Медетбек батырдың туғанына 200 жыл толуына арналған «Еліне қорған болған ер Медетбек» атты республикалық жыр мүшәйрасы өткізілмек.
Төменде аталған байқаудың ережесі ұсынылып отыр.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
- Есебайұлы Медетбек батырдың туғанына 200 жыл толуына арналған атты республикалық жыр мүшәйрасы 2025 жылдың 10 қазан күні жарияланып, 2025 жылдың желтоқсан айы – Тәуелсіздік күні қарсаңында қорытындысы шығады.
ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
- Қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын Медетбек батырдың есімін жас ұрпақ санасында жаңғырту, ұлтжандылық қасиеттерін арттыру, ерлігін дәріптеу арқылы ұлт рухын асқақтату;
- Ұлттық әдебиетімізді рухты, тың туындылармен толықтыру, қазіргі қазақ поэзиясының талантты өкілдерін қолдау, жаңа есімдердің танылуына жол ашу:
ЖЫР МҮШӘЙРАСЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ:
- Байқауға екі тақырыпқа арнап жазылған шығармалар қабылданады:
- «Еліне қорған болған ЕР Медетбек» атты Медетбек батыр туралы поэзиялық шығармалар;
- Еркін тақырып;
- Жыр мүшәйрасына қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;
- Үміткерлердің өлеңдері берілген тақырып бойынша қабылданады;
- Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 шрифт), жол арасы 1 интервал) Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;
- Жыр мүшәйрасына бұрын еш жерде жарияланбаған жаңа шығармалар ғана ұсынылады;
- Мүшәйраға қатысушы шығармасын бүркеншік атпен medetbekbatyr@gmail.com эл. поштасына жолдап, байланыс нөмірін ғана жазып жібереді.
- Жүлдегерлердің жол шығыны жіберуші жақтан төленеді;
ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ МЕРЗІМІ:
- Жыр мүшәйрасына қатысатын шығармалар 2025 жылдың 5 желтоқсанына дейін қабылданады;
- Қабылданған шығармалардың ішіндегі ең үздік өлең авторлары 2025 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы қаласында марапатталады.
ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:
- Қазылар алқасы танымал ақындардан құралады.
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:
- І орын – 1 миллион теңге.
- ІІ орын – 500 мың теңге.
- ІІІ орын – 200 мың теңге (екеу).
- Арнайы жүлде – 100 мың теңге.
Ұйымдастырушы:
- Медетбек батыр қоры.







