• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Ұмтыл Зарыққан. Бақидың бебеулеген баурайынан…

Ұмтыл Зарыққан. Бақидың бебеулеген баурайынан…

17.10.2025
- Поэзия
Оқу уақыты: ~ 5 минут
A A
Ұмтыл Зарыққан

Есіл

Күз жауды ма Есілге, мұң жауды ма, білмедім,

Көзге ілмей жатырсың, дүр дүние дүрмегін.

Бебеулеген толқындар солқылдатып сағаны,

Тәттекемнің күйіндей тебіреніп ағады.

Кейде өзімдей қоңырқай, аңқау, момын Есілім,

Теріп жүрмін жағаңнан Тәңір шашқан несібін.

Күңіренсе қобыздай, шамырқанса ән сынды,

Сыңғырыңа ұқсатам сарғайған бұл даусымды.

Үндемейсің сен неге? Елжірейсің тек үнсіз,

Өмір кейде аяулы, кейде өзіңдей көңілсіз.

Киелі көш-керуеннің үзілмеген бұйдасы,

Жөңкіледі жоныңнан тарихымның шудасы.

Қайран Есіл, дүние, Әлмисақтың сертіндей.

Ішің тартып өксисің өзегімнің өртіндей.

Сен басталар жылғадан сеңді бұзып күн шықты,

Қайыру бермес ойларым саған түсіп тұншықты.

Топырағым, топаным – қайраңдағы кемедей,

Түсінде оның көрері – айдын, шалқар, телегей…

Күңіренсе қобыздай, шамырқанса ән сынды,

Шөккен бұлттар төсіңе төңкерілген тау сынды.

Адырнаңнан аңырап атылатын ұл бар да,

Су аяғы жоқ құрдым, сіңбейсің сен құмдарға.

Сенің жағаң жеті жұрт келіп-кеткен бел екен,

Сенің суың солардан бізге біткен шер екен.

Қайран Есіл дүние, қаһарланса Қаңтардай,

Ай мүйізім сырқырап мен де жостым арқардай.

О, қазақы болмысым, о, қазақы тағдырым,

Жанарыңда шайқалар көзден аққан жаңбырым.

Кейде өзімдей қоңырқай, кейде асау, Есілім,

Ұстай алмай теңселдім екі дүние есігін.

Серттен тайған сәттерім, уа, опасыз күндерім,

Сұлап жатыр алдыңда көтере алмай сүлдерін.

Кешесің бе біздерді, кешпейсің бе, Есілім?

Ашармысың біздерге сегіз жұмақ есігін.

Қаһарланса Қаңтардай, еміренсе інгендей,

Айбатына басса егер барса келмес сүрлеудей.

Кіл кәуірдің қаптаған сөгіп өтіп көбесін,

Бас қалама қадаған қызыл сырлы жебемсің.

Аумалы да төкпелі күндерге айтып салауат,

Ат байладық арнаңа, ақ дәміңе Аманат!

Қайран, Есіл, дүние, енді өзіңе Аманат!

Ақсақ құлан

Қара қос,

Қараша үй,

Түрулі іргем,

Бұл күйді сезінбеппін бұрын мүлдем.

Мен кейде Ұлытауда оянамын,

Қаптаған құландардың дүбірінен.

Бір күйге бір күй келіп қосылады,

Домбыра тынып іштей тосылады.

Бірде ағын, бірде лағыл, бірде тасқын,

Көп сурет көз алдымда жосылады.

Мен солай күй ішінде көз ілемін,

Бұрқырап маңдайымнан бозінген үн.

Төбеңді бір көргенде, ей, Ұлытау,

Өзімді хан ұлындай сезінемін.

Астымда құлан текті тарпаң қандай,

Бөкен жақ, серке санды, арқар маңдай.

Ұлытау, мен де сенің бір бөлшегің,

Тасыңнан кертіп-кертіп жонған жандай.

Жоқшысы болғанан соң махаббаттың,

Алқымнан алар солай парасатты үн.

Бәрі де күні кеше болған сынды,

Ай қарап, жыл қайырып санамаппын.

Атасы ар жолында құрбан болған,

Хан Жошы қалың елге болған қорған.

Тарпаңның тұяғына тілкімденген,

Осы еді тарихтан алған олжам.

Жаралған екі дүние аңсарынан,

Осылай күй ағады саусағымнан.

Мына күй бұл пәнилік емес сірә,

Бүлкілдеп тұр ғой бақи ар жағынан.

Кейде күй көтерілген дауыл сынды,

Кейде күй жасыл қанат жауын сынды.

Құланның айғырындай азынаған,

Сол дауыс турайды әлі намысымды.

