• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Азамат Есенжол. Қоңыр мұң

Азамат Есенжол. Қоңыр мұң

03.10.2025
- Әдебиет әлемі
Оқу уақыты: ~ 5 минут
A A
Азамат Есенжол

Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжан есімі маған ертеден таныс. Бала күнімнен шығармаларын жастанып оқыдым. Сондықтан әр кейіпкері жақын туысымдай көзіме жылы ұшырайды. Бір жағынан, қаламгер сомдаған кейіпкерлерді біздің ауылдан да кездестіресің. Мәселен, «Ергежейлі» әңгімесіндегі Яғымусты алайық. Құдды, Жылқыбай ағамнан айнымайды. Сойып қаптап қойғандай.

Яғымус – әдебиетімізде бұрын ұшыраспаған тың образ. Автор осы кішкентай кейіпкері арқылы адам жан-дүниесінің қырық қатпарын ашып көрсетеді. Бес күн тіршіліктегі жалғандық пен аярлықты, сатқындықты айырдай түйрейді.

«Яғымустың жанары осы мезет кішкентай күнге ұқсады, жарығы таусылып, сөніп бара жатқан қызыл нұр ше. Қызыл жас. Ызығут өмірде жалғыздық дертінің болатынын алғаш рет сонда сезіндім».

Осы сөйлемді оқығанда өне бойыңызды жалғыздық дерті шырмап алады. Кеудеңді кермек мұң кеулеп, тұнжырай түсесің. Бір сәт әлемтапырық күй кешесің. Яғымустың жалғыздығын өзің де бастан кешкендей боласың. Жүрекке қоңыр мұң ұялайды. Кез келген көркем шығарманың басты мақсаты – осы. Оқырман ойын сан-саққа жүгіртіп, толқыта білу. Осы жағынан келгенде, сөз зергері өз мақсатын толық орындаған.

Жалпы, айтулы суреткер шағын жанрда өнімді еңбек етті. Оның «Шортанбай», «Қымыз», «Арыстанды-Қарабастың желі», «Терезенің жарығы», «Жігіттің бір жұрты», «Көкпар», «Қыдырдың құбылысы», «Қызылқұмның желі не деп жылайды?», «Құмда қалған кемелер», «Адамға қанша қуаныш қажет» секілді әңгімелері балшекердей тіл үйіреді. Оны оқығанда пайымыңыз кеңейіп, қиялыңыз қанаттанады. Қазір бұлардың дені ұлттық әдебиетіміздің асыл қазынасын байытқан туындылар.

Мәселен, аталған әңгімелердің ерекшелігі неде? Бедерлеген әр кейіпкер бойынан ұлтқа тән қанағат, мейірім, ізгілік азоны аңқып соғатыны неліктен?! Өйткені мұнда халқымыздың сан ғасырдан бері сақталған әдет-ғұрып пен салт-дәстүрінің ғажайып үлгілері тұнып тұр. Асыл құндылықтардың қайнарына қанығасыз. Бір ғана «Қымыз» әңгімесі ұлттық сусынды дайындаудың көркем энциклопедиясы есепті. Мұны оқығанда алыстан шөліркеп келіп, кәусарға бас қойғандай-сыз. Саба әзірлеудің өзі үлкен өнер шоқтығына көтерілген. Бір сәт шығармадағы үзіндіге зер салыңыз:

«Өлкеге әйгілі Ақәділ ұстаның қолынан шыққан бұйым осы. Өрік ағашынан қиып құраған сөре саусақ тисе, өз-өзінен «сөйлеп кетеді». Сөренің төрт жақтауы жаңа туған ай секілді әппақ сүйекпен зер­ленген. Көзді арбап құбылады. Сөреден төменірек кереге басына ілген қос бірдей саба шермиеді, бірі тайсаба да, келесісі құнан саба. Сабаның сырт жүні құндыздың күзгі түгіндей күреңітіп, жақұтша жылтырайды, ішіндегі қымыз табы өтсе өстеді. Бұл сабаны Түркістан ұстасы жасаған. Жылқының терісін іреп сойып, сүріп, шеліп, көлеңкеге кептіреді, қымыздың бетіне шыққан іркітінен и жасап, иге салады. Құнан терісі бықырған иде апта жатады. Исінді болған теріні кермеге іліп, қырғышпен қырады, шелиді, сөлін сылиды. Таза тері көгеріп шығады. Саумалап саба ғып тігеді. Жас тобылғыны өртеп, ащы түтінмен ыстайды. Ысталған сабаға саумал құйып, күнұзақ ерінбей шайқайды, саумалын төгіп тастайды. Қашан құйған қымыздан тері дәмі кетіп, тобылғы табы қалғанша өстіп алмастыра береді…».

