• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Әлия Іңкәрбек. «Мен бұл ғаламнан Өлеңді көргім келеді, Сол үшін бәрін бастасам ба екен басынан?!.»

Әлия Іңкәрбек. «Мен бұл ғаламнан Өлеңді көргім келеді, Сол үшін бәрін бастасам ба екен басынан?!.»

15.10.2025
- Поэзия
Оқу уақыты: ~ 3 минут
A A
Әлия Іңкәрбек

ШАТТЫҚ 

Тағы да таңы атты Сәуірдің,

Өткенім, ертеңім, бүгінім,

Көктемге ілескен ғұмырым.

Шаттыққа толғандай уысым,

Іңкәрім, шыққан Күн – туысым.

Арайлап атқан таң ардағым,

Мен бүгін күлуді таңдадым,

Өмірді сүруді таңдадым!

 

Жанымды ұғар деп бір адам,

Жылаған кезім көп, құлаған.

Өзімді іздедім мен сонда:

Кітаптан, ойлардан, дұғадан…

Тағы да таңы атты Әлемнің,

Бақытқа мәні жоқ дәлелдің.

Жер болып айналғам өзіңді,

Мәңгілік іңкәрім

– Сәлем, Күн!

Мен өзің жайында:

Тек жақсы сөз айттым бәріне,

Әлемге, Ұлыңа, Аспанға.

Жаза алмай келемін әлі де,

Мейірім туралы дастан да,

Ізгілік туралы тастарға –

Жазар ем, жазар ем, емі де

табылмас, дертімді бұрынғы.

Жетектеп төрттегі Ұлымды,

О, сонда оралсам өткенге,

Құрап ап бақытты шақтарды,

Сен биыл баспаған ақ қарды,

Сен биыл бермеген гүлдерді,

Кешер ем. Дүние түрленді!

 

Мен өзің жайында:

Естідім естелік-лебізді,

Естідім сөздерді ең ізгі…

 

ЖОҚТАУ

Жаным ауырады,

Жүрегім жылайды!

Өзіңсіз тағы да түгесіп бір айды.

Бос қалған үстелің «қайда» деп сұрайды,

Қаңырап көңілім «НЕГЕ» деп сұрайды…

 

Басылмас өксігім,

Жүзім тек күледі!

Күрсінген күні-түн кеудем бұл Мұң елі.

Өртеніп көргендер біледі –

Жүректің орнында күл еді…

 

ЖОЛ

Мен ұзақ «жол» жүрдім,

Бұл жерге дейін…

Жазмыштың жұмбағын білгенге дейін.

Күлімдеп қарайтын дұшпанды танып,

Досы жоқ тұманға сіңгенге дейін…

 

Мен білем армандар орындаларын,

Өзіңе сенгенде жолың боларын!

Уа, жарық Жүректер, қызықпа маған:

Бағым да бес елі, сорым да қалың.

 

Есіңе ал, жоқ болған кезімде кейін,

Жан едім өсірген сезім мерейін.

Сүріндім,

сыналдым, ұмтылдым, солай,

Мен ұзақ жол жүрдім Өзіме дейін!

АЛТЫ АЙ

Алты ай өтті – алты күндей, ардағым,

Бес күн жалған қияр кімге бар бағын?

Ауырсынған ақиқаттың салмағын,

Өзімді емес, жүрегімді алдадым.

 

Алты ай өтті,

күбірледім ішімнен,

Содан бері жан жоқ мені түсінген…

Үнсіздіктің бұзар едім қамалын,

Лебізіңді бір тыңдауым үшін мен!

 

Алты ай өтті, сағыныштың не екенін,

Айта да алмай өкініште кетермін.

Мәңгі өмірде күлімдеген бейнеңді,

Іздей-іздей бұл фәниден өтермін.

ҰЛЫМ

Көзің тұнған үміт, арман, келер күн,

Ұлым, саған не дермін?!

Сені баққа балағанмын, сонда да –

Мені әлемі шақырады өлеңнің.

 

Аспан жақта Ел барын,

Шыңыраудан шығатынын шер қалың,

Көтеруге қалай соны келді әлім,

Тілдеспей-ақ түсінесің сен бәрін.

 

Қойнауында асылым,

Жерге келіп бас ұрдым.

