екі дүние – айылдағы кітапхана және атамның пошташылық кәсібі әсер етті.

Мектепте жүргенде Достоевский, Тургенев, орыстың басқа да ұлы жазушыларының туындыларын оқыдым. Ақындардан да көп нәрсе үйренесің. Бір жылдары өлең жазып та көрдім. 7-8-кластарда болуы керек. Сол жылы Вьетнамда соғыс тоқтаған. Сол көңіліме айырықша әсер етсе керек, пафоспен жазып, «Қырғызстан пионері» газетіне жібердім. Бір айдан кейін газеттен хат келді. «Құрметті, Сұлтан! Өлеңіңді оқыдық. Өлеңіңде патетика көп екен» деп жазыпты. «Патетика» дегеннің не екенін түсінбеймін. Әдебиет мұғалімдеріне барып сұрасам, олар да білмейді. Жалпы, біздің айылда бұл сөзді ешкім түсінбейді екен. Кейін білсек, тым эмоцианалды деген мағынаны береді екен ғой. Жалпы, бала кезімде мен өте қиялшыл болдым. Айылға кино келсе, театр келсе үйде тауықтың жұмыртқасы қалмайтын. Себебі жұмыртқаларды, бөтелкелерді өткізіп, соның ақшасына концертке, театрға билет алатынмын.

Менің шығармашылығым университетте басталды. Басқа бір әлеуметтік ортаға келдім, студенттермен араластым, жатақханада тұрдым. Ошта жүрген кезімде «Бағыт» деген иірімге бардым. Тұрсынәлі Бостанқұлов деген ағайымыз ертіп барған. Ақын-жазушыларды өз көзіммен сол кезде көрдім. 3-курста оқып жүргенде алғашқы әңгімем мұғалімдер газетіне шықты. Ол кезде басылымға әңгіме шығару – үлкен жаңалық. Бұл өзіме де ерекше әсер етті. Көпшілік оқып, жақсы реакция білдірді. 4-курста оқып жүргенде «Күн қармаған бала» дейтін повесімді жаздым. 5-курсты бітіріп жатқанымда сол повесім жарияға шықты.

Мен осы туындым арқылы танылдым деп айтсам болады. Кітап болып шыққан соң Нарын театры мұны спектакльге айналдырды. Кейін орыс және қытай тілдеріне аударылды. Осы шығарманың арқасында Мәскеудегі жазушылар семинарына қатыстым. Сонда орыстың әйгілі жазушылары, драматургтері жас жазушыларды топ-топқа бөліп талқылаулар ұйымдастыратын. Сонда бұл повестке қатысты жақсы пікірлер айтылды. Көп ұзамай КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне өттім. Ол кезде бұл өте таңғаларлық жағдай. Өйткені жазушылар 50-ге, 60-қа келгенде КСРО Жазушылар одағына мүше болып жататын.

Әлі күнге базарға өзім барамын

Сөйтіп, менің әдебиеттегі жолым екі бағытта – прозада және драматургияда қатар өрілді. 1993 жылы «Оғыздар» деген пьеса жаздым. Оны Нұрлан Абдықадыров деген режиссер қойды. Бұл спектакль рухани ортада кәдімгідей резонанс туғызды. «Күн қармаған баланың» жаңалығынан кейін бұл ерекше жалғасын тапқан оқиға болды. Бұл повесть әу баста 9 беттік әңгіме болып жазылған еді. Студент кезде бізді қой қырқуға апаратын. Сол жерде бір баланы көріп қалдым. Сол бала менің қаһарманыма айналды. Қой қырқу кезінде де сол баланың жанына бара беремін. Оның тұрысы, сөйлеуі, өзін-өзі ұстауы, күлкісі, жалпы болмысы ерекше әсер етті. Ойымнан шықпай қойды. Ақыры қолыма қалам алып, сол баланың тағдырын суреттеуге кірістім. Осылайша, әңгіменің ауқымы кеңейіп, повестке айналды.

Өзіміздің жазушылардан бөлек, әлем әдебиетін көп оқыдым. Әсіресе, латын америкасы жазушыларын. Оның қатарында Маркес те, Борхес те, Амаду да бар. Одан бөлек, әлемдік деңгейдегі басқа жазушылар да бар. Шукшинді басыма жастап жатып оқыдым. Қырғызшасын да, орысшасын да. Осының барлығы адамға рухани өзек болады екен. Өзім елдің арасында жүргенді жақсы көремін. Халықтың ішінен ерекше кейіпкерлерді, образдарды, характерлерді, болмыстарды табамын. Оқып жүргенде де, жұмыс істегенде де, кейін министр болған кезімде де базарға өзім барамын. Қазірге дейін Ош базарындағы, Ортасай базарындағы ет сатушылардың бәрі мені таниды. Барсам болды, «Сұлтан аға, менен алыңыз, менен алыңыз» деп қарсы алады. Бәрі таласып, өздерінің өнімдерін мақтай жөнеледі. Ақырында, «осы жолы сізден алайын, келесі келгенде сізден алайын, одан соң сізден аламын» деп бәрін кезекке қоятын болдым. Кейін барғанымда «осы жолы менен алатын кезегіңіз» деп өздері еске салып жатады.