Осы көрініс ауылда өскен қазақ баласына таңсық емес. Бірақ қазір сабаның не екенін білмейтін ұрпақ өсті. Бұл дүние өткен ғасырдың 60-жылдары жазылды. Сонда автордың сабаны ыстауды тәптіштеп жазуы тегін емес екенін ұғасың. Мұны қаламгерлік түйсік деуге болады. Шынында да, бүгінде ата дәстүріміздің көмескіленіп бара жатқаны жүрегіңді сыздатады.

Жазушы шығармаларындағы кеңқолтық, бейнетқор қазақ қарияларының бейнесі де бір әлем. Олардың бойынан ынсапшыл, қанағатшыл, қиындық атаулыға сабырмен, төзіммен қарайтын шынайы мінезді танимыз. Бүгінде осындай қарияларды жанарыңа жас толып сағынасың. Ел ішінде әлі де текті қарттар там-тұмдап табылары анық. Алайда ондай ақсақалдардың тым азайып кеткеніне жаның құлазиды.

«Момындар» әңгімесіндегі Айса шалдың бейнесі де қазақ қарияның көнтерлі мінезінің жиынтығы. Дарияның қолтығына қоныс тепкен алақандай ауылдың қарапайым диқаны дүниеден озған. Мұндайда ағайын іші алтын бесік: бірінің жыртығына бірі жамау, біріне түскен ауыртпалықты бәрі жабыла көтеріседі. Былайғы уақытта аузы қисық, көзі қысық, ішегіне шынашақ айналмайтын пендешілікті ұмытып, бір атаның баласындай татулық танытады. Әсіресе ортақ шарауға әсіре бейіл – жұрт аузындағы момын Айсакең мұндайда шыдап отыра алмайды. Белін буып, білегін сыбанып азалы үйдің отымен кіріп, күлімен шығады. Маңайына парасат шуағын шашқан Айса шалдың ойы тұнық, тұғыры биік. Қаламгер осы әңгімесінде қариялық мінезді биікке көтеріп, парықсыз пендешіліктің бет-пердесін ашып береді. Адами қасиетті кәкір-шүкірден аршып алады.

Сондай-ақ сыршыл суреткер қаламынан «Жолбарыстың сүрлеуі», «Тілегімді бере гөр», «Адамға қанша қуаныш қажет», «Күміс керуен», «Сексеуіл шоғының қызуы» секілді бірнеше хикаят туды. Бұлардың бәрі де бір деммен оқылады.