Мен – тамшыға айналған бір шумақпын,

Жанарынан ағып түскен Ғасырдың…

 

Болмысыңда бәрі аппақ,

Ғизат нұрлы ғаламыңда Ар аппақ.

Бір күндері жанымды оқып тұрарсың,

Менің Жүрек кітабымды парақтап!

 

ӨМІР

Баянындай бақытты ертегінің,

Өмір, сенің ұнайды келтелігің.

Домбырадай көңілді бұрап қойып,

Қандай жақсы, болғаны шертерімнің!

 

Өмір, сенің ұнайды асаулығың,

Тасығанның көзіне жас алдырдың.

Жалғанмын мен, шүкір ет, − дейсің жиі,

Бəрі өтірік болса да рас-ау мұның.

 

Өмір, сенің ұнайды мың бояуың,

Табиғаттан үніңді тыңдағанмын.

Аяйтын да шығарсың, бəлкім, мені,

Ал мен болсам, айтылмас сырды аядым.

 

Өмір, мазаңды алмаймын күнде сенің,

Арманым Айға мəлім, түнге − шерім.

Мен де саған ұнаймын! Білем оны –

Ұнамасам жер басып жүрмес едім.

ҮРЕЙ

Жүрегімді тыңдашы сен өзі

шын –
бас бермейтін асаудай,

өзімді алып қашардай,

Сенемісің?!

Жүрегімді тыңдашы… зымырандай,

Мен осылай жүрем бе тыныға алмай?

Тасқынына жанымның төтеп беріп,

Түннен аман шығам ба, бүгін Алла-ай?!

Жүрегімді тыңдашы, мен тыңдадым,

Онда менің айнымас сертім барын.

Өзімді-өзім жүргенде жоғалтып ап,

Көріндің де көзіме, еркімді алдың.

Жүрегімді тыңдашы, мұңды менің,

Туласын деп мен оған түнді бердім.

Білмейсің ғой, сəт сайын қорқам, күнім,

Соқпай қалар секілді бұл жүрегім!

 

МӘСКЕУДЕН ХАТ

Ләйләнің сөзі

Ғазалды ғазиз ғұмырдың,

Тұмасы болдым тап-таза.

Жұпарын сездім жырыңның,

Оқымасам да жастана.

 

Дәуір мен ғасыр тартысты,

Неше жыл мені жыр еттің?!

Мәскеуде соқты жартысы,

Сендегі сырбаз жүректің.

 

Жырыңды сүйем, Өзіңді,

Жалғанға жанын жықпаған.

Көзіңе, тұнған сезімді,

Айыбым шығар ұқпаған.

 

Жоқ еді түк те бүлінген,

Қарамап едім асқақ тым.

Ғарышқа кеткен күніңнен,

Өмірден мен де бас тарттым.

 

Жұматай-жүрек лүпілі,

Естілді маған шалғайдан.

Тәңірдің осы үкімі,

Кім асар дейсің маңдайдан…

 

Сабылған сағым санамда,

Тонады көптен күлкімді Ой.

Жар салмай жарты ғаламға,

Үнсіз сүюім мүмкін ғой!

КӨЗ

Сезімді көрдім –

бұлбұл боп бақта сайраған,

Төзімді көрдім –

сабырға арқан байлаған.

Не көрмейді адам, көңіл көзімен қараса,

Жүрегім менен жанымды көрдім айнадан.

 

Уақытты көрдім –

жылдарға еріп әрі ұшқан,

Бақытты көрдім –

балалығыммен жарысқан.

Аялдай тұршы,

дәл осы жерде мен кеше,

Тағдырдың талай тосқауылымен танысқам.

 

Жақынды көрдім –

тамшы болса да тасыған,

Ақынды көрдім –

дерт еміп өскен жасынан.

Мен бұл ғаламнан Өлеңді көргім келеді,

Сол үшін бәрін бастасам ба екен басынан?!.

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Медетбек батырдың 200 жылдығына арналған мүшәйра өтеді

Келесі жазба

Франкфурттағы көрмеде «Көшпенділер ойыны» кітабы таныстырылды

ШАТТЫҚ 

Тағы да таңы атты Сәуірдің,

Өткенім, ертеңім, бүгінім,

Көктемге ілескен ғұмырым.