Осындай адамдардың жан-дүниесі ұнайды маған. Қанша уақыт билікте, жоғары жақта жұмыс істесем де, мен осындай адамдардан тамырымды үзіп кете алмадым. Қазір де базарға өзім барамын. Аралап жүріп адамдардың жан-дүниесіне үңілемін. Кейде көше кезбелерінің де жанынан өтемін. Әр адамның тағдыры оқылмай қалған кітап іспетті. Әңгімелерімнің түгелі адамдармен араласқандағы, халықпен етене жүріп аңғарғандағы көрген-түйгендерім. Яғни, әңгімелерімдегі кейіпкерлердің прототипі бар деп айта аламын. Министр болып жүрген кезімде де шенеуніктерге айтпайтынмын. Ұшақтан түсіп, кейде такси ұстаймын, кейде таныстарым күтіп алады, демалып, ертесіне әкімдікке барғанымда олар шошып кететін, «неге айтпадыңыз» деп. Адамдарды әуреге салғанды ұнатпаймын. Сосын өзім оңаша шәй ішіп, тамақтанғанды құп көремін. Кейде сондай жерлерде «сіз біреуге қатты ұқсайсыз?» деп қалады. «Кімге ұқсап тұрмын?» деймін мен де. Сөйтсем, «Анау бір министр бар еді ғой, Сұлтан Раевқа қатты ұқсайсыз» дейді. «Бәрі соған ұқсатады, өзім ол кісіні көрмеппін» деп қоямын. Мұның бәрі менің шығармашылық адамы болғандығымнан деп білемін.

Менің негізгі екі қаһарманым бар, ол – атам мен апам

Апам қатты ауырып жатқан кезде Бішкектен Қарасуға ұшып келдім. Жанында отырдым. Сонда шүберекке оралған бір уыс топырақты алып шығып, мынау – атаңның ауылының топырағы еді, осыны менің қабіріме де сал деді. Сол кезде «Топон» деген романым халықаралық конкурстың Гран-Приін алып, ертеңіне Швецияға ұшуым керек болып отырған. Апама соны айтып едім, «Барып кел, балам. Сені күтемін» деді. Ертесіне жолға шығып кеттім. Стокгольмдегі Нобель музейінде ерекше салтанат ұйымдастырылды. Соған қатыстық. Сол жерде маған сыйлық тапсырды. Сыйлықты алып, енді сүйіншілеп жатқан кезде «Апаң дүниеден өтті» деген хабар келді. Әлгі жердегі қуаныш, бәрі жайына қалды. Дереу Мәскеуге, одан бері қарай Ошқа ұшып келдім. Ал апам аманат еткен топырақ үйде еді. Соны қызыма айтып, Ошқа алдырдым. Кейін осы оқиғаның әсерімен «Топырақ» деген әңгімемді жаздым.

Атам жөнінде «Су» деген әңгіме жаздым. Ол кісі қажыға барып келген. Барар кезде балалары жиналып, ақша бергенімізде біздің бір тиынымызды да алмай қойды. «Бір тиын берсеңдер, менің қажылығым қабыл болмайды» деді. Сөйтсек, өзі зейнетақысын жинастырып қойған екен. Жинаған ақшасынан 500 мыңдай артылған екен, сол ақшаға айылға көпір салып беріңдер депті. Бұл екі кісі менің жазушы болуыма, тағдырымның басқаша бір соқпаққа түсуіне әсерлерін тигізді.

Құранды аударуым «Жанжазаның» жазылуына жол ашты

«Жанжаза» романын жазғанымда бүкіл жан-дүниеммен сол тақырыпқа, сол әлемге сүңгіп кеттім. Реалды емес, сюрреалды өмір кешіп жатқандай болдым. Ол жерде әртүрлі желілер, тарихи персонаждар, аңыздар, мифологиялар, түрлі философиялық ағымдар бар. Соның бәріне кірігіп, сезініп отырып жазуың қажет. Расында, солай болды. Жыландар туралы жазған кезімде аяғымның астында, денемде жыландар ирелеңдеп, әне-міне шаққалы жүргендей сезімнен арыла алмадым. Өзімді кейде бірнеше адам кейпінде жүргендей сезінемін. Көшеге шықсам, қолына пакетін ұстап алып базарға қарай бір Сұлтан кетеді. Ал мында жазумен арпалысып, өзінің жасап алған әлемінде бір Сұлтан отырады. Бірақ қанша жерден фантастикалық ағым болса да өзің соған сеніп отырасың.