Айталық, «Жолбарыстың сурлеуі» атты хикаятында жан-жағынан құм саулаған Қызылқұмның қиян түкпірінде ата кәсіптің жолын қуған Аяпбердінің өмірге көзқарасы арқылы адам болмысының ұңғыл-шұңғыла терең бойлайды. Ол қоймен бірге ой да бағады. Философ. Өз-өзінің жан сарайына жиі үңіледі. Бір жағынан, бала-шағалы. Күні еңкейген кәрі шешесі, қолды-аяққа тұрмайтын келіншегі, қос балдырғаны бар. Ерте көктемнен құм ішіне жылы жаңбыр ел-сел жауып, бетінен боздағы шыққан өлке түлеп шыға келді. Кәрі шешесі соңғы отыз жылда құм төсіне құдайдың рахымы жауғаны деп жеті нан пісіріп, күңіреніп құран оқыды. Ерте тойынған мал жедел күзекке түсіп, үйіп төл төкті. Әшейінде қусаң құмалақ түспейтін қатпа саулықтар биыл егізден қозы маңыратты. Тізбенің соңында сүметіліп жүретін Аяпберді аяқ астынан «озат», «Аякең» аталып, балағын шұбалтып мінбеге өрмеледі. Ұжымшардың атқамінерлері кеу-кеулеп Аяпбердіні шипажайға жөнелтті. Дай-дай көтерме сөздің аяғы мұны Мәскеу түбіндегі қалың жыныс тоғай арасына қоныс тепкен шипажайға сүйреп әкелді. Бірақ Аяпбердінің ойы – басқада. Тағдыры құммен құмша сусыған кейіпкердің көңілі алай-дүлей. Күнұзаққа қолды-аяққа тұрмай, үйдің былыққан шаруасында тыпырлаған келіншегінің мойнына бар салмақты үйіп сап, шипажайдың ақ сейсепті төсегінде аяқты көсіп салып шіреніп жатпақшы ма… Анасы, екі баласының тағдыры не болады деп уайымдайды. Ақыры, Аяпберді алыстағы Мәскеуге жол тартты. Көз ашқалы түкпірдегі ауылдан ұзап шықпаған Аяпберді үлкен қалада құмырсқадай құжынаған нөпір жұрттан жүрегі лоблып, басы айналады. Аман-есен шипажайға жетіп, жан шақырып, қалың ойға беріледі. Жазған басы: «Бұйраттың пұшпағын жүлгелеп өтетін жолбарыс сүрлеуіне малды да, жанды да жолатпай түнемесі сақ жатыңдар» деуді жүрерінде тарс ұмытыпты. Жон арқасынан суық тер құйылып, жүрегі май ішкендей кілкиді. Сұмдығы соңынан ашылады.

Ілкі заманнан бұйрат пұшпағындағы кісі аяғы баспаған сексеуілі, жыңғылы дарияның сағасына тірелетін. Ғасыр ба­сында құм, жыңғыл, қамысы қоян-қолтық жаптасқан тоғай ішінде жолбарыс жортқан деседі. Ақмешітті алған әскербасы Черняев әлденеше дүркін осы маңнан жолбарыс аулаған екен.

Бір заманда найқала аққан дария жағасында жолбарыс болған деген аңыз кешегі күнге дейін айтыла­тын. Ел ішіндегі ескі сөз әлі де ұмытыла қоймаған кез еді. Нарқоспақтың белінен жолбарыс ырғып өтсе, түйе белін көтере алмай қалады екен. Жолба­рыс жортқан көне сораптағы қауіп кейіпкердің жүрегін тіліп, уайым шегеді. Ел шетінде жүргенде киелі аңды көзі шалып қалғандай болатын. Малдың жайын жетік білетін Аяпберді жаз шыға азығын сайлап, бөктергіге жұмырын байлап, ашқарақ мазасызды алысқа айдап жоғалады. Далаға түнеп, бұйраттың етегіне аяқ созады. Сүті қайтып, үрпісі қатып тойынған саулықты күн көтеріле қыстауға айдаймын деген түні «Жолбарыс сүрлеуі» аталған еспе құмның күнес беткейінен созалаңдап бара жатқан әлденені шалып қалды. Саулық дүр етіп үрікті. Бұрын «көкжал көрсе қаймықпай қарсы шабатын» төрткөз төбеті құйрығын бұтына қысып қыңсылап, жер бауырлап жата кетті.

Осы оқиғадан кейін піскен бауырдай тілініп жатқан құм ішіне аттап баспайды. Көргенін ешкімге тіс жарып айтпайды да. Енді шипажайға жүрер алдында осы қауіпті зайыбына ескертіп кетпегенім-ай деп бармағын тістейді.

