• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Нұрғали Ораз. Таныс күлкі

Нұрғали Ораз. Таныс күлкі

19.10.2025
- Проза
Оқу уақыты: ~ 2 минут
A A
Нұрғали Ораз

Қабырғалары темекі түтінімен ысталып, сарғая бастаған шағын кафеден сыртқа шыққанымызда түнгі қаланың қара бояуы әдеттегіден тыс қоюланып, айналадағы дүниенің бәрін көзден жасырып тұрғандай болып көрінді. Досым екеуміз ептеп қызулау едік. Көше шамдарының әлсіз жарығымен шамалап, әудем жердегі аялдамаға қарай жүрдік.

Мезгіл түн ортасы әрі қаланың шеткері жағы болғандықтан, ары-бері зымырап жатқан көлік те, бейсауыт жүрген жолаушы да жоқ. Тек аялдамаға жақындай бергенде ғана көше жиегінде жападан жалғыз тұрған бір әйелді көзіміз шалды.

Досым оған сүзіле қарап:

– Сіз де автобус күтіп тұрсыз ба? – деді.

– Жоқ, – деп әйел басын шайқап, ескі танысын көргендей күлімсіреп сала берді.

Оның бұл қылығы досымның көңіліндегі масаңдау музаның бір қылын шертіп өткендей болды.

– Әлде такси шақырып па едіңіз? – деді ол енді барынша сыпайы болуға тырысып.

– Жо-о-оқ!

– Ім-м… Демек, біреуді күтіп тұрсыз, ә?!

– Иә, солай десеңіз де болады.

– Кешіріңіз… кімді?

– Мүмкін, сізді.

Досым кеудесін шалқайтып, естідің бе дегендей мен жаққа бір көз тастап қойды да:

– Ендеше, танысайық, – деді.

– Таныссақ, танысайық, – деп әлгі әйел күліп жіберді.

Тып-тымық түнгі ауада күміс қоңырау сыңғыр ете түскендей болды. Менің құлағым елең ете қалды. Япыр-ай, мына күлкіні қайдан естіп едім?..

Олар енді даусын бәсейтіп, мен естіп қоймасын дегендей бір-бірімен сыбырлап сөйлесе бастады. Әйтсе де мақпал түннің қойнындағы маужыраған тыныштық екеуінің құпиясын екі-ақ қадам жерде тұрған маған еш кедергісіз жеткізіп жатты.

– Тым қымбат айтып тұрған жоқсыз ба? – деді ақша мәселесіне келгенде аздап сауыға бастаған досым.

– О не дегеніңіз?! Жақсы пәтер, жұмсақ төсек, жеңіл шарап…

– Сонда да…

– Мен өзі, күнде бұлай шыға бермеймін. Бүгін жалғыз болған соң әрі материалдық мұқтаждық та бар дегендей…

– Ім-м… Жалғыздықтан жалыққан екенсіз ғой?

– Жо-о-оқ, оған көндіккелі қаш-ша-а-ан!

– Бірақ, сіз айтқандай ақша жоқ менде.

– Досыңыздан сұраңыз.

Әлгі әйел мен жаққа бір көз қиығын тастап қойды.

– Онда да жоқ, – деді досым сенімді түрде. – Білем ғой. Бүгінгі ғылымда – жаңалық, ал ғалымда – ақша жоқ.

«Тфу, – дедім мен іштей жиіркеніп. – Бұл дүниеде адамның затқа айналғанынан асқан қасірет бар ма?!» Сірә, мен де бірте-бірте сауыға бастаған болсам керек.

Досым тағы да біраз саудаласқан соң бері қарай жалт бұрылып:

– Кеттік, – деді әй-шай жоқ. – Қазір автобус күтетін уақыт емес!

– Әлгі әуежайға қатынайтын 98-ші автобус түні бойы жүрмеуші ме еді?..

– Әй, – деп ол айналадағы дүниеден біржола түңілгендей қолын бір сілтеді. – Құрысын бәрі де! Жаяу кеттік.

– Қажеті қанша…

– Не-е?!

– Қай-қайдағы бір көше кезген әйелге бола бүкіл дүниені тәрк етуге бола ма.

– А-а, дегенмен, өзі… әдемі! – деді ол басын шайқап, таңданғандай болып. – Күлкісі қандай, ә?!

«Иә-ә, күміс қоңыраудай сыңғырлайды, – дедім мен іштей оны қоштап. – Бірақ, сол күлкіні қашан, қайдан естіп едім?..»

Көз алдыма күзгі бақ, жаңа ғана жаңбыр шайып өткен тротуар, жазғы кафенің аппақ орындықтары елестегендей болды. Япыр-ай, сол бір күздің жаймашуақ күнінде кімдермен танысып едік. Ол кезде тым-тым жас болдық-ау деймін…

– Неге үндемейсің? – деді досым.

– Өмірдің қалай өте шыққанын байқамай да қалыппыз-ау, – дедім мен өз ойымның шырмауынан шыға алмай.

– Жә, жарайды, – деп ол мені жұбатқандай иығымнан қақты.

Қала аспанында бір де бір жұлдыз жоқ. Төбемізден төнген қап-қара түнек біртүрлі қорқынышты. Түн жамылған мегаполисте қазір не болып, не қоймай жатыр дейсіз. Жұлдыздар бәлкім, адамдардың күнәсінен ұялып, жүзін жасырып тұрған болар-ау…

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Ұмтыл Зарыққан. Бақидың бебеулеген баурайынан…

Келесі жазба

Франкфурт көрмесінде «Америка ашқан қазақтар» кітабы таныстырылды

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Ұмтыл Зарыққан. Бақидың бебеулеген баурайынан…

Келесі жазба

Франкфурт көрмесінде «Америка ашқан қазақтар» кітабы таныстырылды

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді
Әдебиет әлемі

17.04.2026
Орхан Памуктің салған суреттері
Әдебиет әлемі

Орхан Памуктің салған суреттері

15.04.2026
Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)
Әдебиет әлемі

Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)

15.04.2026
Келесі жазба
Франкфурт көрмесінде «Америка ашқан қазақтар» кітабы таныстырылды

Франкфурт көрмесінде «Америка ашқан қазақтар» кітабы таныстырылды

Төлен Тілеубай. Түлкілітаудың аспаны (повесть)

Ертай Бимұханов. «Айға аманаттаймын, түндерді ғашық. Асфальт жолдарға, гүлдерді шашып..»

Ертай Бимұханов. «Айға аманаттаймын, түндерді ғашық. Асфальт жолдарға, гүлдерді шашып..»

«Жазушы» әдеби порталы

©2026 «Жазушы» порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс
Яндекс.Метрика

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат

© Жазушы порталы