• Кіру
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
«Жазушы» әдеби порталы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Абдул Рахметов. Жансыз торғайдың үні.

Абдул Рахметов. Жансыз торғайдың үні.

12.09.2025
- Проза
Оқу уақыты: ~ 4 минут
A A
Абдул Рахметов

Маусым айының соңында «ӨзгеEpic» креатив хабтың ұйымдастыруымен Орал қаласында бір апталық шығармашылық курс жүргіздім. Ең әуелі түрлі мамандықтар бойынша дәріс оқитын менторлар сабақ алуға келген топтың алдына шығып, бір аптада не айтып, не талқылап, талаптылары қандай нәтижеге жететіні туралы қысқаша баяндады. Сөйтіп, біздің курсқа әдебиетке әуес он адам жазылды. Негізгі мақсат – көркем шығарма жазу, соның ішінде әңгіме, эссе жазудың негізгі, қарапайым тәсілдерін білу, сюжет құру. Сурсымыздың арқасында қағазға түскен шығармалардың бірі – Абул Рахметовтың «Жансыз торғайдың үні» әңгімесі. Абдул төселген, мәдениет саласының мықты маманы. Міне, қара сөздің де айдынына қайық салып жатқан жайы бар. Сәттілік тілеймін!

Ұларбек Нұрғалымұлы

Жыл сайын жазғы уақытта отбасымызбен Қазақстанның әр қаласына қыдырып бару – біздің үйдің дәстүріне айналған. Биыл да кезекті еңбек демалысымды алып, отбасыммен Астана қаласына қыдырып бардық. Қаланың көрікті жерлерін аралап жүріп, ұлттық музейге бас сұқтық. Ойым төрт жасар ұлыма ұлтымыздың тарихын таныстыру.

Ескі қалалардың макеттері, одан табылған заттар, әсіресе Алтын адам ұлыма ерекше әсер қалдырды.

Барлық залды аралап болып, төменге түстік. Ол жерде ұлттық киімдер мен қолөнер бұйымдарын сататын сауда қатары ұйымдастырылған екен. Мен төрт жасар ұлымның Алтын адамды сәби санасымен қабылдап, оны мақтанып айтып келе жатқанына марқайып, бір жасар қызымды қолыма көтеріп алда келемін. Ұлым анасымен артта. Кенет құлағыма өте таныс, өте жақын дыбыс естілді. Бұрылып артыма қарасам жолдасым ұлыма қыштан жасалған ойыншық торғай алып беріп жатыр. Баламның қуанышында шек жоқ. Мен бұл ғажайып сәттің қандай құдіреттің күшімен қайталанып тұрғанына қайран қалып тұрмын. Менің өмірімдегі ең ыстық сәт қайталанып тұр. Отыз жылдан кейін. Тек анамның орнында – жолдасым, менің орнымда – ұлым. Бала кезімді киноның лентасындай қайта алдыма әкелген Алланың құдіретіне таң қалып, шүкір айтып, ұлым мен қызымды құшағыма қыса бердім, қыса бердім. Жолдасым ештеңені түсінбейді. Себебі мен бұл бала кезімдегі оқиғаны оған айтпап та едім. Қалың ойдың орманына сіңіп кеткен мен қасыма келген жолдасымның қолын қалай ұзақ қысып тұрғанымды да байқамай қалыппын. Бәрі, бәрі маған тылсымнан қанат бітіріп, өткеніме, балалығыма, ауылдағы шағын үйдің думанды ауласына қалықтатып алып кеткендей болды…

Жаз шықса біздің үйдің ауласы шағын концерт алаңына айналатын. Әкем домбырасын қолына алып «Адай», «Балбырауынға» салғанда біздің үйдің үшеуі мен көрші үйдің үш жүгірмегі ауланы айнала шаңын шығара шаба жөнелгенде, кәсіби бишілерден кем түспейтін би қойылымдарын сомдайтынбыз. Ал анам екеуі қосылып ән бастаса алтаумыз алты жерден жамырай әндетіп, ансамбль құра салатынбыз. Сондай көңілді кештердің бірінде мен қатарлас көрші бала қолына сыбызғыға ұқсас ойыншығын әкеліп, өзінше әнге үн қосатын. Мен сол көрші баланың ойыншығына қатты қызығатынмын. Кейде ауланың жанынан өтіп бара жатқан ауыл адамдары да қосыла кетіп, үлкен кешке ұласатын. Бұл жаз шықса біздің ауланың қайталанып тұратын көрінісі.