1986-1987 жылдары Құранды қырғыз тіліне аудару тобында жұмыс істедім. Сонда бұл кітаптың соншалықты киелі һәм құдіретті екеніне көзім жетті. Құдайдың бар екеніне көзім жетті. Сол кездегі оқығандарым кейін «Жанжазаны» жазу кезінде көп көмек берді. Романның атауы «жан» және «жаза» деген екі сөздің бірігуінен шығып тұр. Біз айтамыз, «жан – Құдайдан» деп. Жана – таза, пәк ұғым. Ол – Құдайдың аманаты. Біз соны сақтай білуіміз керек еді. Бірақ біз олай ете алмадық. Оны алуан түрлі дүниелік мәселелермен толтырдық, кірлеттік. Сонда бұл туындыда Құдайдың берген аманатының, яғни жанның жазасы туралы сөз қозғалып тұр. Жанды таза, саф күйінде сақтай алмадың екен, демек, соның жазасын да тартуға тура келеді.

Оқи отырыңыз: Иесіз қалған раушан гүл мен жапон жаулығы

Бұл шығармада Құран да бар, басқа философиялық ағымдар да бар. Романда киелі жер іздеп бара жатқандардың алдынан ақсақал шығатын сәті бар. Сонда ақсақал оларға: «Жан адам баласына Жаратқаннан берілген, жанның тазалығы – Құдайдың сүйіспеншілігінен жаралған пенденің иманынан… Жаратқанның құдіреті адамның жанында», дейді. Сосын ол кісі бұларға көшет беріп, «бүгіннен қалдырмай егіңдер, ертең ақырзаман болады» дейді. Демек, Жаратқан ешқашан үмітті өшірмейді. Мына жерде көшеттің берілуі де – өмір сүруге, өмірді жалғастыруға деген үміттің белгісі.

Биыл бұл кітап Нью-Йоркта, ағылшын тілінде басылып шықты. Сонда таңғалғаным – америкалық әдебиетшілер, оқырмандар «Жанжаза» туралы көптеген мақала, пікірлер жазды. Жалпы, бұл роман 10 тілге аударылды. Қазіргі уақытта бұл тақырыпты трендте тұр деп айтсақ болады. Өйткені адамның адам болып қалуы, адамзат болып қалуы – өте өзекті мәселеге айналды. Өйткені жетер жерімізге жеттік, енді жардан әрі қарай бір қадам емес, жарты қадам қалып тұр.

Суреттерім кәсіби сыншылардан оң баға алды

Прозада айта алмай қалған кейбір ойларды сурет өнерінде айтсаң болады. Романдарым мен суреттерімнің өзара ұқсастығы бар. Қай жаққа жолым түссе де уақыт тауып, ең бірінші кезекте сурет музейіне барамын. Жақында Амстердамда болып, Ван Гогтің суреттерін көрудің сәті түсті. Ван Гог – ғажайып суретші.

Сурет салу – менің хоббиім. Сурет өнеріне деген қызығушылығым мектеп кезінен басталды. Оқушы кезімде Лениннің суретін көп салушы едім. Себебі Лениннің бейнесі салуға өте оңай болды. Партаға да талай шимайладық. Кейін дұрыстап ықылас қойып, майлы бояумен салуға көштім. Қазіргі уақытта 30-дан астам картинам бар. Бірақ суреттерімді ешқашан сатқан емеспін. Әйтпесе, сат деушілер болды. Суреттерім Шанхай, Баку және Стамбұлдағы халықаралық көрмеге қатысты. Ол жақта жақсы баға алды. Бір суретім Париждегі, бір суретім Будапештегі жеке коллекцияда. Бір күні өзімнің жеке көрмемді өткізгім келеді.

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Орхан Памуктің салған суреттері

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Орхан Памуктің салған суреттері

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді
Әдебиет әлемі

Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді

17.04.2026
Орхан Памуктің салған суреттері
Әдебиет әлемі

Орхан Памуктің салған суреттері

15.04.2026
Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)
Әдебиет әлемі

Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)

15.04.2026
«Жазушы» әдеби порталы

©2026 «Жазушы» порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс
Яндекс.Метрика

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат

© Жазушы порталы