• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Нұртөре Жүсіп. Дүкенбай Досжан дидары

Нұртөре Жүсіп. Дүкенбай Досжан дидары

05.09.2025
- Әдебиет әлемі
Оқу уақыты: ~ 4 минут
A A
Нұртөре Жүсіп

Қазақ қара сөзінің зергері Дүкенбай Досжанның «Жусан иісі» деген кітабын жастықтың жанына қойып оқыған бала шағымызда қабырғалы қаламгермен жүздесеміз-ау, танысып, білісеміз-ау, аға мен іні болып достасып, сырласамыз-ау деген ой қаперімізге де кірмеген. Екеуміз бір Қаратаудың бөктерінде, қатар қоныс, қатпарлы мекенде тусақ та рухани кеңістікте ғана жолығысып, ара-тұра амандық-саулық сұрасқанымыз болмаса тонның ішкі бауындай аралас-құралас болмаған едік.

Бір күні жұмыс үстелімнің үстінде тұрған қара телефон безгек қаға шырылдады. Арғы жақтан «Айналайын, бұл Дүкенбай ағаң ғой» деген қоңыр үн естілді. «Басқа бұйымтайым жоқ, ертең келінді ертіп үйге кел» деп, мекенжайын айтты. Даңқты жазушының кабинеті қандай екен, қалай жұмыс істейді екен деген әуестікпен табалдырықтан аттағаным есімде.

«Міне, мынау менің кабинетім» деп орта бөлмеге бастады. Қабырғаны сықастырған, жазу үстелі қағаз бен кітаптардан майысқан кабинеттің орнына қарапайым құрақ көрпеше төселген, ешқандай жазу машинкасы жоқ, құс жастық қана жатқан бөлмеге таңырқай қарадым.

– Осында етпеттеп жатып жазамын, – деді Дүкең. – Барлық кітабымды солай жазғам…

Сол күнгі кездесуден бастап, өмірінің ақтық сағаты таусылғанша Дүкенбай ағамен үнемі байланыста болдық. «Жатып жазу» дағдысынан соңғы демі біткенше жаңыла қойған жоқ.

Белгілі ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Бейнет сусыны» деген еңбегінде «Ғабит Мүсірепов жазуға отырардың алдында қорабымен тұрған су жаңа қарындаштарды ұштайды екен. Егер де қарындаштың біреуінің ұшы сынып қалса, не көңіліндегідей әдемі ұшталмаса, әрі қарай жазуға ұмтылмай, сол сәтте орнынан тұрып кетеді екен. Ал олардың ізін басқан Дүкенбай Досжан барлық шығармаларын жерге етпеттеп жатып алып, жастықты кеудесімен бауырына басып жазған. Мұны аталғандардың барлығы да өздерінің «жұмыс дағдысы» ретінде көзі тірісінде көпке жария етті. Әгәрәки, усарымсақтың иісі мүңкіп тұрса, ит жетектегендер жоғалмаса, есік-терезе тығындалмаса, сақал-шаш бояйтын бояу табылмаса, радиодан дер кезінде жақсы ән берілмесе, қарындаштың бәрі морт болып шықса, төсеніш не жастық жайсыз болса, онда сол күні мұндай кірпияз мінездің иелері жазуға отырмас па еді, қайтер еді. Ғабит Мүсірепов бөлмесін тәрік етіп, серуенге шығады екен, жазатайым алдынан өзіне ұнамайтын адам кезіге қалса, сол күні міндетті түрде, ал кейде екі-үш күн жазу столына жақындамайды екен. Мұхтар Әуезов: «Осылар өстиді. Бұларда тәртіп жоқ. Тыңдаушыны сыйламайды» деп күңкілдеп біраз жүріп диктовкасын бастап кеткенін өзі де аңғармай қалатын көрінеді. Дүкенбай Досжанның мұндай жағдайда өзін қалай ұстайтынын сұрамаппыз. Мәткапылық деген сол», деп жазатыны бар.

Дүкеңнің дастарқанынан дәм татып, Сәуле жеңгеміздің сүт қатқан қою шәйін ішіп отырып, отбасы мүшелерімен түгел таныстық. Өзіміз туралы да хабар бергенбіз. Бір ғажабы, сол күннен кейін Дүкенбай аға әр хабарласқан сайын біздің үйдегі ұл-қыздардың бәрінің атын атап, түрін түстеп тұрып жағдай сұрасатын. Мұндай мұқияттылық өнегесі басқа замандастардан сирек көрінетіні де жасырын емес.

