• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Суреткер Сайын

Суреткер Сайын

15.09.2025
- Әдебиет әлемі
Оқу уақыты: ~ 4 минут
A A
Жайна Тұрарбек

«Жусан иісін» білмейтін оқырман кемде-кем. «Жабайы алманы» оқып, бір жадырап, бір жабырқамаған оқушы тағы да аз. Сайын Мұратбеков – сондай жазушы, аз, бірақ толымды туындылар бере алған бірегей талант. Атап отырғанымыз – жазушының кесек дүниелері ғой, ал «Қылау», «Райгүл», «Күсен-Күсеке», «Кәментоғай», «Менің қарындасым» сияқты мөлтек дүниелері қаншама. Бәрі де адам сезімімен ойнап, ішкі күйіңді алай-дүлей ағысқа бөлейді.

Жазушының қарындасы Майра Сапарғалиқызының айтуынша, Сайын үйдің тұңғышы болды, сондықтан ба бәріне қамқорлықпен қарап, ерекше мейірім танытыпты.

«Мінезі өте сыпайы да жайдарлы болатын. Қабақ шытып ашулану, жекіп ұрсу мүлде болмайтын. Біздің ауылда Ешкіөлмес деген тау бар. Сол таудың бөктерінде Сарыбиік дейтін жер бар. Сол жерде жабайы алмалар өсетін. Бұл бұрын Мұратбек бабамыздың қыстауы болған жер екен. Мұратбек жайлаудан түскен адамдарды сол жерде қонақ етіп, күтеді екен. Сол Сарыбиік – ағамның балалық жері өткен жері. Кейін соғыс кезінде шешендер, орыстар, немістер келе бастады. Сондай бір жоқшылық кезінде шешендер барып жаңағы жерден тобылғы шабады екен. Тобылғымен қоса басқа да жеміс ағаштарын қоса шабады. Сол кезде Мұратбек атына мініп барып, тоқтау салған деседі. Негізінде, Ешкіөлмес тауы сәл арырақта. Ал ағамның балалық шағы өткен жері Қызылжұлдыз деген жер болды. Соның бергі жағында Қоңыр деген колхоз бар еді. Сол колхозда біз тұрдық. Бәріміз сонда оқыдық. Ол кісі де сол Қоңырда оқып шықты. Кейін есейіп, ауылға келген уағында да Сарыбиікке ат басын бұрмай қоймайтын. Мысалы, бүгін кешке үйге келсе, тамағын ішіп, үйтіп-бүйтіп түн қарайып кетсе, таңертең ол кісіні көрмейміз. Таңғы төрт-бесте тұрып, үйден шығып кететін. Бәрі қайда кетіп қалғанын біледі де. Жаяудан-жаяу аяңдай отыра Қызылжұлдыздағы Сарыбиікке, жабайы алмаға барады. Содан таңғы шайға дейін қайтып келетін. Сол күнгі жабайы алма, ағамның жабайы алмасы әлі күнге дейін бар. Біз де жыл сайын оның туған күнінде сол жаққа барып тұрамыз. Балалық шағын еске аламыз», дейді ол.

Жазушының өзінің айтуынша, кішкентай кезінде атасы Мұратбек екеуі отын шапқан екен. Сексен төртке келген қария мен небәрі сегіз жастағы балақай күні бойы қарағаш шауып, отынды он екі шақырым жердегі ауылына сүйреп әкелетін көрінеді.

«Әрбір жазушының тумысы оның балалық шағында жатыр. Егер балалық шағында көргені көп болса, алған әсері мол болса сол алған балалық әсерінің бәрі өмірлік тәжірибеге айналады. Біздің ұрпақтың өмірі соғыс жылдарына тап келді. Ес біле бастаған шағымыздан әжелеріміздің, апаларымыздың, әпке қарындастарымыздың қасында болдық. Әкелеріміз, ағаларымыз соғысқа аттанып кеткен. Біздің төңірегімізде ер адамдар жоқ еді», деп еске алады жазушы.

Майра Сапарғалиқызының айтуынша, «Жусан иісіндегі» Аян – Сайынның ауылдас құрдасы болған Науқан есімді кісі. Расында, әкесі соғыста қайтыс болған, әжесінің қолында өскен жетім бала көрінеді. Ал аяғын сылтып басуы жазушының шығармаға қосқан көркемдігі сияқты. Науқан кейіннен ауылдың сауын фирмасын басқарып, колхозға елеулі еңбек сіңіріпті. Өз басы жалғыз болғанымен жанынан тараған он бес баласы бар екен. Өзі бертінде ғана дүниеден озса керек.  

«Ағамыз ауылға барғанда сол кісіге кіріп шығатын. Бір барғанында қызы келіп қолтаңбасын сұрайды. Сонда ағам бір кітапқа «менің әңгімемдегі прототип Науқан бауырыма» деп жазып кеткен екен. Ал осы «Жусан иісін» алып қарар болсақ, бәрі өмірден алынып, жас кезінде басынан кешкендері, өмірдің шындығы. Олардың соғыстан кейінгі күндері, соғысқа дейінгі жағдайлары, балалардың басына түскен ауыртпашылықты көрсете білген», дейді қарындасы.

Сайын Мұратбековтың «Менің қарындасым» әңгімесі 1957 жылы «Жұлдыз» журналында жарық көрді. 1961  жылы жеке кітап болып басылып шықты. Бұл шығарманы жазған кезде Майра Сапарғалиқызы сегіз жаста еді.

