• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қарлығаш Қабай. «Әлемде қанша жалғыздық қалғанын санай тұрармын»

Қарлығаш Қабай. «Әлемде қанша жалғыздық қалғанын санай тұрармын»

05.09.2025
- Поэзия
Оқу уақыты: ~ 3 минут
A A
Қарлығаш Қабай

БОКЕТТО

Ол –

Қаңырап қалған сарайлар мен

бос жатқан бақтардай куәгер,

Екі адамдық өмірде жалғыз оянған адам сияқты сотталушы..

Мың жыл кісенделген еркіндіктей қажетсіз

Яки бір түрменің ең алғашқы тұтқыны секілді тергеуші…

Кімнен келгені ұмыт болған гүл секілді иесіз,

Кімнен келгенін ұмытқыңыз келген гүл секілді азапты.

Жемқорлықтың ұлы ескерткішіне айналған жамау-жамау жолдардай аянышты.

Қылмыскер қоғамда өмір сүрген адамдай «жалғыз» болатын…

ӨМІР

Өмір –

Тұран 18 бизнес орталығының Тұран 18 мекенжайында орналасқаны секілді

мәнсіз…

немесе

Тұран 18 мекенжайында орналасқан болып шықпауы мүмкін екендігін ойлап, елегізгеніңдей

тосын…

ДЕФИНИЦИЯ

Ешқашан бір таңдауға айнала алмайтынын білетін – «кету»,

Шанышқы мен пышақтың табаққа жанасқанынан естілетін – жалғыздық,

Ең табиғи құқығымыз болып табылатын – жылау,

Ерікті бодандығымыз саналатын – сүю ,

және

Еркіндіктің жалғыз жолына айналған – базкешу…

Сонсоң

Мендегі саған айналған – «мен»…

Екі адамдық өмір

Ол

тым сұлу, тым еркін мемлекетте жалғыз қалу секілді күнәһар,

ұрланған әуендер мен тоналған ойларыңдай бөтен…

толқыны тәрк еткен теңіздей күңгірт

және

жағалаудан аттанған кеменің қимастықта қалған дәміндей ащы…

су бетінде сүзілген көлеңкеңдей жалаңаш,

жан адам бас сұқпайтын дүкен сынды қажетсіз…

ішіңдегі азанға айналған жалғыздықтай жүдеу…

немесе

«ішіңдегі жалғыздыққа» айналған азан үніндей туыс…

МОНАХОПСИС

бір үйіміз болса,

бәлкім жер шарында бір мекеніміз болатын шығар деп ойладық…

мекені болмағандардың үйі де болмайтынын естен шығарғымыз келіп…

Құссыз тор

Ол…

құссыз тор мен торсыз құстың да тордағы құстай аянышты екенін ұғынған ғалам сынды делсал,

саған айтылған сырлардай көмескі,

бозбаланың көзі шалған төрде ілулі қамшыдай қасіретті,

ошағанға айдалған жылқыдай шарасыз,

есігіңді қақпаған әндердей бөтен болатын…

КҮТУ

Еркіндік жайлы шыңғыруды үйрену үшін

Ән сабақтарына барсын құстар.

жүзу дәрістеріне де балықтар қатыссын.

Мен болсам,

Сөздердің ішіне тығылып үлгергенше ойлар,

Топыраққа құлап көз жұмғанша жаңбыр,

Жақындағанша теңіздің жолы,

Әлемде қанша жалғыздық қалғанын санай тұрармын.

РЕВОЛЮЦИОНЕР

Түнде жорылған түсің секілді,

немесе

Үстел басында қапсырылған тізеңдей,

табалдырық басқан бала мен босағаны керген қолдардай,

жұма күні жуылған кірің мен сейсенбіде бастаған шаруаңдай

және

терілмей қалған нан қоқымдары іспеттес

төңкерісшіл болатын ол.

Жаңбыр иісі

«жаңбыр иісі» десе,

есіне не түседі оның..?

«…қорықпа, жоғалтпайсың» десе,

ойыма не оралады менің…?

бәлкім

пернелерден алыстаса,

әуенінен айырылам деп үркетін саусақтардай… – аяныш..,

немесе

«мұңнан тұрғызылған мұнараға» қол соққандай… – шарасыздық..,

және

сен қатты сағынған екі әлем сенсіз жолыққандай… – күрсініс..,

әңгімесі таусылса, үнсіздігін бөліскен жұбайлардай… – құлшыныс…

немесе

жәй ғана тек жаңбырда жүзетін қағаз кемелер…

ОЛ

Саусағымен достарын санау арқылы

саусағымен жалғыздығын санап отырған құрбың секілді аңғал,

Қасіретке қойылған біздің ескерткіштердей ұмытшақ,

кітап толы үстелдің сезінген сезімдеріндей масаң,

немесе

жазғы кештерді еске алу секілді ересек.

бөлмеңді толтырған күз аңқыған гүлдердей қайшы,

және

жойылған бір тілдің сөздеріндей жетім.

Теңізде өлгендер үшін оқылған дұғалардай

қажетсіз…

немесе

қираған қораның артында қалған махаббат жайлы әңгімелер сынды ескі…

***

Ол –

Күтпеген жерден бір кітапты оқыған,

Күтпеген жерден бір әнді тыңдап,

бір уақытта сапарға аттанатын

адамдардың хикаясын жазатын..

Ол – «оның» хикаясын  жазатын…

бірі оралған, бірі тәрк еткендердің…

Сонсоң

Сүйікті шылымының жоқ екенін ойлай отырып,

Кей нәрсенің сүйілмегендіктен жасалатынын

есіне алатын…

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Ертұран Жұмақанұлы. Veritas. Ordo. Potentia. (Ақиқат. Тәртіп. Қуат.)

Келесі жазба

Нұртөре Жүсіп. Дүкенбай Досжан дидары

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Ертұран Жұмақанұлы. Veritas. Ordo. Potentia. (Ақиқат. Тәртіп. Қуат.)

Келесі жазба

Нұртөре Жүсіп. Дүкенбай Досжан дидары

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді
Әдебиет әлемі

Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді

17.04.2026
Орхан Памуктің салған суреттері
Әдебиет әлемі

Орхан Памуктің салған суреттері

15.04.2026
Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)
Әдебиет әлемі

Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)

15.04.2026
Келесі жазба
Нұртөре Жүсіп. Дүкенбай Досжан дидары

Нұртөре Жүсіп. Дүкенбай Досжан дидары

Мұхамедәли Абдуллаев. Кәріптас

Мұхамедәли Абдуллаев. Кәріптас

Әлемге әйгілі жазушылар туралы қызық деректер

Әлемге әйгілі жазушылар туралы қызық деректер

«Жазушы» әдеби порталы

©2026 «Жазушы» порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс
Яндекс.Метрика

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат

© Жазушы порталы