• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Шыңғыс Айтматов. Бүбүсара

Шыңғыс Айтматов. Бүбүсара

13.09.2025
- Әдебиет әлемі
Оқу уақыты: ~ 5 минут
A A
Шыңғыс Айтматов

Әр адамның өз пешенесіне жазылған тағдыры бар. Мынау ғалам қандай шексіз болса, ол да сондай шек-шетсіз, құпиялы да күрделі. Әркім өзінің өмір жолында бұйырған адамына жолығады. Бірігіп, әрқайсысы өз түсінігіндегі бақытын іздеуге аттанады. Қазірде естелікке айналса да, ойыңа түскенде, көкірегіңді шым еткізетін қимас сәттер біздің бастан да өткен.

Жасыратыны жоқ, студент кезде, жастық шақта би алаңында, той-томалақта талай қызбен танысқан болармыз. Ең бір тәтті сөздерді тізбелеп хат жазған, хат алған күндер де бастан өтті. Есіміңді шетіне әдемі жіптермен өрнектеп жазған сұлулар сыйлаған орамалдың қаншасын қалтаға салдық екен?! Күлесің, соған қарағанда сенің де қалтаңа талай орамал түскен-ау, шамасы… Бірақ бәрі жанды да, өшті. Гүл басына көбелектің қонып-ұшқаны сынды қас қағым сәт. Олар маған пәлендей әсер ете алған жоқ. Солардың ішінде өзінің жанымен де, тәнімен де, бүкіл бітім-болмысымен еркімді билеген бір сәулелі махаббат есімде қалып қойды. Әдейі іздеп кездескеніміз жоқ. Кездейсоқ табыстық…

Сол кездейсоқтық мен үшін барша мақсаттан да биік, жоғары еді. Ол – қырғыз өнерінің маңдайына біткен атақты бишісі Бүбүсара Бейшеналиева болатын… Әлі күнге түсіме еніп, елесімен жебейтін, көңілімді еліктіріп, өткен күндерге қиялмен болса да оралтатын сол қымбат бейнемен қалай кездескенім қазірге дейін көз алдымда.

50-жылдардың соңы. Мәскеуде оқу бітіріп, шығармаларым орталық баспасөзде жарияланып, ел аузына еркін ілінген шағым. Балтық флотында әскери қызмет етіп жүрген қырғыз жігіттеріне шефтік көмек көрсетейік деген оймен делегация жасақталды. Фрунзе қалалық партия комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Тұрдахун Усубалиев шақырып алып, делегацияның құрамымен бірге Ленинградқа жүр, теңізшілерге сый-сыяпатымызды көрсетіп қайтайық деген соң, қоса аттанып кеттім. Қырғыздың «Шолпон» деген классикалық балеті бар еді. Біздің алдымызда олардың да Балтық бойына сапар шегіп, Ленинград балетімен бірге фильмге түсіп жатқан тұсы екен. Небір ыстық жүздесулер өткіздік. «Шолпон» балетінде басты рөлді орындап жүрген Бүбүсара Бейшеналиевамен сол жерде алғаш рет кездестім. Мұның тағдырдың жазуы екенін кейін ұғындым. Жанымда екі-үш матрос бар моторлы қайықпен «Аврора» крейсеріне жақындап келгенімде, біздің делегация палубада тұр екен.

Орталарында ақша жүзі қуанышан гул-гүл жайнаған, сұңғақ та сымбатты Бүбүсара. Шашын теңіздің майда самалы еркелете тарап, бізге қол бұлғады. Бұрын бір-бірімізді сырттай білгенмен, онша таныс емес едік. Тез сырласып кеттік. Тіпті тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Сезіміміз от секілді тұтанды десем, сенбессің. Осы кезге дейін кездеспей қалай жүрдік екен деп таңғалыстық. Айналамдағы адамдар да, тіпті сайраған құс та, сыбдырлаған жапырақ та, теңіздің шулаған толқындары да көзіме басқаша көрінеді. Дүние бұрынғысынан шырайланып, құлпырып сала берді…

