• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Желіде желген жазбалар»: Оймақтай ойдан туған туындылар

03.03.2026
- Әдебиет әлемі
Оқу уақыты: ~ 3 минут
A A

Кез келген адам қазір әлеуметтік желіден іздегенін оңай табады. Сурет те, бейнежазба да, ақпарат та, қажет десеңіз сараптама да осында. Әрине, әлеуметтік парақшаның мәтінге қатысты пәлендей талабы жоқ, дегенмен желі қысқалықты хош көретін сыңайлы. Шағын, бірақ тұшымды дүниелерді оқырмандардың таласа-тармаса оқып тастайтынын талай байқадық. Етек-жеңі жинақы сондай дүниелерді белгілі журналист, әдебиеттанушы ғалым Бауыржан Омарұлының жазбаларынан жиі аңғарамыз. Әлдеқандай бір атаулы күн, не болмаса төл мереке қарсаңында қаламгер өзі кейіпкер етіп отырған тұлға хақында ой өрімдерін өрнектеп, ол азаматтың көпке жұмбақ, елге беймәлім бір қырын айшықтай таныта салады. Шағын эссесі сонысымен де өтімді.

Бұл туралы автордың өзі былай дейді:

«Фейсбукке мақала жазудың біреу-міреу нұсқаған өлшемі жоқ, әрине. Оның ұшы-қиыры жоқ, шетсіз-шексіз айдынына сөздің бұлағын қалағаныңша құя беруге болады. Әйтсе де, көп ұзамай оның жазылмаған заңдарына құлдық ұрып, белгілі бір тәртіптеріне еріксіз бағына бастайсың. Қаламыңды құлаштап сілтеудің қажетсіздігін сезінесің. Ертеңнен салса, кешке озып, алыстан сермеу онша ұпай әпермейтінін ұғасың. Керісінше, ойыңды оймақтай етіп түсіруге бейімделесің. Толғамыңды түйіндеуге тырысасың.Оқығаның мен тоқығаныңды күрмеп отыруға ыңғайланасың.

Әлеуметтік желі жазудың теориясын да ұсынбайды, әдістемесін де міндеттемейді. Қай жанрда қалай қалам тербеу керектігін де үйретпейді. Бірақ бәрібір ол шағын дүние оңтайлы екенін сәт сайын еске салады. Ұлы Абай айтқандай, «теп-тегіс жұмыр келген» мәнді мәтіндердің қолайлы екенін ұқтырады. Абзалы, ол ештеңде үйретпейді, еске де салмайды, ұқтырмайды да…

Желінің ақпарат алаңында айқасып жатқан мың сан сарбаздың әдет-әдебі мен машық-мәнеріне қарап, өзің-ақ жазу стиліңді айқындайсың. Жанрыңды жобалайсың. Бағытыңды болжайсың. Тәсіліңді таңдайсың… Қысқасы, қысқалықты қалайсың. Біз де осыдан сабақ алған шығармыз… Ендеше, желіде желген жазбаларымызға зер салыңыз…».

Сөйтіп, Бауыржан Омарұлы оқырмандарына таяуда тағы бір кітабын – «Желіде желген жазбаларды» ұсынды. Жаңа кітапты біз де оқып шығып, «Жазушы» порталының оқырмандарына арнап үш шағын дүниені жариялап отырмыз.

Әуезов пен Қабдолов (Ұлылық пен жылылық)

Ұстаз бен шәкірт. Профессор мен студент. Тағылым мен талант. Даналық пен даралық. «О, ғажап! Аудиторияға ұлылық кіріп келе жатты!», – деп толғады Зекең. «Зейнолла, сенің тілің босбелбеу емес, қол-аяғы жеңіл, ширақ» – деп сүйсінді Мұхаң. Заңғар Зекең туралы қалам тербеген бір шәкірті Есенгүл Кәпқызы: «Оның Әуезові, ал біздің Қабдоловымыз бар!», – деп ағынан жарылды. Әуезовтен нәр алған, Қабдоловтан таралған суреткерлік сәулесі әлі де талай ұрпақты аялай бермек… Биік белеске жетудің формуласын Зекеңнің өзі ұстазына арнаған роман-эссесінде былайша өрнектеген: «Талант – еңбек!». Академик-жазушы осы қағиданы өмір бойы ұстанып өтті. Мұхтар Әуезов пен Зейнолла Қабдолов – ұлағатты ұстаз бен шұғылалы шәкірт болудың эталоны. Биыл ұстазының туғанына – 125, шәкіртінің туғанына – 95 жыл…

«ОТАН», «БАРЫС», «ПАРАСАТ»… (Тілеулестік толғамы)

Бұл жігіттерді бота тірсек бозбала кезінен біледі екем. Сол жылдарда үшеуі де Алатаудың иығына ақ таң асылғанша ұйықтай қоймайтын ала өкпе студенттер еді. Светқали Нұржан КазГУ-де, Дихан Қамзабекұлы КазПИ-де, Кәрімбек Құрманәлиев Алматы шет тілдер институтында оқитын жұқалтаң жігіттер болатын.