Күй кейде қоңыр белден ағатындай,

Күй кейде құзар шыңға шабатындай.

Арқада жортып жүрген құлан біткен,

Қайрылып Хан көзімен қарайтындай.

Бұл өзі әу басында күй-дастан ет,

Жосығын білгеннен соң сөз бастап ек.

Хан Жошы, кері құлан, сары дала,

Аспан жер ортасында арбасқан кек.

Өтті өмір, қалды өксіп бұл дүние,

Күй қалды, күймен бірге қалды кие.

Алты Алаш, тоғыз перне, қос ішек бар,

Қалғаны болса өзіңе жаппар ие.

Осылай тулап барып күй тынады,

Хан мен күй қос ішекте бұлқынады.

Әлде өмір,

Әлде өлім,

Арпалысы…

Шанақта соңғы бір дем тұншығады.

Шанақта соңғы бір дем үздігеді,

Сағаны бойлап сарын үзіледі.

Хан да емес, қараша емес, құлан да емес,

Қоңыр күй тулап-тулап көз іледі.

Сол күйден ен даланың көлі шалқып,

Сол күйді Бетбақтың бір шөлі тартып,

Қолыңда жаяу қалған домбыраң бар,

Тұратын қорғасынның демі аңқып.

Буыны қатып сірә бекімеген,

Талай күй көш жолында шетінеген.

Осы күй аруақтай жаңа ғана,

Ақымнан алқам-салқам түрегелген.

Кейде бал, кейде у ағып таңдайынан,

Кейде бақ, кейде сорға маңдай ұрған.

Осылай күй-шежіре тыныш табар,

Бақидың бебеулеген баурайынан.

Аққыз

Реквием

Күйге кісен салған кез, әнге бұғау тартылған,

Кербез, сұлу саусақтар, құрақтайын қырқылған.

Ер жақсысы түрмеде қапы қалған кез еді,

Кісінесіп кермеде аты қалған кез еді.

Домбырасы көсеу боп отта қалған кез еді,

Сәлдесі мен бүлдесі боқта қалған кез еді.

Алаштың ар-ұяты қалғып кеткен, мерезім,

Қазақтың бар мұраты қаңғып кеткен, кезеңім.

«Мұңқосбасар» секілді Қыздарбектен қалған бір,

Селеу семген Арқада, жусан өлген, солған гүл.

Әбди, Сембек, Бегімсал байлауында көгеннің,

Қызыл қырғын ішінен қайтқан бірі жоқ оның.

Ахметтің Аққызы «Жетім қызға» басқан шақ,

Содан бері бұл дала, тас меңіреу, жасқаншақ.

Аққыз тартқан сол бір күй өртеңге өнген гүл сынды,

Ақ шанақтың алауы өртенген бір күн сынды.

Қос ішекте от пен су арпалысқан секілді,

Туған жерін құс біткен аңсап ұшқан секілді.

Тарқамаған Мәдидің қайғысындай түнеріп,

Қос бұрымын бұлт отыр, бір тарқатып, бір өріп.

Басым бұлтқа тиер деп бұққан бұлау, күйім-ау,

Кесірім жұртқа тиер деп ыққан жырау, күйім-ау.

Көкбөрінің көзіндей жасыл, жақұт, күйім-ау,

Тағылмаған өңірге асыл, ақық, күйім-ау.

Тезек теріп тентіреп тартам деп пе ем мен сені,

Көн емшектей суалған сортаң деп пе ем мен сені,

Томағалы қырандай ашуыңды бер маған,

Тоқырауын, топаным, басуыңды бер маған.

Қасиетті бабамның ырғақтарын тонаттым,

Аманаттай киелі ардақты үнін жоғалттым.

Домбырамды көргенше, тұсаулы һәм құсалы,

Саған құйған қорғасын, мені жұтсын мысалы, –

Осылай деп Аққыздан қаралы күй төгілер,

Қаралы күй астынан қаһарлы үн көрінер.

Көн шанақтан сұр жебе суырғандай уыстап,

Кілең кербез әуендер көтерілер ту ұстап.

Күй қанатты пырақтар перне бойлап көсілер,

Ағытылып ажырғы, күйден кісен шешілер.

Аққыз тартқан сол бір күй өртеңге өнген гүл сынды,

Ақ шанақтың алауы көмкерілген күн сынды.

Сексен асқан ақ әжем бәрі-бәрін ұмытып,

Күйден күйге көшеді көкірегін жібітіп.

Домбыра алса қолына ұзатылар қыздай боп,

Шыңыраудың түбінен шығады үн… маздайды от.

Тежей алмай әлдене қос ішектің екпінін,

Басқа шауып, төске өрлеп, бара жатты кекті үн.