Шаттыққа толғандай уысым,

Іңкәрім, шыққан Күн – туысым.

Арайлап атқан таң ардағым,

Мен бүгін күлуді таңдадым,

Өмірді сүруді таңдадым!

 

Жанымды ұғар деп бір адам,

Жылаған кезім көп, құлаған.

Өзімді іздедім мен сонда:

Кітаптан, ойлардан, дұғадан…

Тағы да таңы атты Әлемнің,

Бақытқа мәні жоқ дәлелдің.

Жер болып айналғам өзіңді,

Мәңгілік іңкәрім

– Сәлем, Күн!

Мен өзің жайында:

Тек жақсы сөз айттым бәріне,

Әлемге, Ұлыңа, Аспанға.

Жаза алмай келемін әлі де,

Мейірім туралы дастан да,

Ізгілік туралы тастарға –

Жазар ем, жазар ем, емі де

табылмас, дертімді бұрынғы.

Жетектеп төрттегі Ұлымды,

О, сонда оралсам өткенге,

Құрап ап бақытты шақтарды,

Сен биыл баспаған ақ қарды,

Сен биыл бермеген гүлдерді,

Кешер ем. Дүние түрленді!

 

Мен өзің жайында:

Естідім естелік-лебізді,

Естідім сөздерді ең ізгі…

 

ЖОҚТАУ

Жаным ауырады,

Жүрегім жылайды!

Өзіңсіз тағы да түгесіп бір айды.

Бос қалған үстелің «қайда» деп сұрайды,

Қаңырап көңілім «НЕГЕ» деп сұрайды…

 

Басылмас өксігім,

Жүзім тек күледі!

Күрсінген күні-түн кеудем бұл Мұң елі.

Өртеніп көргендер біледі –

Жүректің орнында күл еді…

 

ЖОЛ

Мен ұзақ «жол» жүрдім,

Бұл жерге дейін…

Жазмыштың жұмбағын білгенге дейін.

Күлімдеп қарайтын дұшпанды танып,

Досы жоқ тұманға сіңгенге дейін…

 

Мен білем армандар орындаларын,

Өзіңе сенгенде жолың боларын!

Уа, жарық Жүректер, қызықпа маған:

Бағым да бес елі, сорым да қалың.

 

Есіңе ал, жоқ болған кезімде кейін,

Жан едім өсірген сезім мерейін.

Сүріндім,

сыналдым, ұмтылдым, солай,

Мен ұзақ жол жүрдім Өзіме дейін!

АЛТЫ АЙ

Алты ай өтті – алты күндей, ардағым,

Бес күн жалған қияр кімге бар бағын?

Ауырсынған ақиқаттың салмағын,

Өзімді емес, жүрегімді алдадым.

 

Алты ай өтті,

күбірледім ішімнен,

Содан бері жан жоқ мені түсінген…

Үнсіздіктің бұзар едім қамалын,

Лебізіңді бір тыңдауым үшін мен!

 

Алты ай өтті, сағыныштың не екенін,

Айта да алмай өкініште кетермін.

Мәңгі өмірде күлімдеген бейнеңді,

Іздей-іздей бұл фәниден өтермін.

ҰЛЫМ

Көзің тұнған үміт, арман, келер күн,

Ұлым, саған не дермін?!

Сені баққа балағанмын, сонда да –

Мені әлемі шақырады өлеңнің.

 

Аспан жақта Ел барын,

Шыңыраудан шығатынын шер қалың,

Көтеруге қалай соны келді әлім,

Тілдеспей-ақ түсінесің сен бәрін.

 

Қойнауында асылым,

Жерге келіп бас ұрдым.

Мен – тамшыға айналған бір шумақпын,

Жанарынан ағып түскен Ғасырдың…

 

Болмысыңда бәрі аппақ,

Ғизат нұрлы ғаламыңда Ар аппақ.

Бір күндері жанымды оқып тұрарсың,

Менің Жүрек кітабымды парақтап!

 

ӨМІР

Баянындай бақытты ертегінің,

Өмір, сенің ұнайды келтелігің.

Домбырадай көңілді бұрап қойып,

Қандай жақсы, болғаны шертерімнің!

 

Өмір, сенің ұнайды асаулығың,

Тасығанның көзіне жас алдырдың.