Ленинградтың ақ түндеріне шомылып, Нева бойлап қыдырған, армансыз сырласқан сол сәттер-ай! Елде қалған жеңгең мен екі бала да естен шыққандай, ғажайып бір сал дәуренді бастан өткердік. Сапар мерзімі біткен соң, делегация мүшелері елге жүріп кетті. Өзімнің кеткім жоқ, бөгеле бердім. Жүрегімнің жартысын Нева жағалауына қалдырып бара жатқан тәріздімін. Ақыры Мәскеуде жұмысым бар, пойызбен қайтамын деп сылтауратып, Ленинградта қалып, Мәскеуге екі-үш күннен соң аттандым. Іле-шала алып-үшып Бүбүсара да жетті. «Москва» қонақ үйінде бір күн, бір түн, екеуден екеу оңаша қалып, небір рухани түйсік табу, ыстық сырласу сәттерін бастан кештік. Қайта-қайта қоштасып, бір-бірімізді қия алмай, ақыры жұп жазбаған қалпымызда Бүбүсараны электричкамен Ленинградқа апарып салдым.

Орыс орманының көк шалғынды даласын көктей өтіп зулаған «Стреланың» үстінде тербеліп кетіп бара жатқан сол бір қайта айналып келмес шақтар есімнен әлі күнге дейін бір сөт көмескіленген емес…

Ленинградқа келген соң, Бүбүсара мені кері – Мәскеуге дейін шығарып саламын деп еді, өзім өтініш жасап, әрең тоқтаттым. Осыдан бастап, Бүбүсара қайтыс болғанға дейін он төрт жыл бойы алаулаған жүрек жалыны бір сәтке де бәсеңдеген жоқ. Өсек-аяңның өрті де осы жылдары бізді аямай шарпыды…

Бүбүсара Ленинградта оқып, білім алған, театр, кино мен әдебиетке келгенде ерекше зерек, парасат иесі еді. Мінезі мен көркіне өнері жарасқан біртума тұлғаның менің өмірім мен шығармашылығыма тигізген әсерін айтып жеткізу қиын. «Мың бір түннің» хикаясындай екеуінің ғашықтығын естімей қалған ешкім жоқ, ендеше не себепті қосылмады деген сауал туар. Мен емеурін танытсам, Бүбүсара ылғи да әңгіме бетін аулаққа бұрып, кешеуілдете беретін. Кездейсоқтық дегенді қойсаңызшы, екеуміздің де жаңадан алған пәтеріміз бір үйдің көрші подъезі болып шықты. Оңаша бір отырып сырласқанымызда, Бүбүсара: – Ачинов (фамилиям мен атымның алғашқы әріптерінен құрап алған есімі), ойынды оқып отырмын, – деп наздана кулімсірегенімен, жүзінде кіреуке мұң тұрды. – ІІІын ғашықтар қосылмайды деген бар ғой. Бәлкім, сол дұрыс та шығар, – деді енді ол ойлы кейіпке түсіп. –  Өйткені үйленгеннен кейінгі тірліктің күйбеңі ұлы сезімдерді жеп қояды. Махаббатымызды некеге байлап қайтеміз. Жұбайлық өмірді қай әйел аңсамайды дейсің.

Кейін аңғарсам, бұл Бүбүсараның менің шығармашылығыма кесірім тимесін деген тілекпен істеген әрекеті екен. Ол кезді өзің білесің, әйелімен ажырасқан адамды моральдық жағынан азды деген желеумен лезде есекке теріс мінгізіп жіберетін еді ғой. Не десек те, Бүбүсара менің жұлдызымның қашанда биіктен жана беруін ойлап, өзінің жеке бақытынан бас тартқан екен. Сабыр – ақылдың, сезім – жүректің иесі. Бір-біріне бағына бермейтін осы екі қасиетті ортақ мақсатқа жүгіндіріп, сырттай өзі сүйген адамға тілекші боп қалу – үлкен адамгершіліктің қолынан ғана келер іс.