​Мен ес білгенде әкем ауылдың автолавкасын айдады. Ол кезде үнді шәйі, шыны бөтелкедегі лимонадтар, үлкен қаңылтыр ыдыстағы повидло дегендер тек байдың жейтін асы секілді көрінетін бізге. Әкем айдайтын автолавканың буткасында жәшіктеп жатса да бізге татырмайтын. Балалықпен қызығып, сұрай қалсақ, «Үкіметтің заты, тимеңдер. Әр заттың есебі бар!» деп жақындатпайтын. Біз де бір айтқасын қайта айналып келіп сұрамайтынбыз.

Әкем сегіз ағайынды. Аға-бауырлары мен апаларының бәрі оқу оқып, тұрмыс құрып, үлкен қалаларға кеткенде ата-әжемнің қолында, қара шаңырақта әкем ғана қалыпты. Кейін анам екеуі біз есейіп үйлі болғанша сол қара шаңырақта тұрды. Анам да сол шаңырақтан мәңгілік мекеніне аттанды.

Анам мінезге өте бай адам. Мен үйдің кенжесі болғасын ба, қалаған затымды қарызданып болса да алып беретін. Балалық шағым тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, өтпелі кезеңге тап келді. Ойыншық атаулы ауылға көп келе бермейтін. Ал аудан орталығына бару біздей балаға арман болатын. Қала деген тек қиялымызда ғана. Қарабайыр тірлік кешіп жүргенде, әкемнің туған күніне бауырлары Газ 69 автокөлігін сыйға тартты. Немістің көлігіне ұқсайтын. Артқы жағында қарама қарсы ұзын екі тақтай, алдында екі отырғышы бар. Сол кезеңде ауылда жұмыс орны жоқ. Совхоз тараған, қиын кезең. Әкем сол көлігімен аудан орталығына кісі тасуға шықты. Мен сабақтан келісімен, терезеден әкемнің көлігін күтіп, қанша адам түскенін санап тұрамын. Ондағы ойым әкемнің табысын есептеу. «Көліктен алты адам түсті, жиырма теңгеден жүз жиырма теңге. Жақсы пайда. Бес теңгесін маған берсе, ойымдағы ойыншығымды алуға ақшамды жинай түсем» деп терезенің жақтауына сүйеніп тұрып жоспар құрып та үлгеремін. Пайданы ойша шығарып, анама келіп «Әкем осынша ақша тапты, осынша адам әкелді» деп сайрап беремін. Бірақ әкемнің табысы мен ойлағаннан әлдеқайда кем болып шығады. Сөйтсе, кейбір ауылдастар рахметін айтып түсіп кете береді екен. Әкем де жолақысын сұрамайды. Анам да әкемнің тірлігіне араласпайды.

Бір күні сабақтан келсем, анам «Тездетіп тамағыңды ішіп ал. Әкеңмен аудан орталығына барамыз» деді. Ондайда тамақ жүре ме? Асығыс-үсігіс аузыма бірдеңені тыққандай болып, атып шықтым. Ойым көлікке отырып, ұзақ жолға шығу. Бала кезімде жолға шыққанда әкем мен анамның ортасында отырып, электр бағаналарын санап, ұшы-қиыры жоқ далаға көз тастап отырғанды қатты ұнататынмын. Әскердің тәртібіне әбден үйренген солдаттардай жүрісінен жаңылыспай бірінен соң бірі алдыма келетін бағаналар ұзақ жолға сәттілік тілеп, тік тұрып шығарып салатындай көрінетін. Бұл жолы да тап солай, алдыңғы екі орындықтың ортасында бағана санап келем. Тек әкемнің жанындағы алдыңғы орында анам емес, ауылдың үлкен ағайы. Анам артқы тақтай отырғышта отыр.