Жалғанмын мен, шүкір ет, − дейсің жиі,

Бəрі өтірік болса да рас-ау мұның.

 

Өмір, сенің ұнайды мың бояуың,

Табиғаттан үніңді тыңдағанмын.

Аяйтын да шығарсың, бəлкім, мені,

Ал мен болсам, айтылмас сырды аядым.

 

Өмір, мазаңды алмаймын күнде сенің,

Арманым Айға мəлім, түнге − шерім.

Мен де саған ұнаймын! Білем оны –

Ұнамасам жер басып жүрмес едім.

ҮРЕЙ

Жүрегімді тыңдашы сен өзі

шын –
бас бермейтін асаудай,

өзімді алып қашардай,

Сенемісің?!

Жүрегімді тыңдашы… зымырандай,

Мен осылай жүрем бе тыныға алмай?

Тасқынына жанымның төтеп беріп,

Түннен аман шығам ба, бүгін Алла-ай?!

Жүрегімді тыңдашы, мен тыңдадым,

Онда менің айнымас сертім барын.

Өзімді-өзім жүргенде жоғалтып ап,

Көріндің де көзіме, еркімді алдың.

Жүрегімді тыңдашы, мұңды менің,

Туласын деп мен оған түнді бердім.

Білмейсің ғой, сəт сайын қорқам, күнім,

Соқпай қалар секілді бұл жүрегім!

 

МӘСКЕУДЕН ХАТ

Ләйләнің сөзі

Ғазалды ғазиз ғұмырдың,

Тұмасы болдым тап-таза.

Жұпарын сездім жырыңның,

Оқымасам да жастана.

 

Дәуір мен ғасыр тартысты,

Неше жыл мені жыр еттің?!

Мәскеуде соқты жартысы,

Сендегі сырбаз жүректің.

 

Жырыңды сүйем, Өзіңді,

Жалғанға жанын жықпаған.

Көзіңе, тұнған сезімді,

Айыбым шығар ұқпаған.

 

Жоқ еді түк те бүлінген,

Қарамап едім асқақ тым.

Ғарышқа кеткен күніңнен,

Өмірден мен де бас тарттым.

 

Жұматай-жүрек лүпілі,

Естілді маған шалғайдан.

Тәңірдің осы үкімі,

Кім асар дейсің маңдайдан…

 

Сабылған сағым санамда,

Тонады көптен күлкімді Ой.

Жар салмай жарты ғаламға,

Үнсіз сүюім мүмкін ғой!

КӨЗ

Сезімді көрдім –

бұлбұл боп бақта сайраған,

Төзімді көрдім –

сабырға арқан байлаған.

Не көрмейді адам, көңіл көзімен қараса,

Жүрегім менен жанымды көрдім айнадан.

 

Уақытты көрдім –

жылдарға еріп әрі ұшқан,

Бақытты көрдім –

балалығыммен жарысқан.

Аялдай тұршы,

дәл осы жерде мен кеше,

Тағдырдың талай тосқауылымен танысқам.

 

Жақынды көрдім –

тамшы болса да тасыған,

Ақынды көрдім –

дерт еміп өскен жасынан.

Мен бұл ғаламнан Өлеңді көргім келеді,

Сол үшін бәрін бастасам ба екен басынан?!.

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Медетбек батырдың 200 жылдығына арналған мүшәйра өтеді

Келесі жазба

Франкфурттағы көрмеде «Көшпенділер ойыны» кітабы таныстырылды

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді
Әдебиет әлемі

Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді

17.04.2026
Орхан Памуктің салған суреттері
Әдебиет әлемі

Орхан Памуктің салған суреттері

15.04.2026
Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)
Әдебиет әлемі

Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)

15.04.2026
Келесі жазба
Франкфурттағы көрмеде «Көшпенділер ойыны» кітабы таныстырылды

Франкфурттағы көрмеде «Көшпенділер ойыны» кітабы таныстырылды

Ұмтыл Зарыққан. Бақидың бебеулеген баурайынан…

Ұмтыл Зарыққан. Бақидың бебеулеген баурайынан...

Нұрғали Ораз. Таныс күлкі

Нұрғали Ораз. Таныс күлкі

«Жазушы» әдеби порталы

©2026 «Жазушы» порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс
Яндекс.Метрика

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат

© Жазушы порталы