Бір жолы Бүбүсара екеуміз ұшаққа мінбей, Мәскеуден Фрунзеге «Мәскеу-Алматы» жүрдек пойызымен қайттық. Екі адамдық оңаша, жайлы купе. Әдеттегідей ешкім телефон соғып, не есік қоңырауын қағып, мазаламайды. Барша әлемнен бөлектенген қалпы үш күн, үш түн қатарынан айтып тауыса алмас ертегідей ғажап дәурен кештік. Япырай, сондағы біздің сан салалы әңгімелеріміз, суыртпақтап жүректің терең түкпірінен тартқан, бұрын жан баласына тіс жарып, ашып көрмеген сырларымыз, өмірдің мәңгілігі мен баянсыздығы туралы, әдебиет пен өнердің күрделі қасиет-мінезі жайлы пікірлеріміз қандай жымдасып, бір-бірін толықтырып, жанымызды рақат сезімге бөлеп еді.

Өзіңе ойы, рухы, мінез-сана табиғаты, жан кеңістігі сай адам табудан артық бақыт жоқ екенін сол жолы тұңғыш рет өз жүрегіммен сезініп едім. – Ғасырға бергісіз күн болады. Ендеше, бұл – менің өмірімдегі ең бақытты күнім! – деді Бүбүсара да толқып. Өзара шексіз түсінік тапқан көңіл-күйімізді пойыз доңғалақтары да тынымсыз құптап, тастаққа салған жорғадай жұлқына дүрсіл қағады. Ауық-ауық терезеге үңіліп, табиғатты тамашалаймыз. Соңымызда орыстың жасыл ормандары қол бұлғап, қазақтың пейіліндей кең жазық даласы жарысып қалар емес.

Арал қаласына келіп тоқтағанда, вагоннан шығып, таза ауа жұттық. Теңіздің ол жылдары арнасы тартылмаған, айдыны толы шағы. Ерке толқындары күнге шағылысып, жарқ-жұрқ етеді. Одан бері Қызылорда, Арыс, Шымкент, Түлкібас…

Бүбүсарамен бірге жүрген қаншама жыл ішінде талай қалалардың мәдениет ошақтарында болып, тарихи жерлерін араладық екен? Немесе бір ғана Бішкек қаласын алайық. Кейбір үйлердің тұсынан, көше қиылысынан, белгілі мәдениет орындарының алдынан өткенде дәл сол арада қандай әңгіме айтқанымыз, күлгеніміз, қуанғанымыз, мұңайғанымыз – бәрі-бәрісі үтір-нүктесіне дейін есіме сап ете қалады. Өткенде екеуміз Қырғыз мемлекеттік Опера және балет театрына бір жиынға бармадық па? Жұрт назары басқада. Мен өз ойыммен әлекпін. Бүбүсараның өнердегі ешкім қайталай алмас асау, ерке дарыны осы театрдың сахнасынан қанат қақты ғой. Бүбүсараға қатысты талай оқиғалар бірінен соң бірі кимелеп, көз алдымнан кино таспасындай өтіп жатты. Сахнаға қарасам, нақ қазір аппақ аққу бейнесінде соншама ұзақ жылдар бойы қиял-ойымды тұтқындаған іңкәр сұлу мүсін шыға келіп, билеп ала жөнелетіндей.

Жалпы, мен Бүбүсара рухының көнермес, өзгермес, тірі, бірақ құпия естелігі сияқтымын. Ол бір сапардан ауырдым деп оралған. Артынша омыраудан түскен қатерлі ісік диагнозымен Кунцово ауруханасында жатты. Бір жарым жыл қатты қиналды. Айтудың өзі оңай емес… Кунцованың аумағына арнайы рұқсат қағазбен кіргізетін. Бүбүсарамен бір палатада дәл сондай дертке шалдыққан Кеңестер Одағының халық артисі Ольга Андровская да жатты. Менің алғашқы повестерімді өзінің «Новый мир» журналына басып, ақ жол тілеген, иманы салауат болғыр Александр Твардовский де осы қатерлі ісіктің тұзағына қармалған екен. Әр барған сайын көңілін сұрап тұрдым. Жүдеп, шаршап қалыпты. Артынша о дүниелік боп кетті.