Дүкенбай Досжан – қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпқа алғаш түрен салған жазушылардың бірі. Қаламгердің тарих қойнауын ақтарып, «Жусан иісі» «Отырар», «Фараби», «Жібек жолы», «Құм кітабы» атты туындыларын жазуға не түрткі болды? Сыр өңірі ежелден тарихи оқиғаларға тұнған, Ұлы Жібек жолының бойындағы қаншама арпалыс, қанды жорықтардың куәсі болғаны белгілі. Азияның ұлан-ғайыр даласында тынымсыз жортуылдаған Кир мен Дарий шапқыншыларының беті осы маңда қайтарылды. Б.з.д III – б.з. І ғасырларда қаңлылар Қаратау мен Сырдарияның орта ағысында өз мемлекетін құрғаны белгілі. Ертедегі қытай деректеріне қарағанда, олардың тайпалық бірлестігі бес «кіші иеліктен» құрылған. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар үлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады. Атақты тарихшы C.П.Толстов археологиялық және жазба деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсеткен.

Қаңлылар өздері билік құрған кезеңде сыртқы саясатында Ұлы Жібек жолының Сырдария бойымен жүретін бөлігіндегі Ферғанадан Арал аймағына дейінгі бөлікті өз бақылауларында ұстауға ұмтылды және көздеген мақсаттарына жетіп отырды. Жаңақорған ауданы жерінен табылып отырған, бірақ әлі толық зерттелмеген обалар мен қорымдардың сонау сақ, қаңлы дәуірінің ескерткіштері болуы да мүмкін. Дүкенбай Досжан тап осы өңірде туып, ауасымен тыныстады, Қаратаудың етегіндегі шағын ауылда тас бұлақтың шәрбат суын сіміріп өсті. Оның шығармаларына арқау болған қарт Қаратау, сұлу Сыр, Жаңақорған, Шиелі, Түркістан өңірі қалың қатпарлы тарихқа куә, көптеген қала қарайған төмпешік түрінде ғана қалған.

Жаңақорғанмен қанаттас Күйкентай, Ақүйік, Қоспа, Ынтымақ, Ботасоқты, Ителгісай, Көлтоған, Жетітөбе тағы басқа да сақ заманындағы обалар мен қорымдар біздің заманымызға дейінгі VIII-IV ғасырлардағы ерте темір дәуіріндегі қоныстар екендігі анықталған. Талап ауылының солтүстігіне қарай 10,8 шақырым жердегі Тұрғанбай бауында табылған б.з.д. І мыңыншы жылдықтың аяғы мен б.з. III ғасыры аралығын қамтитын обалар (Тұрғанбай, Қабыланды, Бесарық), ерте темір дәуірін қамтитын 1-Күйкентай обалар қорымы, Қосүйеңкі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай қола, темір дәуірін қамтитын Ақүйік обалар қорымы, ерте темір дәуірін қамтитын 1-Шырағдан, Қоспа, Бөріойнақ, Ынтымақ, Қызылтау, Кұланшы, Жолөткен, Қырқым, Ботасоқты, Қаракемер, Ынтымақ, Қарынжарық, Мұртты обалы, Қыраш ауылының солтүстік-шығысында Құланшы өзенінің сол жағалауындағы Қаратас, Қырқым, Бірлік ауылынан солтүстік шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде табылған Көлтоған, Жылқықора, Ақсеңгір, Бастау, Құттықожа ауылының солтүстік шығысындағы Ақбастау дарбазасы, Күйікті, Қызылбұлақ, Бүркітті, Мұстапа, Шалқия ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жердегі Құрсаз, одан әрі Үсенбауы, Қоспа және тағы басқа Жаңақорған ауданы жеріндегі обаларға 1975-1980 жылдары С.Ақынжанов, 2005 жылы М.Елеуов бастаған археологиялық экспедициялар ұжымы барлау-қазба жұмыстарын жүргізіп, осы жерлердің тарихи мерзімін анықтап та берді.