Мен танысқан тұстағы олардың түр-әлпеттері осындай-ды… Бұлармен аралас-құралас жүргеніме қырық жылдан асыпты. Үшеуі де жүзден жүйрік шықты. Светқали тұсауға көнбейтін асау жырдың жалынан ұстады. Дихан бала кезінен алыс жолға шығып, шежірелі шаһарларды аралап, архивтің шаңына көмілді. Кәрімбек тіл білімінің тірлігіне тағдырын байлады. Енді, міне… Светқали жыры кестелі, тілі дестелі көрнекті ақынға, сөзі уәлі, ауызы дуалы ақылман абызға айналды. Ал Дихан мен Кәрімбек Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды. Бірі әдебиеттанудың әлеуетін арттыруға, екіншісі тілтанудың танымын кеңейтуге барынша үлес қосып келеді.

Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Светқали Нұржан «Отан» орденімен, Дихан Қамзабекұлы үшінші дәрежелі «Барыс» орденімен, Кәрімбек Құрманәлиев «Парасат» орденімен марапатталды. Тұлпарлығы тай күнінен танылған, үлгісі мол үш досыма шын жүректен құтты болсын айтамын!

Ақматалиевті ардақтау (Қырғыз-қазақ қаламгері)

Қырғызстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, көрші елдегі Шыңғыс Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының директоры, айтматовтанушы ғалым, белгілі сөз зергері Абдылдажан Ақматалиев Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданыпты. Дұрыс-ақ. Құптарлық қадам. Қаршадай күнінен қазақ-қырғыз әдеби байланыстарын зерттеп келеді. Сол кезеңнен бері Алматы мен Бішкектің екі ортасын жол қылып, жүз рет, бәлкім, мың рет қатынаған шығар.

Тек Алматы мен Астанада ғана емес, бүкіл өңіріміздің ойы мен қырында Әбекемнің салған іздері сайрап жатыр. Ол біздің аспиранттар мен докторанттардың қырғыз елінен ғылыми еңбек қорғауына жол ашты. Бір ғана қазақ әдебиеті мәселелеріне арнаған мақалаларының өзі бірнеше кітапқа жүк болады. Кешегі Серік Қирабаевтан бүгінгі Төрәлі Қыдырға дейінгі қазақ әдебиеттанушыларының бәрімен қоян-қолтық араласты. Екі елдің рухани достығын бекемдеуге өлшеусіз үлес қосты. Сондықтан Бішкектегі бір бауырымыздың қалтасында қазақ жазушысының қоңыр куәлігі жүрсе, артықтық етпес. Жазушылар одағы ғимаратына Айтматовтан кейінгі ең көп кірген қырғыздың еселі еңбегін осылай бағалағанымыз да дұрыс шығар…

Оқи отырыңыз: Бауыржан Омарұлы. Астананы аялаған ақын (қысқы элегия)

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Самал Зікірияқызы. Айша Бибі

Келесі жазба

Санжар Сұлтанғазы. «Бір нан артық аламын бүгінде мен, Сұрап қалса берем деп бір балақай…»

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Самал Зікірияқызы. Айша Бибі

Келесі жазба

Санжар Сұлтанғазы. «Бір нан артық аламын бүгінде мен, Сұрап қалса берем деп бір балақай…»

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді
Әдебиет әлемі

17.04.2026
Орхан Памуктің салған суреттері
Әдебиет әлемі

Орхан Памуктің салған суреттері

15.04.2026
Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)
Әдебиет әлемі

Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)

15.04.2026
Келесі жазба
Санжар Сұлтанғазы. «Бір нан артық аламын бүгінде мен, Сұрап қалса берем деп бір балақай…»

Санжар Сұлтанғазы. «Бір нан артық аламын бүгінде мен, Сұрап қалса берем деп бір балақай...»

Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)

Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)

Орхан Памуктің салған суреттері

Орхан Памуктің салған суреттері

«Жазушы» әдеби порталы

©2026 «Жазушы» порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс
Яндекс.Метрика

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат

© Жазушы порталы