«Сайын ағамыздан кейін әпкеміз бар. Әңгіме жазылған тұста әпкеміздің жасы он сегіз-он тоғызда еді. Бұл әңгіме сол әпкемізге арналды деп ойлаймын. Ауылда еркін өскен қыздың образы арқылы бүкіл қазақ қызының қандай екенін көрсете білген шығарма болды деп білемін», деп толғанады.

Әрине, қаламгер достан кенде болған жоқ. Сайын жайлы жазылған естеліктер де көп. Әсіресе, белгілі жазушы Мұхтар Мағауин ғұмырбаяндық «Мен» романында және кейінірек жазған «Сайын екеуміз» эссесінде жазушының тұлғалық, творчестволық болмысына кеңінен тоқталады. Сол туындыларға қарап Сайынның Мұхтар Мағауинмен, Әбіш Кекілбаевпен, Әкім Таразимен, Қалихан Ысқақпен, Бердібек Соқпақбаев, Тахауи Ақтановтай бірегей тұлғалармен аралас-құралас болғанын аңғару қиын емес.

«Сайын аға өте әдепті адам еді. Еш уақытта артық сөз айтпайтын. Жылуын жастардан аямайтын. Бізді табыстырып кеткен «Таңғы шық» деген әңгімесі оның алғашқы шығармаларының бірі екен. Сондай бір мөлдір шығарма. Арада алпыс жыл өтсе де сол әңгімеден алған әсерімді әлі ұмыта алмаймын. Сайын ағаның суреткерлігінің сұмдығы сол, тіптен сонда жазылған сөйлемдерге дейін есімде қалыпты. Ол қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ суреткердің бірі болды. Махаббат жайлы роман-хикаяттар қазақ әдебиетінде жетіп асады. Соның ішінде біздің осындай әсермен оқығанымыз «Абай жолындағы» Абай мен Тоғжанның алғашқы кездесуі болды. Содан кейін Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» әңгімесі, одан соң осы ғажайып махаббатты жырлау Сайын Мұратбековтың қолынан келді», дейді белгілі жазушы Смағұл Елубай.

Ақын Нұрлан Оразалин «Сәкең ауылдың тамаша өмірін, ауылдың психологиясын, қазаққа тән кешегі Бейімбеттердің ақиқатын жаңаша қалаға алып келген» деген пікір айтады.

«Қала мен даланың арасындағы үлкен бір байланыстың дәл тамырын ұстап, сол шындықты жазды. Сәкең өмірде өте сырбаз кісі болатын. Әдебиетте қалай өзінің өзгеше өрісімен, үлгісімен келсе, өмірде де адам тануда да, адамның қасиеттерін бағалауда да біреудің ала жібін аттай қоймайтын үлкен сабырлы қасиетке бай адам еді», дейді ол.

Жазушының өзі бір сұхбатында «әдебиетті теорияға таңып тастауға қарсымын» деген көзқарасын білдіреді.

«Менде мәтіні «мен» деп басталатын «Менің қарындасым» деген әңгіме бар. Сол әңгімені «сен «Мен» деп бастайтындай Горький сияқты классик емессің» деп, сол кездегі «Лениншіл жастың» бір бөлім меңгерушісі баспай кері қайтарып бергені бар. Мұндай оқиғалар ол кездегі әдебиет төңірегінде жиі ұшырасатын. Әр жазушы шығармасын ең әуелі өзінің іште жатқан көңіл күйін, айтпауға болмас шерін тарқату үшін жазады ғой деп ойлаймын. Және сол жазғанын белгілі бір оқырмандар қабыл алса, олар да сондай көңіл күйді бастарынан кешірсе жазушының дегеніне жеткені. Жаңағы пәлсафаң да, дүниетанымың да, концепцияң да – бәрі соның ішінде болса керек. Жазылған шығарманың өресіне қарай оқырман да әр қиырды шарлайды, небір қилы ой өрбітеді. Ал, жалпы алғанда, мен әдебиетті теорияға таңып тастауға қарсы адаммын. Ең бастысы, әдебиет шынайы болуға тиіс», деп қорытады Сайын Мұратбеков.

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

Шыңғыс Айтматов. Бүбүсара

Келесі жазба

«Әдеби панорамаға» қатысқан қаламгерлер қандай туындылар жазды?

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

Шыңғыс Айтматов. Бүбүсара

Келесі жазба

«Әдеби панорамаға» қатысқан қаламгерлер қандай туындылар жазды?

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді
Әдебиет әлемі

17.04.2026
Орхан Памуктің салған суреттері
Әдебиет әлемі

Орхан Памуктің салған суреттері

15.04.2026
Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)
Әдебиет әлемі

Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)

15.04.2026
Келесі жазба
«Әдеби панорамаға» қатысқан қаламгерлер қандай туындылар жазды?

«Әдеби панорамаға» қатысқан қаламгерлер қандай туындылар жазды?

Мұзафар Әлімбаев. Туа тұлпар мінген немесе қазақты ғаламға танытқан

Үздік шыққан үш жазушы қазір не жазып жатыр?

Үздік шыққан үш жазушы қазір не жазып жатыр?

«Жазушы» әдеби порталы

©2026 «Жазушы» порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс
Яндекс.Метрика

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат

© Жазушы порталы