Ауыр бейнеттің кезегінде қалған жас келіншектің басынан өткен азапты қаламгер көрікті тілмен майын тамызып суреттейді. Оны оқып, келіншектің әрі нәзік, әрі сезімтал, әрі бейкүнә жан сарайын аралайсыз. Сыпайы, қазақы, жан жылуы мол әйел басына төнген қатерді тағдыр деп қабылдайды. Көмекшіге сенбей отарға өзі иелік етеді. Ақ тер, көк тер бейнеттен мүжіле бастаған. Күйеуіне көп жағдайды жіпке тізіп айта бермейтін. Жар төсегінің ыстығы басылған. Күйеуі құлағың қайсы десе – мұрнын көрсетердей можантопай, мырың мінез, құм адамы деген есім жамаған. Жұбайына қаратып айтылған әзіл-оспақ әйелдің нәзік жүрегіне біз боп қадалады. Құрбылары: «Миы ашыған, мәңгүрттен құтыл», деп келеке қылады. Табиғаттың тылсым сырын тамыршыдай тап басатын жігіттің жан азабын түсінетін келіншектің өз мұңы өзіне жетеді.

Автор оқиғаны бірден ағыл-тегіл ақтармай, шым-шымдап баяндайды. Сөйтіп, ой қайшыласуы оқиға қайшыласуына алмасады. Мәскеуде жатқан Аяпберді мен ауылдығы Зейнелдің ой ағыны бір көлбеуде түйісіп, өрмек тініндей қатар өріледі, мистикалық элементтерге жиі жүгінеді. Демалыста қамсыз жатқан кейіпкеріміз оқыс ойдан түс көргендей шошынып, бұйрат сүрлеуінде бүлкектеп бара жатқан құбыжық пәленің келіншегін қанжоса қылып талағанын ойша елестетеді. Төсегінен атқып тұрып: «Сақта-сақта!..қайда-қайда!» деп жын қаққан кісідей сыртқа ытырылады.

Осыдан кейін-ақ оқиға өзгеше өріс алады. Келіншекті баяғыда тұқымы тұздай құрыған аң патшасы емес, іргедегі үлкен шаһарда жер сілкініп, хайуанаттар саябағынан қашып шыққан, қолдан тамақ жеп үйренген Аустралияның ақ қасқыры алқымдапты. Қысқасы, хикаят соңында сарғыш сағымға жұтылып, бірде керілген жіпке ілген кірдей, бірде таңғы бұлтша желпілдей жүзіп, көлденең ұзап бара жатқан келіншектің үлбіреген рухын көресіз.

Құм ішінде көрпесі ашылмаған құпия қаншама. Осындай өлкеде өмірге келген қаламгер бала жасынан кұм мінезін сезініп өскенін аталған хикаяттан анық көрініп тұрады. Бұдан біз суреткер шығармасындағы үш ерекшелікті байқадық. Біріншісі – бұрын әдебиетте сирек көтерілген құм тағдыры мен кісінің еңсесін езіп, иығын басқан ауыр бейнеті. Екіншісі – табиғат пен адам мінезінің экологиясы егіз өріледі. Үшіншісі – мистикалық сарын мен магиялық меңзеуге еркін бой­лап, ой мен оқиғаның көркемдігін дәл бедерлейді.

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Көкбөрі Мүбарак. Үш діндегі бір отбасы

Келесі жазба

Айнаш Қасым. Ықтасын

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Көкбөрі Мүбарак. Үш діндегі бір отбасы

Келесі жазба

Айнаш Қасым. Ықтасын

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді
Әдебиет әлемі

17.04.2026
Орхан Памуктің салған суреттері
Әдебиет әлемі

Орхан Памуктің салған суреттері

15.04.2026
Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)
Әдебиет әлемі

Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)

15.04.2026
Келесі жазба
Айнаш Қасым. Ықтасын

Айнаш Қасым. Ықтасын

Ғабит Мүсірепов. Достар қалжыңы

Ғабит Мүсірепов. Достар қалжыңы

Медетбек батырдың 200 жылдығына арналған мүшәйра өтеді

Медетбек батырдың 200 жылдығына арналған мүшәйра өтеді

«Жазушы» әдеби порталы

©2026 «Жазушы» порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс
Яндекс.Метрика

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат

© Жазушы порталы