Бүбүсара бірте-бірте семе берді. Орнынан көтерілуге де әлі жетпеді. Әдемі жүзі суалып, аялы да мейірімді көздерінің оты сөніп, шүңірек тартқан. Оның бұл фәнилік еместігін алғаш сезінгенімде, көз алдымда дүние шыр айналып, басайын десем, аяғым жерді таба алмай қалды. Ақыры жүріп-тұруының өзі күшке айналған соң, Бүбүсараны Фрунзе ауруханасына ауыстырды. Жұмыста да дегбір тауып отыра алмай, әлсін-әлсін аурухананы төңіректеймін. Тағдырдың қатал үкіміне іштей мойынсұнып жатқанымен, мен кіріп келгенде, Бүбүсараның суалған жанарында қуаныш ұшқыны жарқ ете қалушы еді. Бәлкім, бұл жанын жегідей жеген ауыр дертті маған сездіргісі келмегені, яғни мені қиналмасын дегендегісі болар. Ақыры, 1973 жылы 11 мамыр күні Бүбүсара мәңгілік көз жұмды.

Бүбүсара дүниеден озған соң көп өтпей Италиядан шақырту алдым. Түн ішінде кемемен Сицилияға беттедік. Ашық теңіздің үсті. Ай сүттей жарық, майда самал еседі. Алыста түрлі түсті жарқ-жұрқ еткен шамдар. Осы сәтте Бүбүсара екеуміз жақсы көретін бір музыка ойнап қоя берді. Толқынмен бірге тербеліп келе жатқан кеме үстіндегі жас та, жасамыс та әлгі әуеннің ырғағымен билей жөнелді. Көз жасыма ерік бере алмай, палубаға сүйенген күйі, сұлқ тұрып қалдым…

Теңіз, түн, ай, елсіз аралдар және көңілдің түнгі жалғыздығы. Қазірде де сол музыканы естісем болды, Бүбүсара есіме түсіп, өз-өзімнен толқып кетемін. «Кассандра таңбасы» атты романымның қаһарманы делегация құрамында Жапонияда болғанда түнде кемеде жүзіп келе жатады – онда да әлгі сурет, әлгі өткенді еске түсіру, жапон музыкасының әуендері шақыртқы болған күйзелістер. Сол көрініс Италия сапарымда өз басымнан кешкен, Бүбүсараны жоқтап, жалғыздықтың құрсауына қамалғандағы мұңды суреттер еді. Бүбүсарадан соң қаңырап, бос қалған көңілімді еш нәрсемен толтыра алмай-ақ қойып ем… Міне, енді керек кісіме кездестім… Иә, солай, менің өмірімде арманым боп кезігіп, азабым боп ажырасқан осындай махаббат болған. Жан күйзелісінен шыға алмай жүрген шағымда тағдыр Марияммен табыстырды. Көңілдің олқысы бүтінделгендей, жан жарасы жазылғандай сәулелі ғұмыр кешудемін. Шаңырақтың желбауындай үйелмелі-сүйелмелі Шырын атты қызымыз, Эльдар деген ұлымыз бар. Шешесі екеуміз, мейлі, олар өсе келе, қай мамандықтың иесі атанса да, ең алдымен, туған елге сәулесін түсірер қанатты перзент болса деп армандаймыз.

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Абдул Рахметов. Жансыз торғайдың үні.

Келесі жазба

Суреткер Сайын

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Абдул Рахметов. Жансыз торғайдың үні.

Келесі жазба

Суреткер Сайын

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді
Әдебиет әлемі

17.04.2026
Орхан Памуктің салған суреттері
Әдебиет әлемі

Орхан Памуктің салған суреттері

15.04.2026
Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)
Әдебиет әлемі

Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)

15.04.2026
Келесі жазба
Суреткер Сайын

Суреткер Сайын

«Әдеби панорамаға» қатысқан қаламгерлер қандай туындылар жазды?

Мұзафар Әлімбаев. Туа тұлпар мінген немесе қазақты ғаламға танытқан

Мұзафар Әлімбаев. Туа тұлпар мінген немесе қазақты ғаламға танытқан

«Жазушы» әдеби порталы

©2026 «Жазушы» порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс
Яндекс.Метрика

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат

© Жазушы порталы