Жаңақорған XVI-XVIII ғасырларда Дінқорған, Шепқорған аталған. Кейінгі зерттеу мәліметтеріне қарағанда, Жаңақорған орнындағы ең алғашқы қоныс біздің дәуіріміздің I-V ғасырларында пайда болған. Оның орны – қазіргі Құмсаба. Құмсабаның астында көне қалашықтың орны бар. Бұл жөніндегі пікірді қазақтың мәдениеті мен тарихына терең барлау жасап келген белгілі қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжан куаттап кетті.

Құмсаба кейінірек Құмкент деп аталған. Бұл жөнінде Дүкенбай Досжан «Жаңақорғанның тарихы» деген зерттеу мақаласында: «Махмуд Қашғарлықтың жазбасында Құмкент, Оғызкент, Сығанақ аталады. Тұман жазбаларында «Құмкент – Сығанақтың серігі» деген дерек бар. Қазіргі Құмкент деп жүргеніміз – Кұмсаба» дейді. Ал Әлкей Марғұлан «Оңтүстік жеріндегі көне орындар» атты кітабында: «Құмкент деп жұрт Қаратаудың бел ортасындағы Баба атаны, не болмаса Саудакентті шатастырып жүр. Құмкенттің географиялық орны Саураннан төмен, ұлы өзеннің бойында жатыр» деп жазуы Дүкенбай Досжанның тұжырымына негіз болған екен.

Қазіргі Жаңақорған кенті осы Құмсаба қалашығының орнында бой көтергендігін осы аталған деректер айғақтайды. Осындай тарихи өңірде туып, бала күнінен бір кездегі қорған қалалардың үйінді төбесінде ойнап өскен Дүкенбай Досжанның тарих ақтаңдақтарын ақтарып карауға деген құмарлығы ерте оянса керек. Дүкеңнің жақсы қасиеті: басқалар балақтан тартып, келеке етіп жатқанда да сабырлы қалпынан айрылмай, саусағының ұшын қаламға қажатып, ерінбей еңбектенетін; шаптан түртіп, шайтан айдап шаптыққандардың желбуаз сөздерін елемеуге тырысып бағатын. Зейнолла Серікқалиұлы Дүкенбай ағамыздың шығармашылығы туралы былай деп жазды: «Дүкенбай Досжанның ешкімге ұқсамайтыны, ешбір канон, қалыпқа сыймайтыны; сондықтан ба, кезінде қаламгердің сыншысы көп болды, бәсекелес, бақталас қатарлары да аямай тірсектен қағып бақты…».

Рас сөз. Сондай бір көңілі түскен уақытта сырласа қалғанда Дүкең жарықтық анасының сөзін мысалға келтіріп отырушы еді. «Мына дүниеде жақсы адамдар көп. Жер шарын ұстап тұрған да сол. Егер жаман адамдардың қатары көбейіп кетсе, жер бір жағына ауып кетер еді!». Ел дегенде елгезек еді. Жыл сайын туған жеріне ат басын тірейтін. Әкесі мен жасы жүзге жеткен анасының рухына арнап арнайы ас беріп, құран бағыштатқан кезінде пәнейі бір себептермен барып, қатыса алмаған едім. Алматыға арнайы келіп, біз сияқты жаман інілерін іздеп жүргені де күні кеше сияқты еді… Бізге жақсы Аға болды. Ал біз IHI бола алдық па?!.

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Қарлығаш Қабай. «Әлемде қанша жалғыздық қалғанын санай тұрармын»

Келесі жазба

Мұхамедәли Абдуллаев. Кәріптас

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Қарлығаш Қабай. «Әлемде қанша жалғыздық қалғанын санай тұрармын»

Келесі жазба

Мұхамедәли Абдуллаев. Кәріптас

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді
Әдебиет әлемі

17.04.2026
Орхан Памуктің салған суреттері
Әдебиет әлемі

Орхан Памуктің салған суреттері

15.04.2026
Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)
Әдебиет әлемі

Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)

15.04.2026
Келесі жазба
Мұхамедәли Абдуллаев. Кәріптас

Мұхамедәли Абдуллаев. Кәріптас

Әлемге әйгілі жазушылар туралы қызық деректер

«Бекзат. Шаршы алаңнан тыс өмір» кітабының тұсауы кесілді

«Бекзат. Шаршы алаңнан тыс өмір» кітабының тұсауы кесілді

«Жазушы» әдеби порталы

©2026 «Жазушы» порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс
Яндекс.Метрика

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат

© Жазушы порталы