Бірте-бірте дүние табан асты қалдың да,

Бірде ұластың қайғыға, бірде ұластың зар мұңға.

Домбыраның құсасын, домбыраның наласын,

Сен естіме құлыным, сен естіме көгаршын.

Осылай деп ақ әжем бірде айналып тасқынға,

Осылайша ақ әжем лезде айналып жас қызға.

Домбыраңды ақ әжем бауырыңа бастың да,

Көз ұшында байланып бара жаттың аққуға…

«Бөкен жарғақ»

Байжігіттің «Бөкен жарғағын» тыңдаймын кейде

өзімді жоғалтып алмауым үшін

өзімді өзім ұмыт қалдырмау үшін пәниге.

Қарашығымнан үгіліп

алақанымнан уылжып тұратын сонда

тұтас бір дүние.

Ықылымнан келген осы бір күйде

не құдірет барын білмеймін.

Сақ заманынан қазып алған

тас домбыра сияқты

тұнжыраймын

не жыламаймын

не күлмеймін.

Уақыттан да алыс

Кеңістіктен де биік

отырамын ылғи

бір қияның астында

үстіме бөкен жарғағын киіп.

Сұлап жатамын сосын

өзім жонған сырлы жебеден

жон-арқам жібіп

маңдайым иіп.

Ол өзі де бір

жаратылыстан тыс әуен сынды

жеті саз бенен жеті ішекке де

сыймайтын.

Оңай ма өз болмысыңнан арылу

әйтпесе не бар дейсің

бұл тәркі дүние де

қимайтын.

Өзіңді өзің жоғалту үшін

ұмыту үшін біржола

«Бөкен жарғақты» тыңдағын сен де

өз рухыңнан ұрлана.

«Көкейкесті»

Қайрат Айтбаевқа

Ішімдегі әлдебір дүние үзіліп кеткен сынды…

жандүниемді жарып шыққан осы бір дауыс,

дауыс ішінде булыққан нала,

наланың үмітке

үміттің махаббатқа

Махаббаттың ғадауатқа ұласар тұсы, –

тоғыз перне үстінде тербеліп,

қос ішек бойымен шайқалар,

бейістің көкқанат құсы.

Алдымда жөңкілген дала,

артымда құлан жортпас құба дүз,

мен сол құба дүзге жалғыз құлынын қалдырып

бейуақта кісінеген құландаймын бүгін.

Шанақтай аспанның астынан саудырап

сансыз жұлдыздар сүңгісін қадайды маған –

ол да бір құласаң құтылмас жылым.

Мыңжылдар балбалтас бауырына орап,

қырық жыл киіз құндақта қымтап,

сартап болған сағынышын туған жер төсіне арқалап

құлаған жылқыдай

сарығым басылар бір күн.

Отты теңізді кешіп өткендей осы бір күйден соң

маңдайым бұрқырап

ажалға айтармын үкім.

Ажал…

түнімен күлге аунап шыққан көрттей

қос қабырғамды қарпиды менің.

ащы жусанның көкбұйра нілінде –

балқиды демім.

Дүн-дүние түп көтеріле көшкендей

біздегі далалық құлазу.

Басылмай қалды ақыр бір перне,

айтылмай кетті ақыр бір арзу.

Ішімдегі әлдебір дүние үзіліп кеткен сынды…

Қайда?..

қайраулы қалың қолды кейін қайырар

қара домбырамның мысы –

күміс қауырсындарыңмен жебей көр енді

Тәттіекемнің жаралы құсы.

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Франкфурттағы көрмеде «Көшпенділер ойыны» кітабы таныстырылды

Келесі жазба

Нұрғали Ораз. Таныс күлкі

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Франкфурттағы көрмеде «Көшпенділер ойыны» кітабы таныстырылды

Келесі жазба

Нұрғали Ораз. Таныс күлкі

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді
Әдебиет әлемі

Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді

17.04.2026
Орхан Памуктің салған суреттері
Әдебиет әлемі

Орхан Памуктің салған суреттері

15.04.2026
Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)
Әдебиет әлемі

Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)

15.04.2026
Келесі жазба
Нұрғали Ораз. Таныс күлкі

Нұрғали Ораз. Таныс күлкі

Франкфурт көрмесінде «Америка ашқан қазақтар» кітабы таныстырылды

Франкфурт көрмесінде «Америка ашқан қазақтар» кітабы таныстырылды

Төлен Тілеубай. Түлкілітаудың аспаны (повесть)

«Жазушы» әдеби порталы

©2026 «Жазушы» порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс
Яндекс.Метрика

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат

© Жазушы порталы