​Аудан орталығына жеттік. Барған сайын анам бауырларын түгендеп, айналып соғып шығатын. Ауылдан әкелген ауысқан ұн, шайларын бәріне тең бөліп беретін. Орталыққа келгенде үнемі жүретін маршрутымыз белгілі. Нағашыларымның үйін аралап біткесін, бағытымыздың нүктесі тор базарға келіп тіреледі. Бұл – аудандағы үлкен сауда орны. Жанға керектің барлығын осы жерден табасың. Әкем мен анам азын-аулақ ақшасына үйге керек-жарағын, қаладағы студент ағам мен апама қажетті оқу құралдары мен киім-кешегін алды. Анам алам деген заттарын алақандай қағазға жазып шығыпты. Алғандарын қарындашымен сызып жүр. Анау бетте жазылған тізімнің барлығы сызылып, базардан шыға бере ерінін қып-қызыл етіп бояған (бала болсам да маған ерсі көрінді) орта жастан асқан әйел адам анамды тоқтатып «Балаңа алып берсеңші» деп қолына қыштан жасалған торғайды алды да, торғайдың құйрығын аузына қыстырып үріп жіберді. Сол сәтте ішіне су құйылған жансыз торғайға жан біткендей, шырылдай жөнелді. Балалық құмарлық па, әлде жансыз торғайдың үні жанымның пернесін шертті ме сол ойыншықты алам деп қиғылық салдым. Қиғылық салдым деймін-ау, анам да қарсылық білдірместен, алып берді. Сол күннен бастап қыш торғай көпке дейін біздің ауланы сиқырлы үніне бөлеп тұрды.

Кейін әкем мен анамнан тарады ма, торғай үніне ғашықтық ұлы өнерге, музыкаға жол ашты ма кәсіби әншіліктің оқуын тәмамдап, үлкен сахнада өнер көрсетіп келемін. Кішкентай жансыз торғайдың үніне деген іңкәрлік үлкен өнерге, үлкен сахнаға алып келді мені.

Міне, тарих қайталанады дегендей, тәтті сағынышты сәттер, бақытты сәттер қайталанады екен. Тек сағынатыным сол кездегі ауыл кешін думанға бөлейтін ауламыз, балалығымның естелігі, сиқырлы үнді қыш торғайым, бақытты балалығым және мәңгілік сағынышым ауылдың шетіндегі қорымда қалған, ардақты АНАШЫМ.

Сол кездегі жолақысын төлей алмай, есесіне алғаусыз алғысын білдіріп, батасын берген ауылдастардың тілегі қабыл болды-ау деймін, қазір әкеміз ортамызда, үшеуміз де бір-бір үйлі отбасылы болдық. Жазғы демалыста үлкен үйге жиналып қалғанда біздің балаларымыз ауланы думандатып жүреді.

FacebookVKX (Twitter)WhatsAppTelegramE-mail
Алдыңғы жазба

«Бекзат. Шаршы алаңнан тыс өмір» кітабының тұсауы кесілді

Келесі жазба

Шыңғыс Айтматов. Бүбүсара

БөлісуБөлісуТвитергеЖолдауБөлісуЖолдау
Алдыңғы жазба

«Бекзат. Шаршы алаңнан тыс өмір» кітабының тұсауы кесілді

Келесі жазба

Шыңғыс Айтматов. Бүбүсара

ТАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛУЫ МҮМКІН
Сұлтан Раев: «Күн қармаған бала» менің әдебиеттегі жолымды ашып берді
Әдебиет әлемі

17.04.2026
Орхан Памуктің салған суреттері
Әдебиет әлемі

Орхан Памуктің салған суреттері

15.04.2026
Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)
Әдебиет әлемі

Илья Жақанов. Тәңірберлі Молдабай (Эссе-элегия)

15.04.2026
Келесі жазба
Шыңғыс Айтматов. Бүбүсара

Шыңғыс Айтматов. Бүбүсара

Суреткер Сайын

Суреткер Сайын

«Әдеби панорамаға» қатысқан қаламгерлер қандай туындылар жазды?

«Әдеби панорамаға» қатысқан қаламгерлер қандай туындылар жазды?

«Жазушы» әдеби порталы

©2026 «Жазушы» порталы

  • Біз туралы
  • Редакция
  • Байланыс
Яндекс.Метрика

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Әдебиет әлемі
    • Аудиокітап
    • Киберқалам
    • Дайджест
  • Проза
  • Поэзия
  • Жаңа кітаптар
  • Көзқарас
    • Оқырман ойы
    • Сұхбат

© Жазушы порталы